Вопросы на казахском языке$$ |
жүктеу/скачать 1,2 Mb.
|
$$$004Балалардың одонтогенді остеомиелиті
9 жастағы балада сол жақ ұрт аймағының ауырсынуы. Асқынған тісжегі себебінен 6.5 тіске тұрақты пломба қойылған. Объективті: сол жақ бет аймағы ісінуі себебінен болған коллатералды ісіну. 6.4,6.5,2.6 тістер аймағындағы шырышты қабық гиперемирленген, ісінген, альвеолярлы өсіндіні пальпациялағанда екі жағында флюктуация; перкуссия 6.5 әлсіз ауырсынбалы. Болжам диагноз қойыңыз: А) жедел одонтогенді остеомиелит В) жедел одонтогенді периостит С) созылмалы периодонтиттің асқынуы D) созылмалы одонтогенді остеомиелит Е) созылмалы абсцедирленген лимфаденит { Дұрыс жауабы} = А { Күрделілік} =2 $$$005 Балалардың жақтарының одонтогенді остеомиелиттері 7 жастағы балаға емханада жедел одонтогенді остеомиелит бойынша хирургиялық ем жүргізілді, пенициллинменантибиотикотерапия тағайындалды. Тактика дұрыс таңдалдыма және неліктен: A) Дұрыс, себебі аталған антибиотик одонтогенді іріңді-қабыну үрдістерін емдеуде көрсетілген B) Дұрыс емес, себебі остеотропты болып табылатын линкомицин қажет C) Дұрыс емес, себебі пролангирленген сульфаниламидтармен бірге пенициллин тағайындау қажет D) Дұрыс, себебі аталған антибиотик ауыспалы тістемі бар балаларға тағайындалған E) Дұрыс емес, себебі, әсері пролангирленген сульфаниламидтермен шектелу қажет { Дұрыс жауабы} = B { Күрделілік} =3 $$$006 Балалардың жақтарының гематогенді остеомиелиттері Жаңа туған балаға 7 күн. Аяқ астынан ауырды. Гипертермия. Жалпы жағдайы ауыр. Омырау емуден бас тартады. Объективті: оң жақ бет асимметриясы. Көз саңылауы толық жабылған. Көзұясының төменгі жақ жиегі аймағында инфильтрат. Инфильтрат үстіндегі тері гиперемирленген. Аузын еркін ашады, ауыз қуысының шырышты қабаты өзгеріссіз. Болжам диагноз қойыңыз: А) жоғарғы жақтың оң жағындағы гематогенді остеомиелиті В) жоғарғы жақтың оң жағындағы созылмалы одонтогенді остеомиелит С) жоғарғы жақтың оң жағындағы жедел одонтогенді остеомиелит D) созылмалы одонтогенді остеомиелит, деструктивті формасы Е) жоғарғы жақтың оң жағындағы жедел іріңді периостит { Дұрыс жауабы} = А { Күрделілік} =2 жүктеу/скачать 1,2 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |