Қорыта келгенде 20 ғ басында негізгі 3 түрлі вирус белгілі болды. Олар бактерия, өсімдіктер және жануарлар ауруының вирустары еді. Содан кейінгі жылдар тап бүгінге дейін вирусология ғылымының өте терең жаңалықтары ашылған жылдар болды. Бұл кезең вирустардың өсіп-өнуін зерттеп, олардың клетка ішінде өсуін, клеткадан қалай бөлініп шығуын, санын есептеуді және электронды микроскоп арқылы зерттеуді қолға алған жылдар еді. Сондай-ақ американдық ғалым У.Стенльдің 1935 ж темекі ауруы вирусын кристал ретінде алу үлкен табыс болды.

1941 ж американдық вирусолог Хрест гемаглютинация феноминін ашты, осы жағдай вирус пен клетка арасындағы байланысты зерттеуге көмектесті.
1952 ж Херши мен Чейз бактериофагтың нуклейн қышқылынын бактерия
клеткасына ауру жұқтыратын ашты.
1953 ж Уотсон мен Крик вирустардың ДНКның екі жіктен тұратынын тапты.
1956 ж Гирер Шрамм және Франкель вирустар белоктары құрылысы олардың
нуклеин қышқылына байланысты екенін дәлелдеді.
1961 ж Ниренбергт РНК-ның пайда болу жолдарын бляшка алу тәсілдерін алу жолдарын ашты.
1962 жылы көптеген елдердің вирусологтары АҚШ-та өткен симпозиумға жиналып, молекулалық вирусологияның дамуының алғашқы нәтижелерін қорытындылады. Бұл симпозиумда вирусологтарға онша таныс емес терминдер айтылды: вирион архитектурасы, нуклеокапсидтер, капсомерлер. Вирусологияның дамуындағы жаңа кезең – молекулалық вирусология кезеңі басталды.