Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрлысы Қалпақты саңырауқұлақтарға ақ саңырауқұлақ, көктерек саңырауқұлағы, сұр және қызыл шыбынжұт, түлкіжем, қозықұйрық, арышқұлақ, бүріскі, т.б. жатады.Жемісті денесі қалпақтан және түбіртектен тұрады. Жемісті денесі топырақ арасында жіпшумақтан өсіп дамиды. Көптеген қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесі жеуге жарамды. Түбіртегіндегі жіпшумағы біркелкі, ал қалпақшасындағы жіпшумағы екі қабат құрайды.
Қалпақ
Қалпақ асты
Белдеуше сақина
Түбіртек
Жіпшумақ
Саңырауқұлақтардың жеуге жарамды және жеуге жарамсыз түрлері
Қыналар Қыналар (лат. Lichenes) — денесі екі құрамбөліктен (балдыр және саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы. Қыналар соңғы уақытқа дейін төменгі сатыдағы өсімдіктеге жатқызылып келді. Алайда олардың құрылысы және тіршілік әрекеті ерекше болғандықтан, соңғы кезде саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі ретінде өз алдына жеке қарастырылатын болды.