24 жастағы пациент стоматологиялық клиникаға жоғарғы жақ тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданып келген. Анамнез - тістердің түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтың ортаңғы мен бүйір күрек тістердің вестибулярлы беткейінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде көлемдері бірдей, симметриялы орналасқан бор тәріздес дақтар анықталады. Дақтардың беті тегіс, жылтыр, шекаралары айқын. Ауру диагнозын дәлелдеу үшін қосымша қолданатын тексеру әдіс:
30 жастағы пациент жоғарғы сол жақ тістің тамақ ішкен кезде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауратынына шағымданып келген. Қарап тексергенде: 2.7 тістің дистальды бетінде үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар, мөлшері көп, ақ түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға ауру сезісі қысқа, тітіркендіргішті алып тастағаннан кейін тез басылады. Диагноз қойыңыз: