14
УДК: 618+613.888.15
ЖҮКТІ ЖӘНЕ БОСАНҒАН ӘЙЕЛДЕРДІҢ КОНТРАЦЕПЦИЯ
ӘДІСТЕРІ
ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНДЫРЫЛУЫН АНЫҚТАУ
Айтмурзинова
Г.Т.
Ғылыми
жетекшісі: Абдрахманова А.Д., А.А. Қозбағаров атындағы
Перинатология кафедрасының ассистенті
«Семей медицина университеті» КеАҚ, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы
Өзектілігі:
ДДСҰ мәліметтері бойынша әлемде күн сайын 910 мың ұрықтану
болады, олардың 50%
-
ы жоспарланбаған, шамамен 25%
-
ы қалаусыз жүктілік. Күн
сайын шамамен 150 мың жүктілік түсікпен аяқталады. Сондықтан, түсіктің алдын
алу үшін контрацепция әдістерінің маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты:
Жүкті және босанған әйелдердің контрацепция
әдістері туралы ақпараттандырылу деңгейін анықтау.
Зерттеу материалдары және әдістері:
1)
Теориялық әдіс: PubMeD,Cochrane, Up to date парақшаларынан мәліметтер жинау
2)
Тәжірибелік әдіс: сауалнама жүргізу
Зерттеу Семей қаласының «№ 2 Перинаталдық орталық» мекемесінде жүргізілді. 40
жүкті және босанған әйелдер арасында сауалнама алынды. Мәліметтер Microsoft
Excel 2016
-
да статистикалық өңделді.
Зерттеу нәтижесі:
Контрацепция әдісін 14 әйел (38,9 %) қолданады, 17 әйел
(41,7%) қолданбайды, 9 әйел (19,4%) тұрақсыз түрде қолданады. Контрацепция
әдістерінен 14 әйел (60,8%)
–
мүшеқапты , 5 әйел (21,7%)
–
жатырішілік спиральды,
1 әйел (4,3%)
–
күнтізбелік әдісті, 3 әйел (13,2%)
–
КОК
–
ті қолданады. Ал
контрацепция әдістерін қолданбаудың себептеріне байланысты жауаптар: 14 әйел
(64,9%)
-
субъективті түрде қаламайды, 2 әйел (10%)
–
ақпараттандырылуы
жеткіліксіз, 2 әйел (10%)
-
контрацепция денсаулыққа зиян деп ойлайды, 2 әйел (10%)
–
серіктесі қаламайды. Сауалнамаға қатысушылардың контрацепция әдістері туралы
қаншалықты ақпараттанғаны жайлы 5 балдық шкаламен есептелді (бұндағы 1
–
өте
нашар, 5
–
өте жақсы).1) 10 әйел (25%), 2)
17 әйел (42,5%), 3) 9 әйел (22,5%) , 4) 2
әйел (5%), 2 әйел (5%).
Қорытынды:
Сауалнамаға қатысушылардың контрацепция әдісі жайлы
ақпараттандырылуы төмен екені анықталды, оның нәтижесі жоспарланбаған
жүктіліктер мен түсіктердің санының жоғарлауына алып келуі мүмкін. Бұл
Денсаулық сақтау саласындағы ең ауқымды мәселелердің бірі. Сондықтан
түсіктердің алдын алу үшін медициналық
–
әлеуметтік ақпараттандыру жұмыстарын
жүргізу арқылы контрацепция әдісі туралы сауаттылықты жоғарылату керек.
|