Орындаған: Сағындық М.А.
Топ: 308, Педагогика және психология
Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихы
Виктимология сөзбе-сөз мағынада "жəбірленуші туралы ілім" дегенді [латын тілінің vikmima — жəбір (құрбан), грек тілінің Logos-ілім сөздерінен шыққан] білдіреді. Жəбірленушіні зерттеумен айналысатын ғылым виктимология деп аталады. Тар мағынасында виктимология немесе криминалдық виктимология деп қылмыс жəбірленушісін зерттеу деп түсіну қажет.
Жəбірленуші болушылық немесе құрбандық — бұл адамды қылмыс құрбанына айналуға бейім етуі мүмкін физикалық, психикалық жəне əлеуметтік ерекшеліктері мен белгілері. Виктимизация — жəбірші (құрбан) болушылықты игеру үдерісі.
"Қылмыс құрбаны" ұғымы "зардап шегуші" ұғымына қарағанда кең. Қылмыс құрбаны — заңды түрде зардап шегуші деп мойындалғанына немесе мойындалмағанына қарамастан, заң бұзушылық əрекеттен моральдық, физикалық немесе мүліктік зиян көрген кез келген адам. Басқаша айтқанда, "жəбірленуші" — виктимологиялық ұғым, "зардап шегуші" — қылмыстық-процессуалдық ұғым. Бұл ұғымдар өзара сəйкес келмеулері мүмкін. "Жеке тұлғаның құрбан болуы ... қылмыстық əрекетпен жасалғаннан басқа, дəлірек айтқанда, белгілі бір жағдайларда қылмыс құрбаны болуға қабілеттілік, немесе, басқа сөзбен айтқанда, объективті түрде мүмкін болған жағдайдың өзінде болдырмауға қабілетсіздік".
Соңғы жылдары криминалистикалық зерттеулер қылмысты ашу мен тексеруде қылмыс құрбанының рөліне баса назар аудара бастады. Виктимология — криминологияның маңызды бағыттарының бірі ретінде, зардап шегушінің жеке тұлғасын, оның таныстарын, қылмыскермен өзара қарым-қатынасын, қылмыскерді айыптау жағдайындағы құрбанның мінез-құлқындағы ерекшеліктерін зерттейді. Виктимологиялық зерттеулерде қылмыс генезисіндегі құрбанның рөлі, оның қылмыскермен тұлғааралық байланыстары мен қарым-қатынастары маңызды орын алады.
Салыстырмалы тұрғыда, виктимология өз алдына жеке ғылым ретінде жақында ғана, тек 1947 жылдан кейін ғана пайда болды (Л.В. Франк).
Қылмыс жасау механизміндегі құрбанның рөлі идеясы жаңа емес, көне дəуірден бастап, бұл идея көптеген заң жəне əдеби ескерткіштер мен басқа да дереккөздерде көрініс тапқан.
Афиналық шешен жəне көрнекті саяси қайраткер Демосфен (біздің дəуірге дейінгі 384—322 жылдар) өлтіру ісі бойынша сотта сөйлеген сөзінде былай деген: "Иə, менің ойымша, ең басында осы істер туралы құқықтық нұсқауларды бекіткен төрешілер, адамдар ең алдымен жалпы өлтіруді рұқсат етілмейтін іс деп есептеу немесе кейбір жағдайда оны əділ деп мойындау қажет деген сұрақпен айналысқан; бірақ, мына оқиғаны ескере отырып, Орест анасын өлтіргендігі үшін айыпты деп мойындалғанымен, оны бəрібір ақтады, құдайлар сотында, олар кейде өлтіру əділ іс болады деген тұжырымға келді..." [Аристотель "Афина саясаты".— М., 1937, 76—79 беттер]. Бұл мифта зардап шегушінің кінəсі айыпталушының жауапкершілігін жеңілдетеді немесе жояды немесе оның заңсыз əрекеті біріншінің мінез-құлқынан туындайды деген идея бар. Сонымен қатар, бұл жерде "қылмыскер-құрбан", "құрбан-қылмыскер" жай-күйінің динамикасы жақсы көрсетілген. Мифта сипатталған өлтіру жағдайы ең жақын туысқандардың арасындағы қарым-қатынастардан туындаған. Əкесі өз туған қызын құрбандыққа шалады..., əйелі күйеуін өлтіреді..., ұл өзінің ақ сүт беріп өсірген анасын өлтіреді.
Басқа түрде виктимгендік жағдай Авельді ағасы Каинның өлтіруі туралы жалпыға танымал інжілдік аңызда "үлгіленген" ["Інжіл аңыздары".— М., 1968, 21 бет]. Аталмыш жағдайда құрбан өзі қылмыстың жасалуына себепкер болады, ол бұл істі өз қалауынсыз, осы əрекетімен, белгілі бір жағдайда, ренішті ағасының қызғанышын тудырады, қызғанышқа бой алдырған ағасы өзінің ең жолы болғыш "бəсекелесін" өлтіруге шешім қабылдайды. Авель ағасы Каинның тұнжыраңқы көңіл күйін көреді, төніп келе жатқан қауіпті сезеді, ағасының алдында қандай да бір кінəсін сезеді, алайда өлім қақпанына оңай түседі. Озбырлық алдында болған, құрбанның жоғарыда суреттелген жай-күйі "Авель синдромы" деп аталады.
Тек əдеби дереккөздерде ғана емес, заң саласының дереккөздерінде де, соның ішінде қарапайым заңдар дереккөздерде де құрбанға тікелей қатысты нормалар бар. Бірінші кезекте олар қанды кек, өзін-өзі қорғау, зиянның орнын толтыру секілді типтік құбылыстарды қамтиды. Қанды кек алғашқы қауымдық қоғамда жəбірленуші шыққан ру немесе тайпадан тыс тұрған адамдарға бағытталады. Бұл барлық отбасының, рудың немесе тіптен тұтас бір тайпаның ісі болып табылады. Бұндай кезде өте күрделі жағдайлар туындайды. Өйткені бұндай жағдайда адамдардың тұтас бір қауымы оларға тікелей зиян келмесе де өздерін жəбірленушілер деп есептеді, ал айыпкер немесе оның ұрпақтары даярланып жатқан кек алу əрекетінің ықтимал зардап шегушілеріне айналды.
Жəбірленушінің сұлбасына, заң бұзушылықтың орын алуындағы оның рөліне, жəбірленушінің кінəсі мəселесіне баса назар аударған римдік құқық нормалары даусыз қызығушылық тудырады. ХΙΙ кестелер заңдарында былай жазылған: "Егер дене мүшесін зақымдаған болса жəне жəбірленушімен татуласпаған болса, онда оған да дəл сондай зақым келтіріледі". Римдік құқық жəбірленушіден де, заң бұзушыдан да қамқоршылықтың жоғары деңгейін талап етті. Римдік заңгерлердің дигесталарды басшылыққа ала отырып, төбелеске қатысушылардың кінəлеріне қатысы мəселелерді шешу тəсілі үлгі тұтарлық (Дигесталар — Римнің классикалық заңгерлерінің құқық мəселелері бойынша жəне заңдық күші болған шығармаларының жүйелі орналасқан жəне тақырыптар бойынша біріктірілген жинағы: арзан асхананың қасында болған түнгі төбелес туралы əңгіме).
Қылмыстың виктимологиялық аспектілері бірнеше көрнекті жазушылардың туындыларында анық көрініс тапқан: Ф.М. Достоевскийдің "Ағайынды Карамазовтар", Ф.Верфельдің "Өлтіруші емес, құрбан кінəлі", Л.Франктің "Себеп", Т.Драйзердің "Американдық қайғы" жəне басқалар туындылары.
Көне заманның өзінде адамның тағдыры белгілі бір деңгейде оның өзіне байланысты екендігі анықталған. Бұл халықтық фольклорда көрініс тапты: "Əр адам өз бақытының ұстасы", "Батырдың қолындағы қысқа қылыш ұзарады" жəне т.б. Тарихта "мүмкін емес" деп ешқашан айтпайтын жəне əрқашанда орын алған жағдайдан басым түсетін адамдар болғандығы белгілі. Осымен бірге адамдардың басқа санаттары да бар: үнемі жолы болмайтын, əрқашанда ісі оңға баспайтын адамдар; жəне Н.В.Гоголь "тарихи адамдар" қатарына жатқызғандар: қашан болмасын жəне қайда болмасын, олар əйтеуір қандай да бір оқиғаға тап болады.
ХІХ ғасырдың соңында — ХХ ғасырдың басында құрбан тақырыбы əдебиетшілердің ғана емес, заңгерлердің, психологтардың жəне криминологтардың шығармаларында айқын көрініс тапты. Виктимологияның пайда болуы неміс ғалымы Ганс фон Хентингтің есімімен байланыстырылады. Ол қылмыскерлердің нақты санаты мен жəбірленушілердің нақты түрлерінің арасындағы тəуелділік туралы идеяны ұсынды ["Қылмыскер жəне оның құрбаны", 1948]. Аталған тақырыпты алғашқы ашушылардың ішінде — Ф.Т.Джас ["Өлтіру мен оның мотивтері"], ал 1958 жылы М.Е.Вольфганг "Өлтірудің түрлері" атты еңбек жариялады. Бұл еңбекте ғалым көптеген зерттеулердің нəтижелерін қорытып, өлтірушілердің өздерінің құрбандарымен қарым-қатынасы кезінде қалыптасатын жағдаяттардың түрлерін анықтады. Алаяқтық, қарақшылық шабуылдар, азаптау, бұзақылық, зорлау жəне тағы кейбір түрлері секілді қылмыстардың виктимологиялық аспектілері ғалымдардың назарын өзіне аудартты. 1967 жылы израилдық ғалым Менашем Амир зорлау барысында туындайтын жағдаяттарды зерттеді ["Зорлау түрлері", 1971 жыл].
Ресейлік ғалымдар да (Ю.М. Антонян, А.П. Дьяченко, В.П. Коновалов, Л.Ф. Франк жəне басқалар) құрбан болушылықты зерттеуге белсенді ат салысты. 1972 жылы "Виктимология жəне құрбан болушылық" атты ғылыми монография жариялаған Лев Вольфович Франк кеңестік виктимологияның ақсақалы саналады. Л.В.Франктің ойынша, адамның мінез-құлқы қылмыстық қана болмайды, сонымен қатар оның құрбан болуына əкеліп соқтыруы мүмкін: қауіпті, аңғырт, ұяттан безген, арандататын, яғни өзі қауіпті болуы мүмкін.
Қазіргі виктимология бірнеше бағытта жүзеге асады:
1. Əлеуметтік қауіпті көрініс құрбаны құбылысын, оның социумға тəуелділігін жəне басқа əлеуметтік институттар жəне үдерістермен өзара байланыстарын суреттейтін виктимологияның жалпы "фундаменталды" теориясы. Осыған қоса, виктимология теориясының дамуы, өз кезегінде, екі бағытта жүзеге асады:
Достарыңызбен бөлісу: |