8.16.2 Мембраналық технология Мембраналар да этанолды тазарту үшін қолданыста бола алады. Мембраналық, этанол үшін
өткізбейтін және суды өткізетін сүзгілер қолданылатын, кері осмос қондырғылары (RO), этанолды
судан тазарту үшін қолданылуы мүмкін. Су үшін емес, бірақ этанол үшін өткізгіш, мембраналық
сүзгілерді пайдалану басқа тәсіл болып саналады [9]. Первапорация, перспективтік мембраналық
тәсіл, азеотропты қоспалар немесе қайнау температурасы жақын қоспалар сияқты, осындай
органикалық сұйық қоспаларды бөлу үшін, сол сияқты осы азеотроптарды бөлу үшін қолданылуы
мүмкін [90, 92]. Ол су өткізгіш мембраналар арқылы (немесе су үшін іріктемелі) этанолдың
қоюланған ерітіндісінен қалдық суды кетіру үшін этил этил спиртінің азеотроптық қосылыстарына
жақын (шамамен 95-тен 99,5 мас. % этанол) немесе этил спиртінің азеотропын бөлу болып саналады
[93].