Советова Алина.
Виктор Франкл өмірдің мәні туралы және логотерапия.
Виктор Франкл өмірдің мәні, дәлірек айтсақ, өмірдің мәніне деген ұмтылыс- адамның басты қажеттілігі деп есептеді.Оның ойынша адамның үміті,мақсаты,міндеттері және сүйікті адамы болса,ол кез келген қиындықтан өте алады. Ол мұны жеке тәжірибесінің арқасында айтады.
Виктор өзінің әйгілі "Скажи жизни да" кітабында освенцим концлагерінде кездесетін негізгі проблемалар туралы айтып кетеді. Ол тұтқындардың өмірдің мәнін бірте-бірте жоғалтқанын, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға дайын болғанын сипаттады. Қазір біз осындай қиын кезеңдерден өту үшін өте күшті мінезді адам болу керек деп ойлаймыз, бірақ нағыз күш өмірдің мағынасында. Осыны түсінгендіктен, суицидтың алдын алу үшін ол басқаларға өмірдің мәнін табуға көмектеседі. Бұл әдіс логотерапия деп аталады, яғни өмір мәнін іздеуге негізделген психотерапия түрі. « Человек в поисках смысла» кітабында ол былай дейді «Концлагерьдегі адамдардың рухын көтеруде кез келген әрекетіміз, оларды болашақта қандай да бір мақсатқа бағыттай аламыз деген оймен жасалды. Болашаққа, өз болашағына сене алмаған адам адасып қалды. Болашақпен бірге рухани өзегінен айырылып, ішкі жан дүниесі бұзылып, тәні де, ойы да азды» Әр адам үшін мақсат пен көзқарас маңызды, арманың болмаса, өмір бос сияқты көрінеді. Егер адамның арманы болса, ол осы арманға жету үшін кез келген жолмен аман қалуға тырысады, бұл логотерапияның мағынасы. Ол сондай-ақ әркімнің өзіндік мәні бар дейді, және егер адамның құндылықтары болса, оны табу оңайырақ болады, бірде-бір логотерапевт құндылықтар мен өмірдің мәні дұрыс емес деп айтпайды, оның мақсаты тек оған көмектесіп, оны осы идеяға итермелеу. Адам өмірдің мәнін шығармашылық өнім жасауда, іс жасауда немесе жақсылықты, шындықты және сұлулықты сезінуден, табиғат пен мәдениетті сезінуден таба алады; Сондай-ақ, басқа бірегей адаммен кездесуде, басқаша айтқанда, махаббатта . Өмірдің ең асыл және асқақ мәні - еңбекте, шығармашылықта немесе сүйіспеншілікте мағына табу мүмкіндігінен айырылып, өзі таңдаған қиын жағдайға деген көзқарасы арқылы одан жоғары көтерілетін және өз жағдайынан асып түсетін адамдарға тән.Осы контексте құндылықтар туралы айтатын болсақ, оларды үш негізгі топқа бөлуге болады,яғни шығармашылық құндылықтар, тәжірибе құндылықтары және қарым-қатынас құндылықтары. Олар, адам өмірінің мәнін таба алатын негізгі үш жолды көрсетеді. Біріншісі – ол өз туындыларында әлемге беретіні; екіншісі – кездесулер мен тәжірибелерде дүниеден алатыны; үшіншісі, егер ол өзінің қиын жағдайын өзгерте алмаса, оның қиын жағдайына деген көзқарасы. Міне, сондықтан өмір ешқашан мәнін жоғалтпайды, өйткені шығармашылық пен тәжірибе құндылықтарынан айырылған адамның өмірінің мәні әлі де бар, оның орындалуын күтетін, қайғы-қасіретсіз өту құқығында мағына бар.
Виктор Франкл өз тәржірибесімен бізге өмір мәнінің маңыздылығын көрсетті, және әрбір адамның таңдау құқығы бар екенін дәлелдей алды. Бүкіл отбасынан айырылған ол, өз өмірінің мәнін тауып, ең қатыгез жағдайларда аман қалды. Әлемде мұндай адамдар өте аз, біз одан үлгі алуымыз керек.