Бақылау сұрақтар?
1.Мал дәрінерлік санитариялық сараптаудағы лимфа түйіндерінің маңызы?
2.Ірі қара мал лимфа түйіндерінің топографиясы
3.Қойдың лимфа түйіндерінің топографиясы
4.Шошқаның лимфа түйіндерінің топографиясы
5.Жылқының лимфа түйіндерінің топографиясы
6.Түйенің лимфа түйіндерінің топографиясы
7.Бас лимфа түйіндерінің орналасуы
8.Ұшаның негізгі лимфатүйіндері
15-16 тақырыбы.Ешкі малы лифма түйіндерінің орналасу реті. Бас,ұша мен ішкі мүшелерді ветеринариялық санитариялық сараптау
Сабақтың мақсаты: ешкі малы лифма түйіндерінің орналасу реті. Бас,ұша мен ішкі мүшелерді ветеринариялық санитариялық сараптауды меңгеру
Әдетте ағзалар мен ұлпалардағы үрдістерге байланысты лимфа жүйесіндегі сөл тамырлары мен сөл түйіндерінде әр-түрліөзгерістер байқалады. Бұндай өзгерістер, әдетте мал ауруының бастапқы кезеңінде-ақ орын алады. Лимфа түйіндеріндегі өзгерістердің көпшілік уақытта белгілі бір ауруды сипаттайтын және соған тән болатынын атап өткен жөн.
Сүт қоректілердің лимфа жүйесі-сөл тамырлары мен сөл түйіндерінен құралады. Сөл тамырлары жеке ағзалар мен ұлпалардың ұлпа аралық кеңістігінен ұсақ түтікше тәрізді болып басталып, қосыла келе ірі тамырларға, жеке діңгекке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |