Программалау тілі – компьютерлерде программаларды орындау ісін атқарады.
Программа – машинаға түсінікті түрде жазылған алгоритм. Программада берілген мəліметтердің сипаттамаларымен бірге оларды өңдейтін командалар болады. Командалар қандай мəліметтер қандай операцияларға қатынасатынын, олар қандай реттілікпен орындалатынын жəне нəтиженің қандай түрде шығарылатынын көрсетеді. Бұлар операторлар арқылы жүзеге асырылады.
Транслятор– бір тілді екінші тілге аудару программасы. Ол екі топқа бөлінеді:
Интерпретатор – бұл командаларды аударып, оларды бірден орындауға арналған трансляторлық программа.
Компилятор – бұл алгоритмдік тілдің конструкцияларын толығымен машиналық кодқа түрлендіретін программа. Есептің нəтижесін алу үшін машиналық кодты орындау керек.
Алгоритм дегеніміз– белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін ретімен орындалатын әрекеттер тізбегі.
Алгоритмдерді бейнелеудің негізгі тəсілдеріне оларды жазудың келесідей түрлері жатады: