Вопросы на казахском языке$$ |
жүктеу/скачать 1,2 Mb.
|
$$$003 -Уақытша тістердің пульпиттері
Бала 6 жаста. Төменгі жақта тісте тағам қабылдау кезіндегі екі апта бойы ауырсынуға шағымданып келді. Қарау кезінде 7.5 тісте көп мөлшердегі жұмсарған дентинге толы тісжегілі қуыс, оны алу кезінде ұлпа жалаңаштанды, зондтағанда ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. Шырышты қабық алқызыл түсті. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз: A)Жедел серозды пульпит,девитальды ампутация B) Созылмалы фиброзды пульпит, девитальдыэкстирпация C)Созылмалы гангренозды пульпит, витальды ампутация D) Жедел іріңді пульпит, витальды ампутация E) Созылмалы фиброзды пульпит, витальды ампутация {Дұрыс жауабы}=Е {Күрделілік}= 3 $$$004 -Уақытша тістердің пульпиттері Бала 9 жаста тамақ қабылдаған кездегі қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Объективті: 5.5 тістің апроксимальды бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы. Терең зондтау жедел ауырсынады, қансырау байқалады, перкуссия ауырсынусыз. Тіс екі келуде емделген. Емдеу тактикасы дұрыс таңдалдыма және неліктен: А) дұрыс, себебі девитальды ампутация қажет В) дұрыс, себебі девитальды экстирпация қажет С) дұрыс емес, тістің экстирпациясы қажет D) дұрыс емес, себебі витальды экстирпация қажет Е) дұрыс емес, себебі витальды ампутация қажет {Дұрыс жауабы}= Е {Күрделілік}= 3 $$$005- Уақытша тістердің пульпиттері Бала 4 жаста жоғарғы жақтың оң жағындағы тісте жағымсыз сезімдерге шағымданады. Қарау кезінде: 5.4 тісте терең тісжегі, өткір иісі бар, лас сұр массаға толы, зондтау түбір каналдарының өзегінде ауырсынады. Төмендегілердің ішінен қандай болжам диагноз мүмкін? А) Созылмалы гранурлирлеуші периодонтит В) Созылмалы гипертрофиялық пульпит С) Созылмалы фиброзды периодонтит D) Созылмалы гангренозды пульпит Е) Созылмалы жай пульпит {Дұрыс жауабы}= D {Күрделілік}= 3 $$$006- Уақытша тістердің пульпиттері Анасы 3 жастағы баламен шағымданып келді. Ұл балада жоғарғы жақтың оң жағындағы тісте өткір ауырсыну. Анасының айтуы бойынша, тіс алғаш рет 2 күн бұрын ауырған. Бала дені сау, кп = 2. 5.4 тістің шайнау бетінде ашық сары дентинге толы кариозды қуыс, зондтау ауырсынады, перкуссия аздап ауырсынады, тіс айналасындағы шырышты қабық алқызыл түсті. Төмендегілердің ішінен қандай болжам диагноз мүмкін? А) Созылмалы периодонтиттің асқынуы; В) Созылмалы пульпиттің асқынуы; С) Жедел серозды пульпит; D) Жедел іріңді пульпит; Е) Жедел периодонтит. {Дұрыс жауабы}= С {Күрделілігі}= 3 жүктеу/скачать 1,2 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |