Ірі қараның лимфа түйіндері. Бастың ЛТ.Шықшыт лимфа түйіні - сопақша келген, ұзындығы 6-9 см, жақ буын-ынан сәл төмен орналасқан, арт жағынан шықшыт сілекей безімен жабылса, алдыңғы жағын тері жабады. Лимфаны теріден, бастың еті мен сүйегінен, кеңірдектің алдыңғы жартысынан еріннен, қызыл иектен, сыртқы құлақтан жинайды. Лимфаны жұтқыншақтың сырт жағындағы бүйір лимфа түйініне береді.
Алқым лимфа түйіні - Сопақша, ұзындығы 2-4 см, алқым безі мен сүйегінің аралығында жатады. Лимфаны бастың терісінен, еті мен ұртынан, кеңсіріктің алдыңғы жартысынан, қызыл иектен, таңдайдан жинайды. Лимфаны жұтқыншақ сыртындағы бүйір лимфа түйініне береді.
Жұтқыншақтан кейінгі ортаңғы лимфа түйіні - ұзындығы 3-6 см дейін (қойдікі 8,3 см). Бастың бүгілдіргіш бұлшық еті мен жұтқыншақтың аша сүйек тарамдарының ортасында орналасқан лимфаны бас пен мойынның қосылған жеріндегі терісінен, тілден, қатты және жұмсақ таңдайдан, көмекей безінен, қеңсіріктің артқы жағынан, жұтқыншақ пен көмекейден жинайды. Бұл да лимфаны жұтқыншақ сыртындағы бүйір лимфа түйініне құяды.
Жұтқыншақтан кейінгі бүйір лимфа түйіні - ұзындығы 4-5 см, (қойдікі 0,6-0,8 см) ауыз омыртқаның алдыңғы жағын, шықшыт безінің артын ала орналасқан. Лимфаны бас пен мойынның жалғасқан жеріндегі терісінен, ерін ұртынан шайнау қызыметін атқаратын бұлшық еттерден, жақ сүйегінен, сыртқы құлақ пен бұлшық етінен, мойынның бұлшық еттерінен жинайды. Жоғарыда айтылғандай бастың басқа лимфа түйіндерінен аққан лимфа осыған келіп құйылады. Ал осы түйіндегі лимфа кеңірдек түйінінің өзегіне ағады, ол барып үңгір венасының күре тамыр венасы мен қосылған жеріне барып құяды. Ал басты кесіп алғанда, көпшілік уақытты бұл лимфа түйіні мойында қалады.
Ішкі ағзалардың ЛТ.
Көкірек қуысының ортаңғы лимфа түйіндері - 0,5-5см, жұтқын-шақтан жоғары, қолқа доғасының оң жағындағы, көкірек қуысының алдыңғы және артқы лимфа түйіндерінің аралығында жатады. Лимфаны кеңірдек пен жұтыншақтың көкірек бөлімінен, өкпе мен плевраның орталық бөлімінен жинайды. Лимфаныкөкірек лимфа өзегіне береді.
Достарыңызбен бөлісу: |