Вокализ Вокализ атауы латынның Vocalis



Дата20.12.2023
өлшемі21,15 Kb.
#141784
түріБағдарламасы
Байланысты:
Вокализ


Вокализ
Вокализ атауы латынның Vocalis –дауысты деген сөзінен алынған.
Вокалдік педагогикада вокализдің алатын орны ерекше. Вокализдер академиялық әншілерді дайындау кезінде оқу бағдарламасында бірінші курстан бастап соңғы курсқа дейін қолданыста болуы қажет. Себебі вокализ әншінің даусын қою кезеңінде дауыс қыздыру, дауыс жетілдіру, дауыс шынықтыру жаттығулары мен поэзиялық тексті бар вокалдік шығармалар, әндер, романстар. Ариялардың арасын жалғастыратын алтын көпірі іспетті.
Вокалдік жаттығулардан кейін, педагог оқушысына вокализдерді орындатады. Себебі, вокализдер дауыс қоюға арналған жаттығулардың күрделенген бір түрі. Вокализдің ән мен романс тәрізді мелодиясы (әуені) болады. Бұл да музыкалық шығармаға жатады. Бірақ, вокализ нотаның атымен сольфеджио түрінде, көбінесе дауысты «А», «О» дыбыстарымен орындалады.
Вокализдің атқаратын міндеті – дауыстың диапазонын кеңейту, дауыс техникасын шыңдау, интонация тазалығын сақтау, екпінімен созылмалығын жетілдіру, көркемдік орындаушылықты меңгеру тәрізді тағы басқа әншілік өнердің қыр-сырын меңгеруге жас әншіні тәрбиелеу.
Әншілерге арналған вокализдер, аспапта ойнаушыларға арналған этюдтер тәрізді әншінің орындаушылық техникасын жетілдіруге арналған.
Дауыс қоюға арналған вокализдердің ең көрнекті авторлары – Маркизи, Рубини, Пановка, Конконе, Абт, Ваккай, Бардоньи, Риччи, Аспелуна, Лютген, Варламов, Глинка т.б. педагог әнші-композиторлар. Вокализдердің концерттік түрлері де бар. Ол вокализдердің көркемдік дәрежесі жоғары классикалық музыкалық шығармалар қатарына жатады.
Әнші даусына арналған концерттік вокализдер М.Равелдің «Хабанерасы», С.Рахманиновтың «Вокализі», Р.Галиэрдің «Дауыспен оркестрге арналған концерті», С. Прокофьевтің «Сөзсіз бес мелодиясы» т.б. көпке танымал шығармалар.Концерттік вокализдер негізінен дауысты «А» дыбысымен немесе бірақ сөзбен орындалады. Мысалы В.А Моцарттың дауысқа арналған «Alleluia» шығармасы бір ғана. «Аллелуя» деген сөзбен орындалады.
Қазақ композиторлары да концерттік вокализдер жазған. Олар – С.Мұхаметжановтың «Дауысқа арналған концерті», Е.Рахмадиев «Вокализ» т.б. Ал, қазақтың халық әндерінде фольклорлік жырлар мен термелерде вокализдер ежелден кең түрде қолданады.
Әншілердің даусын жаттықтыруға арналған жаттығулар мен вокализдер он жетінші ғасырда Италияндық вокалдық педагогтарымен композиторлардың, кастрат — әншілердің творчествасында бастау алды. Олар- Порпора, Амадори, Реди, Този, Бернакки, Маркези, Фарнелли, Гвиданни, Котумаччи, Мантуоли, Лео, Мартини т.б.
Бұл композитор — әнші, педагогтардың кейбіреуінің вокалдық жаттығуларымен вокализдерін вокалдік педагог композитор – Виктория Риччи батыс Европаның кітапханаларынан тауып, оған фортепианоның сүйемелдеу партиясын жазған. Сол вокализдер жинағын алғаш рет 1912-жылы Лондон қаласында вокалдік педагог Джозеф Вильямс бастырып шығарған. Содан бері бұл вокализдер жинағы Европа елдеріне және Россияға тараған.
Мен сол жинақтан алып, осы оқу құралына итальян композиторларының 17-18 ғасырлардағы жазылған вокализдерін кіргізіп отырмын. Себебі, бұл вокализдер өзінің стильдік және музыкалық терең мағыналығымен, қарапайымдылығымен, түсініктілігімен Италияның ескі вокалдік мектебінің алғашқы қалыптасу кезеңіндегі озық үлгілерімен ерекшеленеді. Бұл вокализдер әншілерді оқыту кезеңінің бастапқы қурстарында қолдануға қажетті оқу құралы. Өйткені, вокализдердің диапазондары шағын, ритмдік күрделілігі де шамалы, әуендері де жағымды.
Вокалдік техниканың алғашқы қадамдарын меңгеруге, интонациалық тазалыққа, форшлаг, группетта, трельдерді меңгеруге тәрбиелеуге таптырмайтын материал.Бұл жинаққа вокалдік педагогтардың әншілер тәрбиелеудегі жиі қолданатын авторлары – Франц Абттың, Гаэтена Зейдлердің, Джузеппе Конконенің, Генрих Пановканың таңдамалы вокализдерде кеңінен кіргізілді. Бұл вокализдер бір жарым ғасыр уақыт бойы әншілер тәрбиелеуде ерекше маңызға ие болып келеді.
Дауыс қоюға арналған вокализдерді Кеңес одағы көлемінде музыка училищесі мен концерваториядағы ән бөлімінің оқу бағдарламасына кіргізу мәселесі 1940 жылы Москвада өткен бүкіл одақтық вокалдік педагогтар конференциясында бір – екі педагог қозғаса, ал 1949-1954 жылдары өткен бүкіл одақтық конференциясында вокализді оқу бағдарламасына міндетті түрде кіргізуге шешім қабылданды. Жас әншілерді тәрбиелеудегі вокализдің маңызы туралы белгілі педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақ халық әндерінде, термелерінде, жырларда, жоқтауларда, ,бақсылардың науқасты емдеу зікірінде – «Аха-хай», «Ги-ги-гай», «Ди-ди-дау», «Ха-лә-ләй», «А-хау», «Ей-ей-ей», «Ай-ай-ай», «Ох-ох-ох» деген дауысты және дауыссыз дыбыстарды қосып әннің басында немесе қайырмасында ұзақ вокализдер қолдану өте жиі кездеседі.
Қазақтың вокалдік фольклерінде вокализдің алатын орны өте ерекше. Әсіресе вокализдер халық әндерімен халық композиторларының әндерінде өте жиі қолданылады. Сөзім дәлелді болу үшін, өзім білетін әндердің ішіндегі вокализдері бар әндерді атап өтейін.
Халық әндері – «Кербез сұлу», «Дайдидау», «Көгөкөк», «Аңшының әні», «Сұржекей», «Шәпибаяу», «Қызыл бидай», «Балқурай», «Назқоңыр», «Жиырма бес», «Әупілдек» т.б, Халық композиторларың әндері – Біржанның әні – «Жамбас сипар», Үкілі Ыбрайдың әндері – «Гәкку», «Юран-ай», Ақан Серінің әні – «Сұршақыз», Естайдың әні – «Сандуғаш», Майраның әні «Майра», Кененнің әндері – «Көкшолақ», «Бозторғай», «Қайран елім қайда?», Жаяу Мұсаның әні – «Ақсиса», «Ақылбайдың әні», «Молдабайдың әні», «Ағашаяқтың әні», «Исаның термесі» тізе берсең жалғаса береді. Бұл әндер қазақ ән өнерінің нағыз інжу – маржандары.
Ал, Қазақстан композиторлары – А.Жұбанов, М.Төлебаев, Е.Бруссиловский,Л.Хамиди, Н.Тілендиев, Ә.Еспаев, С.Мұхаметжанов, Е.Рахмадиев, Х.Мусин, Е.Хасанғалиев, Т.Базарбаев, Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов т.б. сазгерлердің көптеген әндерінде вокализдер кеңінен пайдаланады.
Қазақ академиялық әншілік өнерінің қалыптасуына байланысты профессионал композиторлар әншілердің дауыс мүмкіндігіне орай, әсіресе сопрано дауысты әншілерге арналған колоратуралық вокализдерді кеңінен қолданып, әншілердің дауыс техникасын және диапазонын көрсетуге мол мүмкіндік туғызды.
Ол әндер – Г.Бруссиловскийдің «Қос қарлығаш», М.Ержановтың «Қуанамын», Л.Хамидидің «Бұл-бұл», «Жаулауым бақша жайнаған», «Қазақ вальсі», М.Төлебаевтің «Ақмарал сұлу еркем-ай», Е.Рахмадиевтің «Әнші бақыты», Н.Тілендиевтің «Ақшағала», «Кел еркем Алатауыма», «Жансәулем», С.Мұхаметжановтың «Көктем» т.б. әндері қазақ әншілерін өнер көгіне жұлдыз болып жарқырауына жол ашқан мәңгі өлмес туындылар.
Әншілердің даусын жаттықтыруға арналған жаттығулар мен вокализдер он жетінші ғасырда Италияндық вокалдық педагогтарымен композиторлардың, кастрат — әншілердің творчествасында бастау алды. Олар- Порпора, Амадори, Реди, Този, Бернакки, Маркези, Фарнелли, Гвиданни, Котумаччи, Мантуоли, Лео, Мартини т.б.
Бұл композитор — әнші, педагогтардың кейбіреуінің вокалдық жаттығуларымен вокализдерін вокалдік педагог композитор – Виктория Риччи батыс Европаның кітапханаларынан тауып, оған фортепианоның сүйемелдеу партиясын жазған. Сол вокализдер жинағын алғаш рет 1912-жылы Лондон қаласында вокалдік педагог Джозеф Вильямс бастырып шығарған. Содан бері бұл вокализдер жинағы Европа елдеріне және Ресейге тараған.

Қолданылған әдебиеттер:



  • Коррадетти Ирис «О мастерстве вокалиста». Сборник статей «Вопросы вокальной педагогики Москва 1976г «Музыка»

  • Голубев П. «Советы молодым педагогам вокалистам» Москва 1956г.

  • Бейсембеков А. «Вокальдік жаттығулар мен вокализдердің дауыс берудегі маңызы» 2012 ж «Талант» баспасы Семей.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет