[Введите текст]
153
мистикаға телу үрдісі де әдебиеттегі кертартпалықтың
мысалы есебінде тілге тиек болды. Міне,осы мәселелердің
бәрі еңбектің бес тарауында жан-жақты тарқатылып,
таралып, талданады.
Ғалым,әдебиетші
Тұрсын Жұртбаевтың “Бейуақ”
(Алматы.Қазақстан,1991—304бет) атты зерттеуінде 1916
жылғы Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты
алты жүзден астам архив документтерін, көтеріліске
қатысқан
кісілердің,
қайраткерлердің
естеліктерін
пайдалана отырып, тарихымызда әлі терең айтылмай келе
жатқан
“ақтаңдақтарды
“ашып,
самодержавиенің
жүргізген жазалау -геноцидтік саясатының зұлымдық
мәнін көрсетеді. М.Әуезовтің “Қараш-Қараш” повесінің
кейіпкері
Т.Рысқұловтың
әкесі,
кітап
кейіпкері
Р.Жылқайдаровтың
тағдыры,
түрмедегі
өміріне
байланысты белгісіз материалдар негізінде жазылған “Үш
Қараш” материалы да оқырмандар үшін тың дүниелер.
Зерттеуші еңбегінде қаншама мол тарихи мәліметтер,
бұрындары қалың көпшілік назарынан тыс қалған құнды
тарихи
құжаттар
негізінде
ұлы
жазушының
шығармасында астарлай берілген оқиғаларға ой жүгіртеді.
Зерттеу тарихи шындықтың көркем шындыққа жету
барысындағы шығармашылық шеберхананың сырын
ашады.
Достарыңызбен бөлісу: