Вирустардың алуантүрлілігі



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата08.06.2023
өлшемі1,54 Mb.
#99853
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Абдиева Г.Ж.-6

Mimivirus


ҒАЛЫМДАР 30 
МЫҢ ЖЫЛ БҰРЫН
ПАЙДА БОЛҒАН
ВИРУСТЫ ТАПТЫ


Франция мен ресей ғалымдары Чукоткадағы Колыма өзенінің табанынан
көне вирусты тапты. 30 метр тереңдіктен табылған алып вирус өзен
табанындағы мәңгілік мұздықта сақталған, деп хабарлайды New Scientist 
басылымы. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, жаңадан табылған бұл вирус жер
бетінде табылған ең алып вирус болып табылады екен. Pithovirus sibericum
деп аталатын вирустың пайда болуы шамамен 30 мың жылға жуықтайды. 
Ғалымдар өздері тапқан вирусты Петри құтысына амеба тірі клеткасымен
бірге салып қойған. Арада бірер уақыт өткенде әлгі вирустың бойына жан
бітіп, клетка ішінде қозғала бастапты. Өмірге қайта келген вирустың
ұзындығы 1,5, ал ені 0,5 микрометрге дейін жеткен. Вирустың ірілігі сондай
оны әр орта мектепте бар кәдуілгі микроскоппен де көруге болады. Әдетте
ғалымдар әлдебір вирустарды көру үшін электронды микроскопты
пайдаланады екен


2013–2016 жылдары Батыс Африкада Эбола ауруы
тарап, одан 11 мың адам көз жұмды. Бұл дерт 1976 
жылы табылған. Алайда соңғы жүзжылдықта кеңінен
тарай бастады. Өлім деңгейі жоғары көрсеткішті
көрсеткенімен, Эбола ауруы ауа арқылы
тарамайды. Қан, несеп жолдары, емізу арқылы жұғады. 
Бұл вирус жарқанаттан тараған. Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымына сенсек, Эбола ауруының емі
жоқ. Оның емін де табуға ешкім асықпайды. Себебі бұл
вирусқа көбінесе Африканың жағдайы төмен
аудандарында өмір сүретіндер шалдығады.


Зика вирусы да Эбола сияқты Африка аймағынан табылған. 
Эбола өзен атымен аталған, ал Зика Ургандадағы орман аты. Бұл
вирус XX ғасырдың 1947 жылдары пайда болған. Оның да емі
жоқ. 2007 жылы вирус Зика Филиппиннің шағын Яп аралында
пайда болған. Бірнеше жылдан кейін Орталық және Оңтүстік
Америкаға жеткенде ғана ғалымдар вирусты қолға ала бастады.
Зика вирусы қауіпті болып саналмайды. Дегенмен адам өліп те 
кетуі мүмкін. Ауру кезінде денеге бөртпе шығып, ұйқы қанбай, 
дене қызуы болады. Бірнеше күннен кейін бұл белгілер басылады. 
Алайда ауру мұнымен жазылып кетпейді. Ол тұқымқуалау
арқылы беріледі. Әйелден ішіндегі сәбиге жұғады
және жыныстық қатынас арқылы да беріледі. Вирусты тасушы
ыстық климаттық аймақтарда өмір сүретін масалар болып
табылады. Бұл вирусқа қарсы екпе және дәрі-дәрмектер жоқ.


Қауіпті вирустардың бірі – бетакоронавирус 2013 жылы Сауд
Арабиясында пайда болған. Бірақ қайдан, неден жұғатыны белгісіз. 
Ғалымдар бір өркешті түйеден жұғуы мүмкін деген болжам
жасайды. Ауру адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы
беріледі. Науқастан дәрігерге жұғу қаупы бар.
2012 жылы Таяу Шығыста пайда болған вирус 27 мемлекетте
тіркелген. 2015 жылы вируспен 1227 адам ауырып, 449-ы көз
жұмды. 2019 жылдың қаңтар айында аурудың 80% пайызы Сауд
Арабиясында тіркелген. Ауру белгілері: жөтел, мұрыннан су ағу, 
денеде әлсіздік пайда болады. Иммунитеті әлсіз және үлкен
кісілерде ауру өкпе қабынуына айналады. Кейбір жағдайда бүйрек
қызметі бұзылып, іштен қан кетеді. 2019 жылы қаңтарда
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусқа қарсы екпе және
дәрі жоқ екенін хабарлады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет