Бақылау сұрақтар:
1 Малды қабылдау ережелері
2 Малды сояр алдында қарап тексеру
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Қырықбайұлы С., Телеуғали Т.М. «Ветсансараптау практикумы», Алматы, 2013 жыл.
2.Горегляд Х.С. В.А.Макаров и др. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства. Издательство Колос. М-1988г.
13-14-сабақтың тақырыбы. Түйе лифма түйіндерінің орналасу реті. Бас,ұша мен ішкі мүшелерді ветеринариялық санитариялық сараптау
Сабақтың мақсаты: ірі қара малы лифма түйіндерінің орналасу реті. Бас,ұша мен ішкі мүшелерді ветеринариялық санитариялық сараптауды меңгеру
Әдетте ағзалар мен ұлпалардағы үрдістерге байланысты лимфа жүйесіндегі сөл тамырлары мен сөл түйіндерінде әр-түрліөзгерістер байқалады. Бұндай өзгерістер, әдетте мал ауруының бастапқы кезеңінде-ақ орын алады. Лимфа түйіндеріндегі өзгерістердің көпшілік уақытта белгілі бір ауруды сипаттайтын және соған тән болатынын атап өткен жөн.
Сүт қоректілердің лимфа жүйесі-сөл тамырлары мен сөл түйіндерінен құралады. Сөл тамырлары жеке ағзалар мен ұлпалардың ұлпа аралық кеңістігінен ұсақ түтікше тәрізді болып басталып, қосыла келе ірі тамырларға, жеке діңгекке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |