Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Ӛтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
А.Ф. Тулеуова, З.К.Сапина
Оқу-әдістемелік құрал
Орал, 2013
УДК 025.4
Авторлары:
Тулеуова А.Ф. -
|
информатика пәнінің оқытушысы
|
Сапина З.К. -
|
информатика пәнінің оқытушысы
Пікір жазғандар:
|
Мухамбетова Ғ.Г. -
|
М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ-нің «Информатика» кафедрасының аға оқытушысы
|
Кажиакпарова Ж.С. - п.ғ.к., доцент, Еуразия «Академиясы»
«Информатика және есептеу техникасы»
мамандықтары деканы
Тулеуова А.Ф., Сапина З.К.
Visual Basic негізі: Оқу-әдістемелік құрал / А.Ф. Тулеуова, З.К. Сапина / – Орал: М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2013. - 48 б.
Оқу-әдістемелік құралда Visual Basic программалау тілінде қосымша жасау негіздері қарастырылған. Құралда Visual Basic программалау тілі бойынша қысқаша теориялық материалдар беріліп, оны практикада жүзеге асырудың мысалдары қарастырылған. Әр тарау соңында оқушының ӛз бетімен орындауына арналған тапсырмалар беріліп, бақылау сұрақтары келтірілген.
Оқу-әдісмелік құрал жоғары, арнаулы орта оқу орындарының және орта мектеп оқушыларына және информатика пәні мұғалімдеріне кӛмекші құрал ретінде ұсынылады.
© Тулеуова А.Ф., Сапина З.К., 2013.
© М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2013.
АЛҒЫ СӚЗ
Қазіргі кезде Windows-те жұмыс істейтін қолданбалы программалар (қосымшалар) жасауда Visual Basic және Object Pascal (Delphi) технологиялық тілдері кеңінен қолданып келеді. Windows-те жұмыс істейтін қосымшалардың қолайлылығы – пайдаланушы компьютерге командаларды экранда кӛзге кӛрініп тұратын батырмаларды шерту арқылы беріп, нәтиже ала алатындығында.
1991 жылы Microsoft корпорациясы компьютерлік әлемге Visual Basiс бағдарламалау жүйесін ұсынды.
Visual Basiс – бағыт-бағдарлау программалау тілін ұстанатын алғашқы тілдердің бірі. Бағыт-бағдарлау программалау тілінде әрбір қадамды толықтай сипаттаудың орнына әр түрлі оқиғаларға, яғни пайдаланушының әрекеттеріне қалай жауап қайтару керек екенін кӛрсетсе болғаны.
Бұл бағдарламалау жүйесі арқылы бір ауқымды бағдарлама емес, Windows-тың пайдаланушы басқаратын, ӛзара байланысты микропрограммалары бар қосымшасы құрастырылады. Visual Basiс кӛмегімен осындай қосымшаларды жылдам құрастыруға болады.
Құралда Visual Basic бағдарламасының объектілері және олардың негізгі сипаттамалары қарастырылған. Оқу-әдістемелік құрал 6 тараудан тұрады. Бұл тарауларда Visual Basic ортасында жоба құру негіздері, элементтерді басқару панелімен жұмыс, шартты және таңдау операторлары, Visual Basic-тің графиктік объектілері, файлдық жүйемен жұмыс жасау объектілері т.с.с қарастырылған. Әр тараудың тақырыптары бойынша қысқаша теориялық материалдар берілген. Әр тарау соңына практикалық тапсырмалар қарастырылып, олардың программасы беріліп, жобаны орындау нәтижесінің интерфейсі кӛрсетілген. Тарау соңында қолданушының ӛз бетімен орындауға тапсырмалар берілген. Материалды меңгеруі бақылау сұрақтары арқылы тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |