154
үшін арнайы құрылым мен вакуумды пайдалану қолданылады. Ребойлердің орнына буды
пайдалану, келесі процестің қамына қажетті су көлемін көбейтеді
• Жүйемен басқарудағы жеңілдік.
• Колонна бөлігін ашу және колоннаны тазартудағы жеңілдік.
Әрине, сонымен қатар күрделі жұмсалымды төмендету айыру жүйесін таңдау барысында ең
негізгі параметрлердің бірі болып табылады.
Этанол нарықта әртүрлі дәрежедегі тазалықта кездеседі. Этанолдың 190 күштілік дәрежесіндегі
көп бөлігі (минимум 95% немесе 92,4%), еріткіштер үшін және фармацевтикада, косметика мен химияда
пайдаланылады. Құрамында 5%-ға дейін органикалық заттар, күрделі эфирлер мен кейде метанол бар
техникалық сападағы этанол, өндірістік еріткіштер мен химиялық синтездеу үшін қолданылады. 200
(99,85%) күштілік дәрежесіндегі, жоғарғы таза абсолютті этанол, мамандандырылған химия саласында
пайдалану үшін шығарылады. Бензинмен аралас отын пайдалану үшін (газохол) дерлік (99,2%) этанол
пайдаланылады,
бірақ
жоғарғы
қолжетімді
деңгейдегі
органикалық
қоспалармен [55].
Әдебиетте басқа жүйелер ұсынылған мезгілде, мұнда жай екі колонналы жүйе сипатталған (мысалы, [9,
55]). Айыруды десорбциялау секциясы мен ректификация ғана бар, бір немесе екі колонналы жай жүйе,
әдетте төменгі сападағы денатуратталған этил спирті мен азеотропты спирт өндіру үшін ары қарай
жанғыш сортқа дейін дегидрациялау үшін пайдаланылады.
Этанолдың үздіксіз дистилляциясының жай жүйесі десорбциялық ажырату секциясы мен
ректификациядан тұрады, колоннамен бірге, немесе екі колоннаға бөлініп тұрады. (8.9 сурет).
Үздіксіз дистилляция процессінде, айдау колонкасында суслоны қайнау температурасына дейін
буды пайдаланған кезде, қатты ашыған сусло қайта айдалады. Этанолмен байытылған бу, эталонның
концентрациясы сатылап өсетін, ректификациялау колоннасымен өтеді. Колонкадан колоннаның
үстінен бу шығады, бөлігі конденсацияланып қайтадан ағын түрінде колоннаға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: