Viii nis халықаралық Конференциясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Педагогикалық өлшеулер орталығы



жүктеу 1.3 Mb.
Pdf просмотр
Дата09.03.2017
өлшемі1.3 Mb.

VIII NIS Халықаралық Конференциясы 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық өлшеулер орталығы 

27-28 қазан, 2016 жыл 



БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ 

АЯСЫНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ 

Шилибекова Айдана Сенбековна 

Абсатова Мейрамгуль Бакираевна 

Мустафина Алия Амантаевна  

Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім 

алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін 

нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі 


Қалыптастырушы бағалаудың құрылымы 

ЭЫДҰ/ Білім беру және 

инновация аясындағы 

зерттеулерге қатысты 

Орталықтың халықаралық 

конференциясы (2008)  

Сыныпта мәдени орта құру 



Оқу мақсаттарын тұжырымдау  

Оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқытудың 



әр түрлі әдістерін қолдану  

Оқушылардың материалдарды түсінгенін бағалайтын түрлі тәсілдерді 



қолдану   

Анықталған қажеттіліктерге қарай оқу үдерісін бейімдеу және 



оқушыларға кері байланыс беру  

Оқушыларды оқу үдерісіне белсенді қатыстыру  



Блэк және Уильям (2009) 

  

Оқу нәтижесінің айғақтары ретінде пайдаланылатын тапсырмалар мен 



сұрақтарды қолдану, сыныпта тиімді талқылау жұмысын жүргізу  

Оқушыны дамытуға бағытталған кері байланысты ұсыну  



Бағалау критерийлері мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру 

Оқушыларды өз білімдерін өздері құрастырушы ретінде қалыптасуына 



мүмкіндік беру  

Оқушыларды өзара оқыту ресурстары мен дереккөздері ретінде 



қолдану  

Кларк (2013) 

Оқу мәдениетін дамыту  



Оқушыларды жоспарлау кезеңіне қатыстыру  

Белгілі оқу мақсаттарына қарай оқушылармен бірге бағалау 



критерийлерін түрлендіру  

Сабақта талқылау және пікірсайыстарды қолдану  



Оқушылардан, сыныптастарынан және мұғалімінен тиімді кері 

байланыс алуға мүмкіндік беру  


Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі 

Бағалауға арналған нұсқаулық, 

Қалыптастырушы бағалауды 

өткізуге арналған тапсырмалар 

үлгілерінің жинағы қолданылады  

Құрастырылады: 

•Бағалау критерийлеріне сәйкес 



тапсырмалар  

•Тапсырмаларға дескрипторлар  

Кері байланысты ұсыну формасы 

  

  



  

Жоспарлау  

Ұйымдастыру  

Өткізу  

 Критериалды бағалауды 



өткізу туралы ереже 

қолданылады  

Мұғаліммен бірге өзара, өзін-

өзі бағалау жүргізіледі 

Оқушылар мен ата-аналарға 

сындарлы кері байланыс 

беріледі 

Оқу үдерісін дер кезінде түзету, 

рефлексия беру, алдын ала 

жоспарлау үшін ақпараттар 

жинақталады, талдау 

жүргізіледі 



Оқу-әдістемелік материалдар 

қолданылады (Оқу бағдарламасы, 

Бағалауға арналған нұсқаулық, 

Әдістемелік ұсыныстар)  



Оқу мақсаттары мен күтілетін 

нәтижелерге талдау жүргізіледі 

 Бағалау критерийлері 

құрастырылады  

Нәтижеге жету үшін бағалау 



құралдары анықталады 

Оқыту әдістері жоспарланады  

Сабақ жоспары құрылады 

Сөйлеу әрекетінің түрлері 

Айтылым дағдысы – тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз 

көзқарасты дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен 

біліктілік деңгейіне бағытталады.  

Оқылым дағдысы – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі 

деңгейде қабылдау және түсіну, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алу, 

зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау, негізгі аргументті 

анықтап, дәлелдеу; деңгейіне бағытталады. 



Жазылым дағдысы - тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық,  өз 

ойын сын тұрғысынан дәлелдеу, қорытынды шешім шығарып,өз көзқарасын білдіру 

деңгейіне бағытталады. 

Тыңдалым дағдысы - негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, тәжірибеде 

қолдану деңгейіне бағытталады. 



Тілдік пәндерді оқыту мен бағалау сөйлеу әрекеттерінің 

толық сипаттарын меңгеріп, өз бетінше қалыптастыру 

тұрғысынан жүзеге асырылуы қажет. 

Тілдік пәндер бойынша қалыптастырушы 

бағалаудың ерекшеліктері 

• Тыңдалым мен айтылым дағдыларын бағалау: медиақұрал материалдарымен 

жұмыс (бейнежазба, аудио, бейнематериалдан мәлімет жинау, талқылау сұрақтарын 

дайындау, сөздікпен жұмыс, фильмге шолу, сипаттама), мәтінмен жұмыс 

(салыстырмалы талдау, мазмұндау, диалог, монолог); медиақұрал материалдарымен 

жұмыс (бейнежазба, аудио, бейнебаяндағы көтерілген мәселені талқылау, сыни 

пікір айту, өз көзқарасын дәлелдеу).  

• Жазылым дағдыларын бағалау: шығармашылық бағыттағы сипаттау, баяндау 

(шағын әңгіме, эссе, қойылым сценарийі) және белгілі бір аудиторияға бағытталған 

дәлелді мәтіндер (үндеу хат, пікір, мақала, жарнама) жазу, (әңгіме, шығарма, эссе 

жазу, хат жазу, қорытынды шешім шығару, өз көзқарасын білдіру, цитатамен 

жұмыс). 


• Оқылым дағдыларын бағалау: мәтінмен жұмыс (стилі, жанры, тіліндегі 

ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу, ақпаратты өңдеп пікірге қатысты (үндеу 

хат, мақала) жазу, түсініп оқу, жаңа сөздермен жұмыс, проблемалық сұрақтар 

құрастыру, тест тапсырмалары, кестемен жұмыс, салыстыру) кері байланыс беру, 

талқылау, талдау. 


Мұғалімнің тәжірибесіндегі қалыптастырушы 

бағалаудың сапасын анықтайтын негізгі сұрақтар 



Оқушы оқытудың қай 



сатысында тұр?   

Олар білім алуда неге 

талпынады? 

Бұған жетуге көмектесу үшін  

не істеу керек? 

Мәтінге қатысты 

ақпаратты 

анықтауда, 

сұрақтар 

құрастыруда, 

сөйлемдерді 

сауатты жазуда 

қателіктер 

жібереді.  

Мәтінге қатысты 

ақпаратты 

анықтаудың, 

сұрақтар 

құрастырудың 

жолдарын сақтай 

отырып 

орындайды, 



сөйлемдерді 

сауатты жазады.

 

Мәтінге қатысты 



ақпаратты анықтай алу, 

сұрақтар құрастыруға  

дағдыланудың 

жолдарын ұсыну, 

сөйлемдерді  сауатты 

жазу дағдысын 

қалыптастыру.  


Бағалау құралдарын құрастыру механизмі  

Кері байланыс 

Пәнге қатысты күтілетін 

нәтижелер  

Оқу мақсаттары (оқу 

бағдарламалары, ұзақ мерзімді 

жоспарлар) 

Ойлау дағдыларының 

деңгейлері бойынша бағалау 

критерийлері  

Білу және 

түсіну 

Қолдану 

Жоғары деңгейдегі 

дағдылар (талдау, 

жинақтау, бағалау) 

Тапсырма  

- Ақпаратты түсіндіру және еске түсіру: анықтама беру, атап шығу, тану, 

қайта тұжырымдау, пікір білдіру және т.б.  

- Білімді қолдану, мәліметтерді пайдалану, көрсету, есептеу, 

интерпретациялау және т.б.   

- Ашық сұрақтарға жауап беру және мәселені шешу, білімді кіріктіру және 

стандартты емес шешімін табу, сыни тұрғыдағы ойларды, аргументті 

пікірлерді  тұжырымдау және т.б. 



Дескрипторлар 

Ойлау дағдыларының деңгейлері 



Қалыптастырушы бағалауды енгізудің бағалау жүйесін тиімді, анық, әділ етуге 



айтарлықтай мүмкіндігі бар.  



Ұсынылған бағалау құралдарын құрастыру механизмі (оқу мақсаттары, бағалау 



критерийлері, ойлау дағдыларының деңгейлері, түрлі деңгейдегі тапсырмалар, 

дескрипторлар және т.б.) мектептегі білгенін тексеру компонентінен оқу мүмкіндіктері мен 

жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын бағалауға ауысуды қамтамасыз етеді.   

«Сауат ашу» пәні бойынша «Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары 

жинағынан» алынған тапсырмалардың мысалы, 1-сынып 

Оқушының жұмысын бағалаудың мысалы  

Оқушының бағасы қойылған 

жұмыстың мысалы 

  

Оқушының кері байланыс берілген 

жұмысының мысалы  

 

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқыту мен бағалаудағы айырмашылықтар 

Дәстүрлі сабақ 

Білім беру мазмұны жаңа сабақ 

• Оқушыларды оқу мен жазуға 

үйретеді. 

• Бағдарламалық материал 

көлемінде қазақ тілінде ауызекі 

сөйлеу тіліне қатыстырады. 

• Оқытуда білім алуға қарағанда 

оқыту басым. 

• Оқу материалын оқытуға баса 

назар аудару. 

• Оқушылардың іс-әрекетіне назар 

аудармау. 

• Мұғалім  оқушыға негізгі ақпарат 

беруші тұлға. 

• Тілдік төрт дағды 

(айтылым,тыңдалым,жазылым,оқылым) арқылы 

сауатты сөйлеу әрекеті қалыптасады. 

• Еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан 

көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім 

қабылдауға дағдыланады. 

• Пән бойынша берілген кез келген ақпараттарды 

тиімді қолданып, өзіне қажетті мәліметті алады. 

• Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті 

болады. 


Мұндағы қалыптастырушы бағалау 

- тиімді кері байланыс беру 

- түртіп алу арқылы бағалау 

- ауызша және жазбаша бағалау 

- сұрақ қою арқылы бағалау 

- өзін-өзі бағлау 

- өзара бағалау және т.б. әдіс-тәсілдер арқылы жүзіге 

асырылады.  



Сауат ашу бойынша 1-сынып оқушыларын 

диагностикалық тестілеуден өткізудің нәтижелері 

Сауат ашу бойынша 16 критерий негізінде оқушылардың 6 тақырыпты 



меңгеру деңгейі тексерілді.  

Тестілеу оқушылардың жазу, оқу дағдыларымен бірге, сөздерді 



байланыстырып сөйлеуді дамытуын бағалады.  

Тапсырмалар оқушылардың түсініктерді анықтауын, оны саралай алуын, 



ақпаратты жалпылауын, жинақтауын, мәтінге, суреттерге сұрақ қоя білуін, 

жауап беруін тексерді. 

 


«Жыл басында» 

«Жыл соңында» 

 5-тапсырма.  Суреттер  желісін  пайдаланып, 

ауызша әңгіме құрастырыңыз.  

 8-тапсырма.  Суретке  мұқият  қараңыз.  Сурет 

бойынша екі сұрақ құрастырып жазыңыз. 

Тапсырма  оқушылардың  сөйлем  құрылымын 

білуін, суреттің сюжеті негізінде әңгіме құрудың 

логикалық жүйелілігін түсінуін тексерді. 

Тапсырма 

оқушылардың 

суретте 

берілген 

ақпаратты  қолдана  білуін,    талдау  дағдыларын, 

сонымен  қатар  сұрақтар  құрастыру  мүмкіндігін 

тексеруге бағытталды. 

Сауат ашу бойынша тапсырмалар үлгілері 


Жеке есеп үлгісі 

Жазба жұмыстарын бағалау бойынша ұсыныстар  

Тілдік пәндер бойынша қалыптастырушы бағалау 

бойынша қорытынды мен ұсыныстар 

Оқушылар: өз ойын еркін жеткізуге үйренеді, өзіне-өзі баға беруге, 

сыныптастарын бағалауға үйренеді, ынтымақтастыққа үйренеді, жеке, 

жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді, бір-бірін тыңдауға, талдауға

салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.  



Ұсыныстар: 

- сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болуы,  

- тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) дамыту, 

- белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру,  

- сөздік қорларын байыту,  

- мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс,  

- оқу жетістігін бағалау.  

- тілдік көркемдегіш құралдарды өз орамымен қолдануға, 

- ауызша және жазбаша жұмыстарда ойды жүйелі жеткізе білуге, 

- логикалық бірізділікті сақтауға, 



- сыни көзқарасын білдіріп, пікірін дәлелдей алуға үйрету. 

Назарларыңызға рахмет! 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет