Дидезоксинуклеотидтер – зидовудин, дидзоксицитизин, дидезоксиинозин.
Адамантанаминдер – амантадин, ремантадин, мадинтан, тромантадин.
Фосфоноформиаттар – фоскарнет, фосфорлы сірке қышқылы кислота.
Тиосемикарбазон туындылары– метисазон
Пентадтар – санквинавир
Оксолин қышқылының туындылары – оксолиниевая май.
2. Биогенді өкілден: Иммуноглобулиндер -иммуноглобулин, интраглобин, гамимун, пентаглобин, сандоглобулин, гистаглобулин, цитотект.
Интерферондар: α- (лейкоцитарлы): - рекомбинантты – интрон-А, роферон-А, алферон, вэллферон, реальдирон; - синтетикалық – полудан;
β- (фибробластты): - рекомбинанты - ребиф, фрон; - синтетикалық – бетаферон;
γ - (Т-лейкоцитарлы) – гаммаферон, иммуноферон.
Антибиотиктер – пуромицин, рифампицин
Иммуноглобулин (антидене), лейкоциттер жасайтын гликопротеин молекуласы. Иммуноглобулиндердің антиденелері бактериялық және вирустар сияқты белгілі бір антигендерді анықтауда және бекітуде шешуші рөл атқарады. Бұл антиденелер сонымен қатар сол антигендердің жойылуына ықпал етеді. Осылайша, олар иммундық жауаптың маңызды компонентін құрайды.
Балаларда қолданылуы
Балаларға. Енгізу жолы және дозасы, енгізудің жиілігі ересектерге сияқты таңдап алынады. Дозалау режимі мен дозаны түзету мақсатында адамның қалыпты иммуноглобулиндерінің тұрақты деңгейін анықтау қажет. IgG тұрақты деңгейіне қол жеткізгеннен кейін әр айда жинақталған доза 0,4-0,8 г/кг жеткенше аптасына 80-нен 100 мг/кг дейін демеуші доза енгізіледі.
Фармакокинетикасы Рифампицин асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Қабылдағанда 2-4 сағаттан соң препарат плазмада ең жоғары концентрацияға жетеді және 8 сағатқа дейін анықталатын деңгейде сақталуы мүмкін. Алайда қанда және тіндерде тиімді концентрациялар 12-24 сағат бойы сақталады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 80-90% құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі – 2-5 сағат. Рифампицин бауырда метаболизденеді. Рифампицин организмнің тіндеріне және сұйық ортасына жақсы өтеді және плевра экссудатынан, қақырықтан, каверналар ішіндегілерден, сүйек тіндерінен табылады. Препараттың өте жоғары концентрациясы бауыр мен бүйрек тіндерінде болады. Организмнен өтпен және несеппен бірге шығарылады.