Тақымдық лимфа түйіндері- санның қалың етінің арасында балтыр бұлшық еттерінің үстінде жатады. Лимфаны артқы аяқтың терісі, еттері, сіңірлерінен жинайды да, жамбас немесе шонданай лимфа түйіңдеріне ағызады.
Шаптың үстіңгі лимфа түйіндері- еркек малда жыныс мүшесінің қасында жатады, ал сиырда желінінің үстінде орналасқан. Лимфаны құрсақтың көк еті мен терісін және сан мен тірсектің ішкі жақтағы терісі мен еттерінен жинайды. Жиналған лимфа мықынның дөңгелек лимфа түйіндеріне ағады.