18. Науқас 50 жаста, жоғарғы сол жақ тісінде керу сезіміне және сыздап ауырсынуына шағымданады. Қарау барысында: 27 тістің түсі өзгерген, медиальды – шайнау беткейінде тіс ұуысымен байланысқан терең тісжегілік қуыс. Тістің перкуссиясы ауырсынусыз, түбір ұшы аймағының шырышты қабаты цианозды, жыланкөзден тыртық анықталады. Рентгенограммада таңдай түбірұшы аймағында сүйек тіні шекарасы айқын емес, өлшемі 4мм жететін ыдырау ошағы анықталды. Қайсысы диагноз болуы мүмкін?
Созылмалы фиброзды периодонтит
Созылмалы гранулемотозды периодонтит
Созылмалы гранулденген периодонтит+
Созылмалы гангренозды пульпит
Созылмалы фиброзды пульпит
19. Науқас 32 жаста, жоғарғы жақсүйектің оң жағындағы тісте температуралық тітіркендіргіштерге болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Объективті: 16 тістің медиальді – шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Кіреукенің салбыраған жиектері көрінеді. Суыққа қысқа мерзімді ауырсынады. Тісжегі қуысын зондтағанда ауырады. Перкуссия ауырсынбайды. ЭОД – 12 мкА. Диагноз қойыңыз.
Орташа кариес
Терең кариес+
Созылмалы фиброзды пульпит
Жедел диффузды пульпит
Жедел ошақты пульпит
20. 25 жастағы ер адам дәрігерге тістен жағымсыз иіс шығуына шағымданып келді. Анамнезінен бұрын тісі қатты ауырған, ыстық тамақ ішкеннен кейін ұзақ уақыт ауырады. Қарау барысында 26 тіс сауытының түсі өзгерген, тіс қуысымен байланысқан терең тісжегілік қуысы бар. Ұлпаны беткейлік зондтау ауырмайды, терең ауырады. ЭОД 80 мка. Берілген көріністер қай пульпиттің клиникасына сәйкес келеді?
Созылмалы гангренозды пульпит+
Созылмалы фиброзды пульпит
Созылмалы фиброзды периодонтит
Созылмалы гранулденген периодонтит
Созылмалы гранулематозды периодонтит
21. Периодонттың мышьякпен улануын немен тоқтатуға болады?
Ұлпаның экстирпациясымен және сол қабылдауда өзектерді пломбалаумен
Ұлпаны алу, резорцин формалин бар тампонды салу
Ұлпаны ампутациялау және ауру сезімін басатын дәрісі бар тампон уақытша таңғышпен қалдыру