Виктор Франкл «Өмірден мән іздеген жан»



Pdf көрінісі
Дата27.11.2023
өлшемі117,76 Kb.
#129304
Байланысты:
Рахматулла Оразкүл



Эссе
«Өмірден мән іздеген жан»
Виктор Франкл «Өмірден мән іздеген жан» кітабында 
концлагерьлерде бастан өткерген оқиғалардан түйген 
ойларын жазады. «Неге бір адамдар күйзеліске түсіп, тез арада 
көз жұмады, ал екінші біреулері жанталасып өмір сүруге 
талпынады?» деген сұраққа жауап іздейді. Соның жауабы не? 
Ойланамыз...
Франкл өмірдің мәнін іздеудің үш жолын 
көрсетеді. Біріншісі, өмірде із қалдыру, жетістікке жету. 
Мұндайда өмірдің мәнін жұмыстан табады. Мәселен, ғалымдар 
өмірдің мәнін таңдаған тақырыбын зерттеп, жаңалық ашудан 
іздесе, спортшылар өмірдің мәнін чемпион болғаннан 
көреді. Екіншісі, мәнді қарым-қатынас. Сүйген адамның, жақсы 
көретін жандардың болуы да өмір мәнін тауып береді.
Үшіншісі, 
жан қиналысы мен азаптануды жеңіске, яғни трагедияны 
триумфқа айналдыру. Егер ішкі ұстаным, ниет дұрыс болса, 
ауыру мен азаптың өзін жетістікке айналдыра аласың. Сол 
себепті автор зардап шегуді өмірден мән табу мүмкіндігі ретінде 
қарастырады. «Мән табудың әдеттегі қарапайым жолдары жабық 
болса да, адамдар оны бәрібір тауқымет тартып жүріп те таба 
алады. Олардың мұндай ұмтылысына батылдық пен табандылық 
және мораль көмектеседі. Әйтпесе олар жануарлардан еш 
айырмасыз тіршілік кешер еді. Біз қанша қаламасақ та адам 
баласы бейнет пен өлімнен құтыла алмайды. Өйткені онсыз 
толыққанды өмір жоқ» деген пікір айтады. Азаптың өзін дұрыс 
қарсы алу үшін өмірдің мәнін табу – сол бейнетті жеңіп шығуға 
көмектесетін жалғыз амал. Тіпті ғұмырдың соңына дейін 
жалғасатын ауыртпалықтың өзінен ақиқат іздеу өмір мәнінің 
түпсіз табиғатын, шексіздігін айғақтайды»Төзімділік тұрғысынан 
алғанда адамдар әрқилы болады. Біреулер сәл қиындыққа 
шыдамайды, ал екінші біреулер басына қанша ауыртпалық түссе 
де төзеді, ештеңеге қарамастан күресе береді. Адам баласы 
азаптан қашып құтыла алмайтын жағдайға тап болса, өз өмірінің 
мәнін табу арқылы қиындықты жеңе алады: адамдар өздерін 
пайдасыз сезінеді екен. Өмірден мән көрмейтіні де содан. Ал 
ақиқатында адам өмірі мәнді. Оған ешқандай шарт керек емес. 
Пайдалы болу, елдің алды болу, табысты болу деген сияқты шарт 
керек емес. Сондай-ақ, адам өмірі құнды. Оған да ешқандай шарт 


керек емес. Адам өмірінің құндылығы оның қоғамға әкелетін 
пайдасымен өлшенбейді. Егер өзіңізді пайдасыз сезінсеңіз, еш 
жабырқамаңыз. Адамның қадір-қасиеті мен оның қоғамға тигізер 
қайыры екі бөлек дүние. Адам баласы қиындыққа түскен кезде 
рухани көмек дер кезінде көрсетілмесе, жан төзгісіз қорлықтан 
кенет құтылған адамның психикасына қауіп төнеді. Ал 
тумысынан тұрпайы адамдар мұндай еркіндікті бейбастықпен 
шатастырып алады. Сөйтіп қысым көргендерден қысым 
көрсетушілерге айналады. Франклдың жазуын…: Өте қиын 
жағдайда тірі қалудың бірден-бір тәсілі – бұл не үшін өмір сүруге 
болатынын айқындап беретін әлдебір себептің болуы Адам 
баласы өмір мәнін өз бойынан іздеген сәтте махаббат рухани 
деңгейде көрініс табады. Ондайда адамның бұл өмірде бар-
жоғының өзі маңызды болмай қалады. Себебі Франкл лагерьде 
отырғанда жұбайының не Махаббат – адам баласын кез келген 
қиындықтан құтқаратын құдіреті бар түпкілікті биік мақсат» 
деген қорытындыға келген. Жұмыр басты пенде қандай да бір 
қиын жағдайға тап болып, қандай шарасыз күйге түспесін, 
өмірдің мәнін махаббаттан таба алады бұл өмірде жалпыны түгел 
қамтитын әмбебап мән болмайды. Қандай жағдайда да өмірдің 
шынайы мәнін табуға болады. Әр адам өзіне ғана тән өзгеше 
сипаты, өзіндік мәні болады. Франкл әрқайсымыз өз өмірімізге 
жауап береміз, логотерапияның өзегі міне осы жауапкершілікте 
деп санайды. Рухани күйзеліске ұшыраған жан өз өмірі үшін 
жауапты екендігін сезінуге тиіс. Логотерапевт осыған 
көмектеседі.Кей адамдар өмірдің мәнін іздеу жолындағы 
сәтсіздіктерінің орнын билікке ұмтылу, әсіресе ақшаға құнығу 
және төсек қатынасынан қанағат табу сияқты 
нәпсіқұмарлығымен толтыруға тырысуы мүмкін. Логотерапевтің 
мақсаты – жаны күйзелген адамдардың жан дүниесінде пайда 
болған бос кеңістікті өмірдің шынайы мәнімен толтыру Өмірдің 
мәні де адам баласы тап болатын түрлі жағдайларға қарай өзгеріп 
отыруы мүмкін.
Орындаған: Рахматулла Оразкүл 
Тобы: 1301-52 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет