Ветеринария факультеті


-сабақтың тақырыбы. Ұшаны және ағзаларды ветеринариялық-



бет131/131
Дата14.04.2022
өлшемі254,94 Kb.
#31018
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
Байланысты:
сойыс умкд -новый

35-сабақтың тақырыбы. Ұшаны және ағзаларды ветеринариялық-

санитариялық сараптау техникасын және әдістерін меңгеру
Сабақтың мақсаты: Әр түлік мал ұшасы мен ағзаларының сараптау техникасын және әдістерін меңгеру

Сабақтың мақсаты:Тексерілген ағзалардың біреуінен патологиялық өзгерістер байқалса, осы нөмір арқылы малдың ұшасы мен терісін, т.б. ағзаларын тез тауып алады.Ірі қараның бір жерде басы, екінші жерде талағы, өкпе-бауыр, жүрегі, үшінші жерде ұшасы мен бүйректері қаралады. Төртінші орында күдік туғызған ұша мен ағзалар соңғы рет тексеріледі.

Шошқаны бауыздағаннан кейін терісін сыпырмастан бұрын бастың лимфа түйіндерін тіліп қарап, топалаңға тексереді. Кейін басын, ағзаларын, бұлшық еттерін цистицеркозға тексереді. Ұшасы соңғы рет мұқият қаралады. Қой мен ешкінің, бұзаудың басы ең соңынан қаралады, ал ағзалары мен ұшасын тексеру әдістері ірі қара малдың ұшасы мен ағзаларын тексеру әдістеріне ұқсас.

Мал дәрігерінің жұмысын жеңілдету үшін малдың басы, ағзалары белгілі бір орынға ілінеді. Тексеру барысында лимфа түйіндеріне ерекше көңіл бөлінеді. Олар организмдегі патологиялық өзгерістерге байланысты алғашқы реакция береді. Қандай малдың, қай органдардың қандай аурумен зақымданғанын, қаншама ағзаның, қандай себеппен браққа шығарылғанын журналға жазып қояды. Бұл журнал құнды документ, сондықтан ол бірнеше жыл бойы сақталады. Өте қауіпті жұқпалы ауру анықталса, бұл туралы мал әкелінген шаруашылықтың мал дәрігеріне дереу хабарланады. Ол ауруға қарсы жүргізілген шараларды жүзеге асырады. Топалаң мен трихинеллез, т.б. адамға қауіпті аурулар кездессе, жергілікті мал дәрігерлмерімен қатар, сол жердегі медицина қызметкерлеріне де міндетті түрде хабарлау керек.
Бақылау сұрақтар?

1.Әр түлік мал ұшасы мен ағзаларының ветеринариялық-санитариялық сараптау техникасын меңгеру

2. Әр түлік мал ұшасы мен ағзаларының ветеринариялық-санитариялық сараптау әдістерін меңгеру

3.Әр түлік малды ветсансараптау ерекшеліктері



Қолданылатын әдебиеттер:

1. Қырықбайұлы С., Телеуғали Т.М. «Ветсансараптау практикумы»,Алматы, 2007 жыл.



2.Горегляд Х.С. В.А.Макаров и др.Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства. Издательство Колос. М-1981

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет