Вопросы на казахском языке



бет94/266
Дата16.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#93434
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   266
Байланысты:
Вопросы на казахском языке

Пульпиты постоянных зубов с несформированными корнями

$$$001
Бала 8 жаста. Шағымы: жоғары жақтың оң бөлігіндегі тіс тамақ ішкенде ауырады. 2 күннен бері кешкілік өздігінен ауырған. Анамнезде: тіс бұрын тек тамақ ішкенде мазалаған. Ауыз қуысында: 16 тіс сауытының 1/3 бұзылған, эмаль жиегі жұқарған, пигментелген. Сүңгілеу кезінде тіс түбінің бір нүктесінде қатты ауырсыну. Перкуссияда ауырмайды. Сілемей қабық бозғылт түсті. Т- тітіркендіруге ұзақ ауырсыну бар. R суретте: 36 тіс түбірінің ұзындығы қалыптасқан, дистальды және мезиальды түбірлер ұшы аймағында d ≈ 1-2 мм дөңгелек пішінді қарайған ошақ бар. Ошақ шекарасы айқын шектелген. Периодонт саңылауы кең. Бұл жағдайда қандай ем әдісі көрсетілген?


A) девитализациялаушы сықпа, ұлпа ампутациясы мен экстирпациясы, эвгенол негізіндегі сықпамен өзекті бітеу
B) девитализациялаушы сықпа, ұлпа ампутациясы, өзек сағасына мумификациялаушы дәрмек
C) анестезия, ұлпа ампутациясы мен экстирпациясы, эпоксид шайыры негізіндегі сықпамен өзекті бітеу
D) анестезия, ұлпа ампутациясы, өзек сағасына формокрезолы бар сықпа
E) анестезия, ұлпаның терең ампутациясы, кальций иондары бар сықпа
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделігі}= 3

Травмы зубов у детей
$$$001
11 жасар бала дәрігер - стоматологқа қаралды. 6 күн бұрын футбол ойнаған кезде жарақат алған. Тіс түсіп қалған, ата-анасынан қорыққанынан көмекке жүгінбеген. Қарап тексергенде: беті симметриялы, тері жабындысы өзгеріссіз. Ауыз қуысында 1.1 тіс жоқ. Түсіп қалған тістің орны жартылай эпителизацияланған. Шырышты қабат өзгеріссіз. Дәрігер –стоматолог қандай болжамды диагноз қойған?
A) 1.1 –ші тістің біріншілік адентиясы
B) 1.1 –ші тістің екіншілік адентиясы
C) 1.1-ші тістің толық шығуы
D) 1.1-ші тістің шығып кетуі
E) 1.1-ші тістің сауытының сынуы
{Дұрыс жауап} = С
{Күрделілігі} = 3

$$$002
2 жасар баланың ата-анасы алдыңғы ортаңы тістер аймағына шағымданып келген. Анамнезінен: бала жарақат алған, диван қырына құлап жараланған, анасының айтуы бойынша жоғарғы ерні ісіп кеткен. Рентген сурет негізінде дәрігердің қойған диагнозы: 5.1,5.2,6.1,6.2 тістердің жартылай орнынан таюы.


Осы жағдайда қандай көмек көрсету қажет?
A) тістерді жұлу
B) тіске реплантация жасау
C) эндодонтиялық ем жүргізу
D) "Д" есепке алу, аяулы диета
E) шендеуіш салу
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделілігі} = 3


Сочетанные травмы ЧЛО
$$$001
Төбелес кезінде 12 жасар ұл бала басынан және бетінен тұйық затпен соққы алған. Анамнезінен: есін белгісіз уақытқа жоғалтқан, лоқсу және құсу болмаған. Объективті: төменгі ерінде домбығу және сыдырылып кеткен жара бар, ауыз ашуы толық.
Қандай диагноз қолайлы?
A) Еріннің жыртылып-соғылған жарасы
B) Ми шайқалуы және еріннің жыртылған жарасы
C) Комбинирленген жарақат
D) Төменгі еріннің тістелген жарасы
E) Ми шайқалуы және төменгі еріннің тұйық жарақаты
{Дұрыс жауап} = E
{Күрделілігі} = 3

$$$002
Төбелес кезінде 10 жастағы бала тұйық затпек басынан және бетінен соққы алған. Анамнезінен: есін біраз уақытқа жоғалған, құсу мен лоқсу бір рет болған. Науқасқа бас-ми шайкалу төменгі жақ сыныу диагноз қойылған. Науқасты қандай бөлімщеге жатқызу керек?


A) терапипялық
B) хирургиялық
C) стоматологиялық
D) травматологиялық
E) нейрохирургиялық
{Дұрыс жауап} = E
{Күрделілігі} = 3
Переломы челюстных костей у детей
$$$001
Бет-жақсүйек хирургиялық бөлімшесіне 15 жасар жасөспірім төменгі жақсүйектің екі жағының ауруына, ауыз қуысының қанауына, тіс қатарын қабыстыра алмауына шағымданып келді. Анамнезінде: 1 сағат бұрын белгісіз адамдар ұрып кеткен, есін жоғалтпаған, төменгі жақсүйектің сол жағынан қатты соққы алған. Дәрігер қандай болжамды диагноз қойды?
A) Төменгі жақсүйек денесінің біржақты сынуы
B) Төменгі жақсүйек денесінің екіжақты сынуы
C) Төменгі жақсүйек бұрышының екіжақты сынуы
D) Төменгі жақсүйек бұрышының біржақты сынуы
E) Төменгі жақсүйек бұтағының екіжақты сынуы
{Дұрыс жауап} = B
{Күрделілігі} = 3

$$$002

16 жастағы науқас төменгі жақтың аурсынуы мен ісінуіне шағымданып қаралды. Ауызды ашканда мен тістеген кезде аурсыну. Анамнезінен жарақатын 2 сағат бұрын ұйдің маңында құлау кезінде алған. Есін жоғалтпаған, құсу мен лоқсу болмаған. Төмен жақ тікелей және бүір проекциясындағы ренген бақылауда 36 тіс бойынша өтетінсызық анықталған. Емдеу әдесін құр.
А) Киршнер сымымен остеосинтез
В) Сүйек тігісімен остеосинтез
С) Ілмектері бар шендеуішкен репозиция және фиксацияи
D) жалпақ тігіс шендеуіш
E) Айви бойышша лигатурлы байлам
{Дұрыс жауап} = C
{Күрделілігі} = 3

Сауыттар, протездер


$$$001
Бала 15 жаста. Косметикалық ақауға шағымданады. Жоғарғы жақ сүйегінде фронтальдф тістердің шоғырланып орналасуына байланысты ауыз қуысында бүйірлік күрек тістердің бағыты таңдайға қараған. Алдыңғы тістер аймағында орын жетпеген жағдайда қандай алынбалы протез қолданған жөн:
A) тірек тістерге сауыты бар фасеткалы көпіртектес протез
B) бүйірлік күрек тістер болмаған жағдайдағы консольды протез
C) Мерефильд бойынша көпіртектес протез
D) Ильина-Маркосян бойынша бөліп тұратын көпір тектес протез
E) құыйылған көпіртектес протез
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 2
$$$002
Бала 14 жаста, қарау кезінде жоғарғы жақ сүйегінде косметикалық ақау анықталды. Объективті: тістемі бұзылмаған. Тіс формуласы: 1.4, 1.2, 1.3, 1.1, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4. Емдеудің оптималды тактикасын таңдаңыз:
A) протездеу мақсатымен 12,13 тістерді жұлы
B) протездеу мақсатымен 13 тісті жұлу
C) протездеу мақсатымен 12 тісті жұлу
D) аномалияны ортодонтиялық аппараттармен түзету
E) 12, 13 тістердің сауыттарын қалпына келтіруші сауыттармен қаптау
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 3

$$$003
Қыз бала 6 жаста. Толық қарау және рентгенологиялық зерттеулерден кейін 46 тістің жартылай адентиясы анықталды. Қандай ем қолданған жөн:


A) протездеумен қатар миотерапия
B) винті бар пластинканы дайындау
C) миотерапия
D) Брюкль аппараты
E) Шварц каппасы
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

$$$004
Бала 10 жаста. Қарау кезінде 75 және 85 тістерді уақытынан бұрын жұлынғаны анықталды. Тістердің ауысуы мерзіміне сәйкес. Дәрігердің тактикасы қандай:


A) Дәрігер-ортодонттық кірісуі қажет емес
B) 35 және 45 тістердің жарып шығуымерзімін айына бір рет тексеру
C) Қарапайым консольды протезді дайындау
D) алынбалы кламмерсіз протез дайындау
E) 1 топқа диспансерлі есепке алу
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 2

Ретенционды аппараттар


$$$005
Науқас 13 жаста. Ортодонттың емінде 22 тісінің тортаномалиясы бойынша емделеді. Қазіргі уақытта белсенді емдеу этапы аяқталды және науқасқа келесі конструкциялы ретенционды аппарат жасалған: вестибулярды доғалы алынбалы табақша.Ретенционды кезең уақытын көрсетіңіз:
A) 3 ай
B) 6 ай
C) 1 жыл
D) 2 жыл
E) 3 жыл
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 2

$$$006
Қыз бала 10 жаста. 2 ай көлемінде 12 тістің таңдайлық бағытта орналасуына байланысты ем қабылдап жүр. Ем секторальды кесілуі, винт және бүйір тістерде бөлектеу көмегімен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 12 тістің аномальды орналасуы қалпына келтірілген. Емнің нәтижесін бекіту үшін қандай аппарат қолданған жөн:


A) винті бар табақша дайындау
B) қол тәрізді серіппелі табақшаны дайындау
C) ретенционды аппарат
D) бас киімді иек таңғышын қолдану
E) Персин аппараты
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 3

$$$007
Науқас 13 жаста. 2 жыл бойы жоғарғы және төменгі жақтағы тістердің тарылуына, жоғарғы және төменгі жақ сүйектердің алдыңғы тістерінің протрузиясына байланысты ортодонт емдеуінде жүр. Ем келесі аппараттармен жүргізілді: жоғарғы жақта белсенді вестибулярлы доғасы бар кеңейткіш табақша. Тіс қатары ем басталғанна кейін 1 жылдан соң қалпына келтірілді. Ретенционды кезең 5 айға созылды. 3 айдан кейін өткізілген соңғы қаралу кезінде аурудың рецедиыі байқалды. Рецедивтің мүмкін болатын себебін көрсетіңіз:


A) аппараттың дұрыс емес алынуы
B) ретенционды кезеңнің қысқа болуы
C) аппаратты емнің қысқа болуы
D) дәрігер-ортодонтқа кеш келуі
E) тіс протрузиясы себеп
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

$$$008
Науқас 10 жаста. 4.2 тіс тортоаномалиясымен дәрігер ортодонтта емдеу кезеңінде жүр. Қазіргі таңда белсенді саты аяқталып науқасқа келесі ретенциялық аппарат жасалынды: алмалы салмалы вестибулярлы доғасы бар табақша. Қажетті ретенциялық периодтың уақытын атаңыз:


A) 3 ай
B) жарты жыл
C) 1 жыл
D) 2 жыл
E) 3 жыл
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 2

Ашық тістем


$$$001
Бала 13 жаста. Төменгі жақтың күрек тістерінің кесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабатымен қатынасады, жоғарғы жақтың тұрақты бірінші молярының медиалды ұрттық төмпешігі көлденең жіктің қарама-қарсы жағындағы вестибулярлы беткейінде орналасқан. Диагнозды анықтаңыз:
A) Терең күрек тістік жабылу
B) Жеңіл дәрежелі терең тістем
C) Орташа дәрежелі терең тістем
D) Ауыр дәрежелі терең тістем
E) Энгель бойынша 2 класс, 2 подкласс
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 2

$$$002
Бала 3 жаста. Дәрігер-ортодонт анамнез жинау барысында баланы жұмсақ, ұсақталған тағаммен тамақтандырғаны анықталды. Төмендегі қай тістемнің қалыптасуы болуы мүмкін:


A) Ортогнатиялық
B) Нейтральды
C) Тік
D) Терең
E) Ашық
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 2

$$$003
Науқас 12 жаста. Сөйлеу бұзылысына шағымданып келді, ауызы жартылай ашық. Тіс қатарын қарау кезінде науқаста 6мм-лі сагитальды кеңістік байқалды. Фронтальды жоғарғы тістер аолыңғы төменгі тістерді толық жабады. Дем алуы ауыз арқылы. Бала төменгі ернін тістейді. Берілген патологияны емдеуге арналған ортодонтиялық аппаратты көрсетіңіз:


A) Катцтық тістеуші табақшасы
B) Эйнсворт аппараты
C) Бынин каппасы
D) Френклдың қызмет регуляторы
E) Брюкль аппараты
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

$$$004
Бала 4 жаста. Тіс қатарын қарау кезінде 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістердің сауыттары бұзылғаны анықталды. Сөйлеу кезінде тіл әрқашан тіс қатарының арасына итеріліп шығады. Бұндай клиникалық көрініс қай аномалияға алып келуі мүмкін:


A) ашық тістемге
B) прогениялық тістемге
C) тіс протрузиясы
D) тіс ретрузиясы
E) терең тістемге
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 2

$$$005
Науқас 14 жаста, косметикалық ақауға, ауыз қуысының үнемі құрғауына, тістеудің қиындауына және шайнауына, сөйлеудің бұзылысына шағымданып келді. Қарау кезінде: беттің төменгі бөлігі ұзындығының ұзаруы, ауызының жартылай ашылуына, мұрын-ерін және иекасты қатпарларының тегістелуі, жақ бұтақтарының қысқаруы, төменгі жақсүйек бұрышының ұлғаюы байқалды. Ауыз қуысында: жоғарғы тіс қатарының кенеттен тарылуы және төменгі жақтың тығыздалуы, таңдай тігісі жоғары, тілінің ұлғаймағаны анықталды.Күрек тістер аймағындағы сагитальды саңылау мөлшері – 5мм. Берілген аномалияны емдеуге қолданылатын аппаратты таңдаңыз:


A) Энгльдің жылжымалы доғасы
B) Хербст-Кожакару аппараты
C) Брюкль аппараты
D) Калвелис табақшасы
E) Катцтың тістемдік табақшасы
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

$$$006
8,5 жасар бала дәрігер – ортодонтқа ауыз қуысы санациясынан кейін жіберілді. Сырттай қарау кезінде профилі шығыңқы. Тіс қатарын қабысқан кезде жоғарғы тістер төменгі еріннің үстінде орналасқаны байқалды. Ауыз қуысында: 4 мм-лі сагитальды саңылау анықталды. Төменгі күрек тістердің кесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабатымен қатынасып тұр. Төмендегі ортодонтиялық аппараттардық қайсысын қолданған жөн:


A) Френкель қызмет регуляторының I-типі
B) Френкель қызмет регуляторының II-типі
C) Френкель қызмет регуляторының III-типі
D) Френкель қызмет регуляторының IV-типі
E) Френкель қызмет регуляторының V-типі
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

Терең тістем


$$$007
Қыз бала 10 жаста. Толық зерттелуден кейін қойылған диагноз – Тіс қатарының терең күрек тістік дизокклюзиясы. Емдеу аппараттарының түрлері:
A) Брюкль аппараты B) Персин аппараты C) Катц сауыты D) Френкель қызмет регуляторы E) Андрезен-Гойпль моноблогы
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 3

$$$008
Кыз бала 6 жаста. Дәрігер-ортодонтқа алдыңғы тістердің аномальды орналасуына, тіс қатарының фронтальды бөлігіндегі саңылауға шағымданып келді. Барлық зерттеулерден кейін қойылған диагноз-вертикалды күрек тістік дизокклюзия. 11 ауырлық дәрежесі кезіндегі ауруда вертикалды саңылау мөлшері:


A) 5 тен 7 мм дейін
B) 2 ден 4 мм дейін
C) 3 тен 5 мм дейін
D) 6 дан 8 мм дейін
E) 5 тен 8 мм дейін
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 2

$$$009
Бала 8 жаста. Тіс қатарын қабыстырғанда 6 мм-лі сагитальды кеңістік, терең күрек тістік жабылу, 6/6 сауытының бұзылуы анықталды. Емдеу жоспарыңыз қандай:


A) вестибулярлы табақшалар
B) сауыттарды қалпына келтіру
C) емдік гимнастика
D) жоғарғы жақта тістемдік алаңы бар табақша
E) Брюкль аппараты
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 3

$$$010
Науқас 9 жаста, косметикалық ақауға, ауыз қуысының үнемі құрғауына, тістеудің қиындауына және шайнауына, сөйлеудің бұзылысына шағымданып келді. Қарау кезінде: беттің төменгі бөлігі ұзындығының ұзаруы, ауызының жартылай ашылуына, мұрын-ерін және иекасты қатпарларының тегістелуі, жақ бұтақтарының қысқаруы, төменгі жақсүйек бұрышының ұлғаюы байқалды. Ауыз қуысында: жоғарғы тіс қатарының кенеттен тарылуы және төменгі жақтың тығыздалуы, таңдай тігісі жоғары, тілінің ұлғаймағаны анықталды.Күрек тістер аймағындағы сагитальды саңылау мөлшері – 5мм. Берілген аномалияны емдеуге қолданылатын аппаратты таңдаңыз:


A) Энгльдің жылжымалы доғасы
B) Хербст-Кожакару аппараты
C) Брюкль аппараты
D) Калвелис табақшасы
E) Катцтың тістемдік табақшасы
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

$$$011
Бала 7 жаста. Тамақ тістеуіне және сөйлеу бұзылысына шағымданып келді. Тістемді қарау кезінде күрек тістер арасында 5 мм-лі вертикалды саңылау анықталды, қаолан тістер нормаға сай тістесіп тұр. Бұл аномалияны емдеу үшін қолданылатын аппратты көрсетіңіз:


A) Регулятор функции Френкль қызмет регуляторының 1-і типі
B) Тіс қатарының төменгі және жоғарғы жағына Энгльдің стационарлы аппараты және жақаралық тартпа
C) Энгльдың серіппелі аппараты
D) Регулятор функции Френкль қызмет регуляторының 2-і типі
E) Жоғарғы және төменгі күрек тістерге ілмегі бар каппа және жақаралық тартпа
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 3

$$$012
Бала 7 жаста. Объективті: беті ассиметриялы. Диагноз: айқасқан тістем. Бұл жағдайда қандай ортодонтиялық аппаратты қолданған жөн:


A) Кербитц
B) Энгль
C) Телебаева
D) Андрезен-Гойпль
E) Башарова
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 3

Айқасқан тістем


$$$013
Бала 14 жаста. Шағымдары: косметикалық ақау, ұрттың шырышты қабатын тістеуі, СТЖБ аймағындағы ауырсыну. Беттегі көріністері: беттің ассиметриясы, бет конфигурациясының бұзылуы, иекастының еріннің орталық бөлігіне қарай ығысуы және иек астының қисаюы. Мүмкін болатын себепті көрсетіңіз:
A) ұртын қолмен таяу
B) төменгі ерінді сору
C) иекастын қолмен таяу
D) жоғарғы ерінді сору
E) алдыңғы тістердің асқынған тісжегісі
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 2

$$$014
Науқас 7 жаста. Объективті: беттің ассиметриясы, иегі оңға ығысқан. Еріндері дұрыс емес қабысқан. Ауыз қуысында: күрек тістің орталық сызығы сәйкес келмейді, оң жақты бүйір бөлімінің тіс альвеолярлы қысқаруы. Оң жақты молярлардың қабысуы прогениялық тістем типіне сәйкес келеді. Қарама – қарсы бөлігінде тістердің қабысуы бұзылмаған. Бұндай патологияның пайда болуына мүмкін юолатын сесбті анықтаңыз:


A) емізу кезіндегі жасанды тамақтандыру
B) ЛОР мүшелерінің жедел және созылмалы аурулары
C) шайнау және мимикалық бұлшықеттердің гипертонусы
D) фронтальды сүт тістердің ерте жұлынуы
E) тіл үзбесінің ұзын, не қысқа болуы
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 2

$$$015
Бала, 10 жаста. Диагнозы: айқасқан тістем. Емдеуге арналған аппарат:


A) тілге тірек болатын тбақша
B) Гербст-Кожокару аппараты
C )бүйір бөлігінде еңкеюі жазықтығындағы таңдайлық табақша
D) Каламкаров аппараты
E) Гуляева аппараты
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 3

$$$016
Бала, 11жаста. Диагнозы: айқасқан тістем. Айқасқан тістемді емдуге арналған аппарат:


A) Телебаева аппараты
B) Андрезен-Гойпль аппараты
C) Брюкль аппараты
D) Каламкаров аппараты
E) Гуляева аппараты
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

Механикалық аппараттар


$$$001
Науқас 11 жаста. Диагноз – таңдай орналасуы 2.1, антагонист тістермен шектелген. 3 ай бойы табақшалы секторальды распилді, бұранданы, бүйір тістердің арасын ашуды қолданды. Қандай ортодонтиялық аппарат элементтері тіс аралығын ашуға қолданады?
A) секторальды распил
B) итермелегіш кламмер
C) тірек – ұстаушы кламмер
D) окклюзиялық бастырма
E) ортодонтиялық бұранда
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 2

$$$002
Науқас 12 жаста. Объективті: 1.3 және 2.3 тістері тіс доғасынан тыс орналасқан, вестибулярлы қалыпта. 1.3 және 2.3 сауыттарына вестибулярлы доғасына М – тәрізді кламмерлермен кеңейткіш табақша жасалған. Тістердің орын ауыстыру сипатын көрсетіңіз:


A) сауытты орын ауыстыру
B) корпусты орын ауыстыру
C) бойлық осі бойымен орын ауыстыру
D) вертикальды орын ауыстыру
E) тіс түбірінің орын ауыстыруы
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 2

$$$003
Бала 7 жаста. Бірінші тұрақты улкен азу тістердің қатынасы Энгль бойынша 1 классқа сәйкес келеді. Жоғарғы алдыңғы тістердің протрузиясы. Олардың арасында трема, диастема. Аппаратты атаңыз:


A) Эйнсворт
B) Шварц
C) Лури
D) Айзенберг
E) Энгль
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

$$$004
Науқас Ф. 16 жас, дәрігер - ортодонтқа ге бүйірлік күрек тістің тіс доғасынан вестибулярлы шығып тұруына шағымданып келді. Объективті: жоғарғы сүйір тіс окклюзия доғасынан тіс қалыңдығының ½ бөлігіне дейін шығып тұр.Ем үшін қандай аппарат қолданған жөн?


A) Хургина
B) Лури
C) Башарова
D) Эйнсворт
Нэнси
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 3

Функциональдық аппараттар


$$$005
Бала 7 жаста. Тексеру кезінде ерін үзбесі кең тісаралық бүртікке бекігені анықталды. Орталық күрек тістер арасында 2 мм-ге дейін саңылау бар. Емдеу әдісі қандай?
A) хирургиялық
B) аппаратуралық
C) миогимнастика
D) хирургиялық + аппаратуралық
E) миогимнастика + аппаратуралық
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}=3

$$$006
Бала 15 жаста.Эстетикалық кемшіліктерге шағымданады. Объективті: беттің төменгі 1/3 бөлігі ұзарған, мұрын – ерін қатпары айқын. Ем үшін төменгі жақты белгілі қалыпта бекітетін, дамымай қалған жақсүйектің өсуін ынталандыратын, еңкею жазықтығының көмегімен тістердің орнын алмастыратын аппаратты қолданады. Жоғарыда аталғандардың бәрі қандай аппаратқа тиесілі?


А) активатор
В) қызмет регуляторы
С) кинеторлар
D) эквилибраторлар
Е) пропульсорлар
{Дұрыс жауап}= В
{Күрделілігі}=3

$$$007
Науқас 12 жаста. Сөйлеудің бұзылуына шағымданады, ауыз жартылай ашық. Тіс қатарын тексеру кезінде, науқаста 6мм – ге дейін сагитальды саңылау анықталады. Төменгі алдыңғы тістерді фронтальды жоғарғы тістер толығымен жабады. Ауыз арқылы тыныс алады. Төменгі ернін тістеп отырады. Бұл патологияны емдеу үшін қандай аппаратты қолданады:


A) Катц тістемдік табақшасы
B) Эйнсворт аппараты
C) Бынин каппасы
D) Френкль қызметінің регуляторы
E) Брюкль аппараты
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

$$$008
Бала 8 жаста. Сырттай тексеру кезінде иектің алдыға шығуы, беттің төменгі бөлігінің қысқаруы. Ауыз қуысында: тіс формуласы жасына сай, төменгі тістер алдыға қисайған, араларында трема. Бүйірлік бөлімдерінде 1.6, 2.6 тістердің алдыңғы ұрттық төмпешіктері 4.6, 3.6 тістердің дистальды ұрттық төмпешіктерімен олардан латеральды орналаса қатынасады. Бала алдыңғы тістерді шеткі қабысуда қоя алады. Бұл аномалия кезінде қандай ортодонтиялық аппаратты қолдануға болады?


A) Шварц каппасы
B) Катц табақшасы
C) Мюлеман пропульсоры
D) Энгль доғасы
E) Башарова аппараты
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

Комбинерленген аппараттар


$$$009
9 жастағы қыз балада жоғарғы еріннің үзбесі төмен бекіген және жоғарғы жақта диастема. Ортаңғы күрек тістерге параллельді балкалары бар сауыттар, сауыт пен түбір бойында күрек тістік тартпа орнатылды. Бұндай емдеу кезінде тістің қозғалысы қандай болады:
A) сауыттық
B) түбірлік
C) корпусты
D) вертикальді
E) горизонтальді
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 2

$$$010
Науқас 10 жаста. Объективті: механикалық кедергі себебінен 2.4 тістің сауыты оральды бетке қисайған. Рентгенологиялық суретте: 2.4 тістің сауыты ығыспаған. 2.4 тіске итермелегіш кламмерлермен пластмасса орнатылған. Бұл тіске ең қолайлы?


A) сауытты орын ауыстыру
B) түбірлік орын ауыстыру
C) корпусты орын ауыстыру
D) осі бойынша айналым
E) вертикальды орын ауыстыру
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 2

$$$011
11 жастағы қыз баланың ата – анасы баласының дұрыс емес тістеміне шағымданып келді. Объективті: беті симметриялы, иегі артқа қисайған. Қол білезігінің рентгенограммасының нәтижесі бойынша: пубертатты өсу кезеңінің басталуы. Тіс формуласы жасына сай. Бүйірлік проекциядағы телерентгенограммада төменгі жақтың кішіреюі анықталды. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысын қолданған жөн?


А) иекасты таңғыш
В) Ортопедиялық бетке арналған маска
С) беттік доға мен бастық тартпа
D) Брекет-жүйесі
Е) Андрезен-Гойпля активаторы
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделілігі}= 3

$$$012
Бала 8,5 жаста, ауыз қуысын сауықтырудан кейін дәрігер – ортодонтқа жолданған. Сырттай қарау кезінде профиль шығыңқы. Тіс қатарларының қабысуы кезінде жоғарғы тістер төменгі ерінде орналасады. Ауыз қуысында: сагитальды саңылау – 4 мм. Төменгі күрек тістердің кесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабығымен қатынасады. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысын қолданған жөн?


А) Френкель қызметі регуляторының I-типі
В) Френкель қызметі регуляторының II-типі
С) Френкель қызметі регуляторының III-типі
D) Френкель қызметі регуляторының IV-типі
Е) Френкель қызметі регуляторының V-типі
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

Дистальді окклюзия


$$$001
Бала 5 жаста. Стоматологтың бала – бақшада профилактикалық тексеруі кезінде, тіл үзбесінің тәжі әлсіз білінеді, тіл бұлшықеттерінің арасында және оның қозғалысын тежейтіні анықталды. Төменде көрсетілгендерден қандай тістемнің қалыптасуы мүмкін?
A) Нейтральды
B) Ортогнатиялық
C) Тік
D) Мезиальды
E) Дистальды
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 2

$$$002
12 жастағы жасөспірім эстетикалық кемшілікке шағымданады. Тексеру кезінде: беттің профилі шығыңқы. Ауыз қуысында: сагитальды сағылау – 4 мм, жоғарғы тұрақты улкен азу тістің алдыңғы ұрттық төмпешігі бірінші кіші азу тіспен қатынасады. Эшлер – Битнер сынамасы теріс. Қорытынды диагноз қою үшін, төменде көрсетілген әдістердің қайсысын қолданған жөн?


A) Антропометриялық әдіс
B) Графикалық әдіс
C) Фотометриялық әдіс
D) Ортопантомография
E) Телерентгенография
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 2

$$$003
Бала 9 жаста. Ата – анасы баласының ортаңғы күрек тістерінің алдыға шығуымен және олардың төменгі ерінде орналасуына шағымданып келді. Анамнезінен белгілі, бала кішкентай кезінде көптеген аурулармен ауырған. Соңғы кезде төменгі ернін тістейді. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Объективті: еріндері қабыспайды, ауыз жартылай ашық, иегі қисайған, төменгі ерні жоғарғы күрек тістердің артында орналасқан, қайырылған. Қандай аппаратты қолданасыз?


A) Гуляева аппараты +
B) Брюкль аппараты
C) Френкель қызметі регуляторының 3 типі
D) Френкель қызметі регуляторының 1 типі
E) Френкель қызметі регуляторының 2 типі
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

$$$004
14 жастағы қыз бала, диагноз : Прогнатиялық тістем. Емдеуге арналған құрылымды таңдаңыз:


A) Мулеман пропульсоры
B) Андрезен-Гойпля активаторы
C) Энгль доғасы
D) Катц аппараты
E) Гуляева табақшасы
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

$$$005
Бала 10 жаста. Клиникалық картина: төменгі жақтың алдыңғы тістері жоғарғы жақтың тістеріне қарағанда алдыға жылжыған. Бүйірлік тістердің арақатынасы бұзылмаған. Ем көрсетуге ең тиімді аппарат?


A) Мулеман пропульсоры
B) Гуляева аппараты
C) Энгль доғасы
D) Брюкль аппараты
E) Катц аппараты
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 3

$$$006
Бала 9 жаста. Клиникалық картина: жоғарғы жақтың алдыңғы тістері төменгі жақтың тістеріне қарағанда алдыға жылжыған. Бүйірлік тістердің арақатынасы бұзылмаған. Ем көрсетуге ең тиімді аппарат?


A) Мулеман пропульсоры
B) Гуляева аппараты
C) Энгль доғасы
D) Брюкль аппараты
E) Катц аппараты
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 3

$$$007
5 жастағы бала, прогнатиялық тістем, 55, 54, 64, 65 тістері жоқ. Ем кезінде қолданылған аппарат?


A) Андрезен-Гойпля
B) еңкею жазықтығымен және жасанды тістермен Катц табақшасы
C) Френкль қызметінің регуляторы
D) Телебаева аппараты
E) Гуляева аппараты
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

$$$008
Бала 8 жаста, клиникалық және лабораторлық зерттеулерге негізделе диагноз қойылды: прогнатикалық тістем. Ем үшін құрылымы бойынша каркасты,функционалды әсер ететін аппарат таңдалды. Төменде көрсетілгеннен таңдаңыз:


A) Мершон аппараты
B) Энгль аппараты
C) Френкль қызметінің регуляторы
D) Коффин серіппесі
E) Андрезен-Гойпля аппараты
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 3

Мезиальді окклюзия


$$$009
Қыз бала 9 жаста. Алдыңғы тістердің арасындағы контакттың болмауына шағымданып келді. Объективті: беттің төменгі 1/3 бөлігінің ұзаруы байқалады. Еріндері қысым арқылы ғана қабысады, еріннің шырышты қабаты құрғайды. 3 мм вертикалды кеңістік байқалады. Бұндай патологияға қандай этиологиялық фактор себеп болды:
A) ЛОР мүшелерінің аурулары, аденоиды, полиптер
B) тілін, саусағын сору сияқты зиянды әдеттері
C) төменгі ерінді тістеу, сору сияқты зиянды әдеттері
D) жұдырығын иекастына қою сияқты зиянды әдеттері
E) басын шалқайтып ұйықтау
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 2

$$$010
Науқас 7 жаста. Объективті: бет ассиметриясы, иекасты оңға жылжыған. Ернінің қабысуы дұрыс емес. Ауыз қуысында: күрек тістердің орталық сызығы сәкес келмейді, бүйір оң жақты тісальвеолярлы қысқару. Оң жақты молярлардың тістесуі прогениялық типті. Қарама – қарсы жақтағы тістесу бұзылмаған. Бұл патологияның пайда болуына мүмкін болатын себептер:


A) емізу кезіндегі жасанды тамақтандыру
B) ЛОР мүшелерінің жедел және созылмалы аурулары
C) шайнау және мимикалық бұлшықеттердің гипертонусы
D) фронтальды сүт тістердің ерте жұлынуы
E) тіл үзбесінің ұзын, не қысқа болуы
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 2

$$$011
9 жасар науқасты қарау кезінде жоғарғы фронтальды тістердің желпуіш тәрізді орналасып, диастема мен треманың болуы анықталды.Тістесу кезінде төменгі алдыңғы тістер қатты таңдайдың шырышты қабатына тіреледі. Бүйір аймағында екі жағынан да тіс-альвеолярлы қысқару байқалады. Бұндай патология кезінде қандай ортодонтиялық аппарат қолдануға болады:


A) жоғарғы жаққа шайнау білігі бар кеңейткіш табақша
B) жоғарғы жаққа шайнау білігі жоқ кеңейткіш табақша
C) жоғарғы жаққа еңкейген жазықтықтағы белсенді доғалы табақша
D) төменгі жаққа еңкейген жазықтықтағы кеңейткіш табақша табақша
E) жоғарғы жаққа резиналы тартпалармен белсенді доғалы табақша
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 3

$$$012
Бала 6 жаста. Жоспарлы қарау кезінде анықталды: иекасты шығыңқы, төменгі жақ бұрышы жазылған, жоғарғы ерні қысқарған, мұрын-ерін қатпарлары айқын. Ауыз қуысында: 1.6,5.5, 5.4, 5.3, 1.1, 2.1, 6.3,64,65,26, тістесу кезінде 1.6, 2.6 тістердің медиальды ұрттық төмпешіктері 3.6, 4.6 тістердің дистальды төмпешіктерімен ара-қатынасады, кері күрек тістік жабылу. 5.5, 5.4, 6.4, 6.5 тістер төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінің төмпешігіне тиеді, бұл тістердің клиникалық сауытының ұзындығы өзгермеген. Бұндай клиникалық потология кезінде қолданылатын ортодонтиялық аппаратты таңдаңыз:


A) Мюлеман пропульсоры
B) Катцтың тістеуші табақшасы
C) окклюзионды бастырмасы бар кеңейткіш табақша
D) Брюкль аппараты
E) вестибулярлы доғасы бар табақша
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 3

$$$013
Бала, 5 жаста, дұрыс емес тістем мен жоғарғы еріннің батыңқылуына . Ауыз қуысын тексеру кезінде, балада сүт тістер мен бірінші тұрақты молярлары бар екені анықталды. Тіс доғалары жартылай дөңгелек формалы, фронтальды тістер арасында трема анықталмаған. Кері күрек тістік жабылу белгіленді, улкен азу тістердің түйісуі дұрыс. З.И. Долгополова бойынша модельдерде антропометриялық зерттеу, жоғарғы тіс қатарының 5.2 және 6.2 арасында 1 мм-ге, 5.3 және 6.3 арасында 3 мм-ге тарылуын анықтауға мүмкіндік берді. Тіс қатары 3,5 мм-ге қысқарған. Төменгі тіс қатары сүйір тістер мен бірінші уақытша үлкен азу тістердің тарылуы 1 мм-ге жуық, алдыңғы бөлігінде 2 мм-ге қысқарған. Бұл патологияны емдеуге арналған әдісті таңдаңыз:


A) жоғарғы жақ тіс қатарының кеңеюі
B) жоғарғы жақ тіс қатарының ұзаруы
C) төменгі жақ тіс қатарының кеңеюі
D) жоғарғы және төменгі жақ тіс қатарларының ұзаруы
E) жоғарғы және төменгі жақ тіс қатарларының кеңеюі
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

$$$014
Науқас 15 жаста. Ортодонтқа тістемінің дұрыс еместігіне, тамақты тістеу қиындығына, қызыл иек қанағаштығына, және 5 жыл бойы поликлиникада нәтижесіз еміне шағымданды. Ауыз қуысын тексеру: тіс қатары дұрыс формада, тістер саны жасына сәйкес келеді. Тістердің ара қатынасы фронтальды бөлімде прогениялық, ал бүйір бөлімдерінде прогениялық және латеральды (вестибуллоокклюзия). Астыңғы фронтальды тістер аймағында қызыл иек маңындағы шырышты қабаты ісінген, түсі көкшіл. Анамнезден бұндай бет пішіні әкесінде де болғаны анықталды. Сіздің тактикаңыз:


A) Энгль доғасын қолданумен қатар миогимнастика
B) төменгі жақ резекуиясы, ретенционды аппараты
C) комбинерленген аппараттардың көмегімен бөлектеу
D) механикалық аппараттарды қолдану
E) жоғарғы жақ остеосинтезі, ретенционды аппараты
{Дұрыс жауап}= C
{Күрделілігі}= 3

$$$015
Бала 9 жаста. Клиникалық көрінісі: төменгі жақ сүйегіндегі тістерге қарағанда жоғарғы жақ сүйектері алдыға қарай ығысқан. Бүйір тістердің ара-қатынасы бұзылмаған. Емдеуге ең ыңғайлы аппаратты таңдаңыз:


A) Мулеман пропульсоры
B) Гуляева аппараты
C) Энгль доғасы
D) Брюкль аппараты
E) Катц аппараты
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 3

$$$016
Науқас 5 жаста. ДЗ: прогениялық тістем. Емдеу аппаратын көрсетіңіз:


A) Катц аппараты
B) Андрезена-Гойпля
C) Энгль доғасы
D) Телебаева аппараты
E) обтуратор
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 3

Уақытша тістесу кезеңі


$$$001
Тіс-жақ аномалиясы профилактикасында миотерпия әдісін әзірлеген:
A) Роджерс
B) Ретциус
C) Энгл
D) Виноградова
E) Каламкаров
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 2

$$$002
Ауыз құысының айналмалы бұлшық етін дамыту үшін қолдануға болады:


A) вертушкаға үрлеу
B) төменгі жақ сүйегін алдыға жылжыту
C) "таңдайды қағу"
D) тілді алдыға ығыстыру
E) таяқшаны тістеу
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

$$$003
Төменгі ерінді жылжыту бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:


A) вертушкаға үрлеу
B) түймелермен
C) Дасса активаторымен
D) Роджерс амортизаторымен
E) төменгі жақ сүйегін ритмикалық жылжыту
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 3

$$$004
Төменгі жақ сүйегін көтеретін бұлшықеттерге арналған жаттығулар:


A) вертушаға үрлеу
B) түймелері бар таяқшаны тістеу
C) Дасса активаторымен
D) Роджерс амортизаторымен
E) төменгі жақ сүйегін ритмикалық жылжыту
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

Аралас тістесу кезеңі


$$$005
Тілдің алдыңғы бөлігіндегі бұлшықеттерге арналған жаттығулар:
A) резиналы сақинамен
B) вертушкаға үрлеу
C) Дасса активаторымен
D) таяқшаны тістеу
E) екі резиналы сақинамен
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 3

$$$006
Ерте жастағы баларда инфантильді жұтынудың алдын алу үшін қолданылады:


A) эквилибратор
B) Краустың вестибулооральды табақшасы
C) Вестибулярлы доғалы және кламмерлі таңдайлық табақша
D) Дасса активаторы
E) Жақтық эспандер
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

$$$007
Ауыз қуысының айналмалы бұлшық етін дамытуда қолданады:


A) түймелермен жаттығу
B) Дасса активаторымен
C) вестибулярлы табақшамен
D) таяқшаны тістеу
E) резиналы сақинамен
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 2

$$$8
Миотерапияны немен үйлестірген жөн:


A) ремтерапиямен
B) массажбен
C) пародонт ауруларын емдеумен
D) логопедиялық жаттығулармен
E) тіс жегіні емдеумен
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 2

Тұрақты тістесу кезеңі


$$$009
Балада ауызы жартылай ашық, "оймақ" симптомы. Миотерапияға жаттығуларды таңдаңыз:
A) "таңдайды қағу"
B) таяқшаны тістеу
C) вестибулярлы табақшамен
D) Дасса активаторымен
E) Роджерс амортизаторымен
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

$$$010
Науқас 6 жаста. ДЗ: Инфантильды жұтыну.Инфантильды жұтынуды түзету үшін жаттығуды таңдаңыз:


A) "таңдайды қағу"
B) тілдің ұшында және орталық бөлігіндегі резиналы сақиналармен жұтыну
C) Тістерді орталық окклюзияда тістесу
D) Таяқшаны тістеу
E) Саусақты тістеу
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

$$$011
Науқас 3 жаста. ДЗ: Ашық тістем. Анамнезден: зиянды әдеті бар (емізікшені сору). Емдеуге арналған аппаратты таңдаңыз:


A) Шонхер табақшасы
B) Энгль доғасы
C) Телебаева доғасы
D) Андрезен-Гойпльмоноблогы
E) аппарат тағайындамау
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

$$$012
Бала 3 жаста. Диагноз: ашық тістем. Анамнезден: зиянды әдеті бар (емізікшені сору). Емдеуге арналған аппаратты таңдаңыз:


A) Шонхер
B) Энгль
C) Телебаев
D) Катц
E) Брюкль
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

ДДҰ, Энгель жіктемесі


$$$001
Бала, 10 жас. Ауыз қуысында тіс қатарының және апикальды базистің тарылуы байқалады. Тарылу сатысын анықтайтын зерттеу әдісін атаңыз?
A) Снагина
B) Тон
C) Пон
D) РМА
E) КПИ
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 2

$$$002
Бала, 5 жаста, дұрыс емес тістем мен жоғарғы еріннің батыңқылуына . Ауыз қуысын тексеру кезінде, балада сүт тістер мен бірінші тұрақты молярлары бар екені анықталды. Тіс доғалары жартылай дөңгелек формалы, фронтальды тістер арасында трема анықталмаған. Кері күрек тістік жабылу белгіленді, улкен азу тістердің түйісуі дұрыс. З.И. Долгополова бойынша модельдерде антропометриялық зерттеу, жоғарғы тіс қатарының 5.2 және 6.2 арасында 1 мм-ге, 5.3 және 6.3 арасында 3 мм-ге тарылуын анықтауға мүмкіндік берді. Тіс қатары 3,5 мм-ге қысқарған. Төменгі тіс қатары сүйір тістер мен бірінші уақытша үлкен азу тістердің тарылуы 1 мм-ге жуық, алдыңғы бөлігінде 2 мм-ге қысқарған. Бұл патологияны емдеуге арналған әдісті таңдаңыз:


A) жоғарғы жақ тіс қатарының кеңеюі
B) жоғарғы жақ тіс қатарының ұзаруы
C) төменгі жақ тіс қатарының кеңеюі
D) жоғарғы және төменгі жақ тіс қатарларының ұзаруы
E) жоғарғы және төменгі жақ тіс қатарларының кеңеюі
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

$$$003
Науқас 14 жаста. Ауыз қуысында: Тіс доғасында орын жетіспеушілігінен жоғарғы сүйір тістердің протрузиясы.Ортогнатиялық тістем. Жақсүйек модельдерін Пон индексі бойынша биометриялық зерттеу кезінде: премолярлы – 80; молярлы – 64. Бұл патологияны емдеу үшін жүргізеді:


A) ортодонтиялық аппараттың көмегінсіз 13 және 23 тістерді жұлу
B) ортодонтиялық аппараттың көмегінсіз 14 және 24 тістерді жұлу
C) ортодонтиялық аппараттың көмегімен 14 және 24 тістерді жұлу
D) ортодонтиялық аппаратты хирургиялық әдіссіз қолдану
E) 13 және 23 тістерді келешекте протездеу мақсатында жұлу
{Дұрыс жауап}= С
{Күрделілігі}= 3

$$$004
Қыз бала 18 жаста. Бастың формасы - долихоцефаликалық . Ауыз қуысында жоғарғы және төменгі фронтальды тістер тығыз қалыпта. Жақсүйектің апикальды базисін биометриялық өлшеу II дәрежелі ені мен ұзындығының кішіреюін көрсетті. Қандай ортодонтиялық ем қолданған ең қолайлы?


A) апроксимальаралық сепарация
B) тіс қатарларының кеңеюі
C) тістерді протрагирлеу
D) тістердің дистализациясы
E) жеке тістерді жұлу
{Дұрыс жауап}= Е
{Күрделілігі}= 3

$$$005
Бала, 10 жас. Фотометриялық зерттеу кезінде "құс тәрізді бет" анықталды. Диагноз қойыңыз


A) мезиальды тістем
B) ашық тістем
C) терең тістем
D) дистальды тістем
E) айқасқан тістем
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 2

$$$006
Бала, 9 жас. Антропометриялық зерттеу кезінде жіңішке бет анықталды. Биометриялық зерттеу кіші азу тістер аймағында тарылуды көрсетті. Ем үшін қажет?


A) пропульсор
B) кинетор
C) ретейнер
D) амортизатор
E) кеңейткіш
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 3

$$$007
Бала, 11 жас. Антропометриялық зерттеу кезінде жіңішке бет анықталды. Биометриялық зерттеу алдыңғы аралықтың қысқаруын көрсетті.Алдыңғы аралығын ұзарту үшін элемент таңдау қажет?


A) итергіш
B) серіппе
C) бұранда
D) кламмер
E) стопор
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

$$$008
Бала, 12 жас. Антропометриялық зерттеу кезінде жіңішке бет анықталды. Биометриялық зерттеу тіс доғасының кенеттен тарылуын көрсетті. Ем үшін қандай аппарат қажет?


A) Френкель
B) Дерихсвайлера
C) Гашимов
D) Леон
E) Брюкль
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 3

$$$009
10 жастағы науқаста, телерентгенограммада жоғарғы жақ негізінің жазықтығына қатынасы бойынша жоғарғы күрек тістердің еңкею бұрышы 71 градусқа тең. Сіздің диагнозыңыз?


A) күрек тістер протрузиясы
B) күрек тістер ретрузиясы
C) прогениялық тістем
D) трема
E) диастема
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 2

$$$010
Бала 10 жаста, мектеп тіс дәрігерінің жолдамасы бойынша келген. Бірінші тұрақты молярлар аймағында қабысуы Энгльдың III классы бойынша. Клиникалық сынаманы жүргізген кезде тістерін тік қабыстыра алмайды. Аномалияның себебін анықтау үшін қосымша әдістердің қайсысын қолданған жөн?


A) Ортопантомография
B) Фотометрия
C) Антропометрия
D) Биометрия
E) Телерентгенография
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 2

$$$011
Науқас 11 жаста. Алдыңғы тістердің дұрыс емес орналасуына шағымданады. Объективті зерттеу кезінде – жоғарғы жақтың фронтальды бөлімінде тістердің шоғырланып орналасуы, 16,26 тістердің мезиальды ығысуы, сөйлеудің, жұтынудың бұзылысы, еріндерінің қабыспауы. Сіздің ем жоспарыңыз:


A) панорамная рентгенография
B) томогафия
C) аксиография
D) реография
E) электромиография
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

$$$012
Бала 14 жаста. КСКТ және ТРГ-да жоғарғы жақтың сүйір тістері тіс доғасында орын жетіспеушілігінен вестибулярлы орналасқан. Емдеу әдісін таңдаңыз?


A) сүйір тістерді жұлі
B) бірінші кіші азу тістерді жұлу және сүйір тістердің дистальды ығысуы
C) жоғарғы ерін үзбесінің пластикасы
D) улкен азу тістерді жұлу
E) Хургинна аппараты көмегімен жоғарғы жақты кеңейту
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}= 3

Классификация: ВОЗ, Энгля.


$$$001
Бала 6 жасар. Жұтыну кезінде тіс қатарлары арасына тілін итеру әдеті пайда болды. Қажетті ортодонтиялық емсіз қандай аномалия пайда болуы мүмкін?
A) терең тістесу
B) айқас тістесу
C) прогнатиялық тістесу
D) ортогнатиялық тістесу
E) тік тістесу
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}= 2

$$$002
Бала 8 жаста, мұрын – ерін қатпары тегістелген, бірінші молярлардың арақатынасы II класс бойынша, сагитальды саңылауы бар, жоғарғы жақтың фронтальды тістерінің протруссиясы. Диагноз қойыңыз:


A) терең тістесу
B) айқасқан тістесу
C) прогнатиялық тістесу
D) ортогнатиялық тістесу
E) тік тістесу
{Дұрыс жауап}= С
{Күрделілігі}= 2

$$$003
Бала 8 жаста. Ауыз қуысында: тіс қатарының қабысуы кезінде, 6мм сагитальды саңылау анықталады, тіссауыттары 6/6 бұзылған. Диагноз қойыңыз:


A) терең күрек тістік
B) айқасқан тістесу
C) прогнатиялық тістесу
D) ортогнатиялық тістесу
E) тік тістесу
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}= 3
$$$004
Бала 4 айлық. Объективті: альвеолярлы өсінді мен ерін аймағындағы ақау ені 22 мм. Мұрын түбі жоқ. Тіл әрдайым жоғары қалыпта болады. Ақау қатты таңдай мен жұмсақ таңдайға жайылады. Диагноз қойыңыз:
A) туа біткен қатты таңдай мен жұмсақ таңдайдың ақауы
B) айқасқан тістесу
C) прогнатиялық тістесу
D) ортогнатиялық тістесу
E) тік тістесу
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}= 3

$$$001



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет