Молекулалық вирусология немесе вирустардың молекулалық биологиясы жалпы молекулалық биологияның құрамдас бөлігі және сонымен бірге вирусологияның бір саласы болып табылады
Молекулалық вирусология немесе вирустардың молекулалық биологиясы жалпы молекулалық биологияның құрамдас бөлігі және сонымен бірге вирусологияның бір саласы болып табылады.
Вирусологияның маңызы
Вирусологияның маңызы
Вирустар қоздыратын өсімдіктер, жануарлар және адамдар ауруының көбеюне байланысты вирусология ғылымының маңызы өте зор. Кейбір жұқпалы ауруларды емдеу, сақтану жағдайлары шешілгенмен, ішінде вирус тарататын ішек аурулары, респираторлы аурулары әлі көп. Бұл аурулар әсіресе мал арасында, жиі кездеседі. Ол аурулардың қоздырушысын табу да қиын. Себебі клиникасы бірдей ауруды, бірнеше вирустар қоздыруы мүмкін. Тіпті кейбір жағдайларда малдың жұқпалы ауруы онша білінбей өтеді немесе бір ғана вирус әрбір ауырған малды әртүрлі күйге душар етеді. Соңғы кезге дейін адамның және малдың жұқпалы ауруларының вирустары әртүрлі деп вирусология ғылымының медицина және мал дәрігерлері вирусологиясына бөліп келдік.
Ал бүгінгі таңда ондай бөлудің қадеті жоқ екені белгілі болды. Себебі кейбір қоздырушылар адамдардан жануарларға және керісінше жұғады. Мысал ретінде, адамдардың аденовирус жұқтыратын ауруын айтсақ осы күнде, аденовирус жұқтыратын ауру ірі қарада, шошқада, қой мен құста да бар екені белгілі болды. Немесе тұмау ауруын алайық. Онымен тек адамдар ғана ауырады деп келгенбіз. Қазір тұмау ауруымен құстың да жануарлардың да ауратыны белгілі болды. Құстың тек құс тұмауының вирусы емес, адам тұмауының вирустары таратыны белгілі болды. Демек вирустардың көзі табиғатта.