Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу, яғни есепті мəселе ретінде қоя білу.
Есепті шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тəсілдерін анықтау.
Есепті шығару жолын алгоритм түрінде бейнелеу.
Есепті компьютерде шығару программасын жасап, оның қателерін түзету.
Есепке керекті мəліметтер дайындау.
Компьютерде есепті шығару жəне шыққан нəтижені іс жүзінде қолдану.
Қарапайым алгоритмнен бастайық, күнделікті өмірде кез келген жұмысты белгілі-бір ереже, бекітілген алгоритм бойынша жасаймыз. Мысалы:
Шай дайындау:
Шәйнекті алу
Шәйнекке су құю
Шәйнекті плитаға қою
Қайнағанын күту
Кесеге шай (заварка) құю
Кесеге қайнаған су құю
Программа да дәл солай, қандай мәлімет бар, қандай мәлімет алу керек, ол үшін не жасау керегін (қосу, азайту, бөлу) нақты білу ғана қажет.
Алгоритм қасиеттері:
Анықтылығы
Жаппайлығы
Нәтижелілігі
Дискреттілігі
Түсініктілігі
Анықтылығы – алгоритмнің нұсқаулары және олардың орындалу реті бір мағыналық, бір мәндік түсінік беруге тиіс. Орындалу үрдісінде алгоритм еркіндікке жол бермеуі керек.
Анықтылығы – алгоритмнің нұсқаулары және олардың орындалу реті бір мағыналық, бір мәндік түсінік беруге тиіс. Орындалу үрдісінде алгоритм еркіндікке жол бермеуі керек.
Жаппайлығы (бірдейлігі) – типі берілген қандай да бір есептер тобын шешуге қолдану мүмкіндігі қарастырылған және берілген аралықта бастапқы деректердің мәндері өзгергенде алгоритмнің дұрыс
Жаппайлығы (бірдейлігі) – типі берілген қандай да бір есептер тобын шешуге қолдану мүмкіндігі қарастырылған және берілген аралықта бастапқы деректердің мәндері өзгергенде алгоритмнің дұрыс
жұмыс жасауы.
Нәтижелілігі (шектілігі)– саны шектеулі реттелген нұсқауларды орындап аяқтағанда тиянақты бір нәтижеге жеткізуге тиіс.