Ветеринария факультеті



бет113/131
Дата14.04.2022
өлшемі254,94 Kb.
#31018
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   131
Байланысты:
сойыс умкд -новый

Электрмен есеңгірету. Құсты электр тоғының әсерімен есеңгірету еңбек өнімділігін арттырудың бір көзі болып табылады. Ол автоматты түрде жүзеге асырылады. Электр тоғын құс денесіне жеткізу үшін темір қаптама немесе су пайдаланылады. Темір қаптамалы қондырғыларда ток кернеуі 550-950 В есеңгірету уақыты тауық, балапан, балғын тауық, мысыр тауығы және оның балапаны үшін 20 сек, ал қаз, үйрек, күрке тауық және олардың балапандары үшін - 30 сек. Түйістіру ортасы үшін су пайдаланылатын болса тауық, мысыр тауығы және оның балапандары үшін кернеуі 90-110 В, ал су құстарын және күрке тауықты есеңгірету үшін кернеуі 120-135 В ток қолданылады. Есеңгірету уақыты 6 сек.

Құc сою. Құсты сою барысында оның толық қансыздануын, бауыздықтың былғанбауын және қауырсынның оңай жұлынуына жағдай жасалуы қажет. Құсты қансыздандыру екі түрлі әдіспен жүргізілуі мүмкін. Бірінші тәсіл ауыз қуысы арқылы бауыздау. Ол үшін, сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен басы төмен қарап, салбырап асулы тұрған құстың құлақ түбінен қысады. Оң қолымен құстың ашық тұмсығы арқылы өткір жіңішке пышақты ауызға енгізіп, таңдайдағы қан тамырларын тіліп жібереді. Сонынен қатар, пышақ ұшымен мишыққа (мозжечок) әсер етсе қауырсынды ұстайтын еттер босайды, яғни кейін қауырсынды жұлу жеңілдейді. Тауық, мысыр тауығы балапандарын қансыздандыру 1,5-2 мин. ал үйрек, қаз, күрке тауықты қансыздандыру 2,5-3 мин. созылады. Бұл әдістің тиімділігі жарақат ауыз қуысында болғандықтан, алынған құс ұшасының тауарлық сапасының жоғары болуында. Ал, кемшілігі миға әсер еткендіктен, онда микробтардың еніп, тез көбеюі және ауыз куысында қалған қанды түгел тазалаудың киындығы, яғни бұл жерде микробтардың көбеюіне мүмкіндік туады да, еттің тез бұзылуына әсерін тигізеді. Бауыздаудың екінші әдісі бойынша, сол қолмен құстың басын ұстап, мойынын сәл бұрайды да, су құстарының құлағынан немесе құрғақтағы құстардың сырғалығынан 15-20 мм төменірек жерден теріні тіліп, артериялық және веналық күре тамырларды кесіп жібереді. Бұл әдіспен құсты сою тез және оңай, сондықтан кұс союды механикаландыруға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет