Р витамині (флавин, цитрин) С витамині іспетті қан тамырларының беріктігін сақтайды. Р авитаминозы кезінде қан тамырларының серпімділігі төмендеп, қан айналысы бұзылады.
Бұл витаминнің молекулалық құрамы флавонга негізделген, сондықтан оның флавон және полифенол түрлері де бар. Бұлар эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында, т.б. өсімдіктерде көп болады.
Антивитаминдер – витаминге қарсы заттар. Әр витаминнің өзіне биімделген қарсы заттары болады. Мысалы, тиаминге қарсы пиритамин, С витаминіне қарсы глюкаскорбин қышқылы, пиридоксинге – дезоксипиридин қарсы әрекет жасайды.
Антивитаминдер витаминдердің белсенділігін төмендетеді, ферменттермен байланысын үзеді де, олардың ұлпаға әсерін төмендетеді. Химиялық құрамы жағынан бұл заттар витаминдерге өте жақын болғандықтан кейде « жалған» витамин ретінде әсер етеді. Олардың бұл әрекеті витаминдердің белсенділігі басым болғанда жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |