Өзі және өзінің жағдайы, көңіл көйі туралы түсініктерін кеңейту.
Өзінің дене мүшелерінің кейбір қызметтерін (бас, құлақ, ауыз, тіл, тіс, қол,аяқ) түсінуге үйрену. Өзіне деген сенімділігін нығайтып құрметі мен дербестігін дамытуға мүмкіндік туғызу.
1
2
Адам- тіршілік иесі
Әлеуметтік орта
Өзіңнің адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне (басы, қолы, аяқтары, тері және шаш қабаты, көздерімен шаштарының әртүрлілігі) қарап ажырата білуге үйрету.
1
3
Менің отбасым
Әлеуметтік орта
Балалардың өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеуге ынталандыру. Өзінің отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап,
олардың ата-аналарының қамқорлық жасайтыны туралы білу, түсіну.
1
4
Қош келдің, Жаңа жыл!
Әлеуметтік орта
Жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеуді үйрету, оны өткізуге дайындыққа қатысу ниетін тәрбиелеу. Жаңа жыл қонақтары мен ертегі кейіпкерлері туралы түсініктерін бекіту.
Балабақша ішінде орналасқан жатын бөлме, асхана, ас үй, кір жуатын т.б. бөлмелермен таныстыру. Әр бөлмедегі жұмыс туралы, оған қажетті құрал саймандардың атын, неден жасалғандығын айту, көрсету, түсіндіру. Балабақша ішінде орналасқан бөлмелермен кабинеттерді салыстыруға үйрету. Қайда? Кім? Қандай? Не істейді? Сұрақтарына дұрыс жауап беру.
Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Шығыс халықтарының Жаңа жылы екендігін түсіндіру. Наурыз көже, ұлттық ойын түрлері т.б. туралы айту.
1
8
Ғарышқа сапар
Әлеуметтік орта
Адамдардың ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапарлары туралы түсінік беру.
Қазақтың тұңғыш ғарышкерлерімен таныстыру. Бақылау жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізу іскерліктерін жетілдіру.
1
9
Мен тұратын қала(ауыл)
Әлеуметтік орта
Өз мекен жайлары мен тұрғылықты қаласының атын білуі. Қаланың сәулетті орындарына саяхат жасау. Өзі тұратын қаланың сәулеті, мәдениет орындары тураы түсінік беру.