Екі топты салыстыру: Параметрлік емес критерийлер.
Аға оқыт. Раманқұлова А.А.
Дәріс жоспары:
1. Параметрлік емес критерийлер және олардың қолданылуы.
2. Тәуелсіз екі топ үшін Манн – Уитнидің U критерийі.
3.Тәуелді екі топ үшін Уилкоксонның T критерийі.
Бас жиынтықтың таралу түрі жөніндегі ұйғарымға негізделмеген және осы жиынтықтың параметрлерін қолданбайтын айырмашылық критерийлері параметрлік емес критерийлер деп аталады.
Параметрлік емес критерийлердің есептеу формуласында жиіліктер немесе рангілер қолданылады.
Бақылаудың салыстырылатын топтарында кездесетін варианталардың барлығы бір қатарға өсу ретімен біріктіріледі.
Бірінші және екінші топтар үшін варианталардың жиіліктері жазылады.
Жиіліктер жинақталған тәртіппен қойылады.
Жинақталған жиіліктер сәйкес топтардағы бақылаулар санына бөлінеді.
Топтар бойынша жинақталған жиіліктердің айырымы есептеледі және бұл кезде таңба есепке алынбайды.
Манн – Уитнидің U – критерийі
Ранжирлеу – вариациялық қатардың ішіндегі варианталардың кіші шамадан үлкен шамаға қарай таралуы.
Ранжирлеу ережесі:
Кіші мәнге кіші ранг беріледі.
Егер бірнеше мәндер тең болса , оларға олар тең болмаған жағдайда берілетін рангтардың орта мәні болатын ранг беріледі.
Рангтердің жалпы қосындысы есептеу формуласымен сәйкес келуі керек:
,
мұндағы N- ранжирленетін мәндердің жалпы саны.
Манн-Уитни критерийін есептеу схемасы :
Бағанға (қатарға) вариациялық қатар құру.
Екі бағандағы (қатардағы)да варианталардың мәндерін ранжирлеу.
Бірінші және екінші бағандар үшін бөлек-бөлек рангілер қосындысын есептеу. Рангілердің жалпы қосындысының есептеу формуласымен алынған рангілер қосындысына сәйкестігін тексеру. Екі қосындының үлкенін анықтау.