Wiley жаңартылатын энергия


    12 Биометан өндірісі



Pdf көрінісі
бет263/289
Дата06.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#15710
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   289
Байланысты:
85ed3add3d2c01aa56fd50434f088231 original.4943233

 
 
209 
 
12 Биометан өндірісі 
 
Ручика Гоял, Викаш Бабу және Гириеш Кумар Патель* 
Биотехнология факультеті, Graphic Era University, 
                                                                                     Дехрадун-248002,Үндістан 
Қысқаша мазмұны 
   Кейінгі уақытта қалпына келмейтін энергия көздерінің қоры кең түрде  қолданылуда және 
кең  таратылуда.  Бүкіл  әлем  болашақта  энергия  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін 
қауіпсіз,  қалыпқа  келтірілетін  және  біріктірілген  энергия  көздерін  қажет  етуде.  Осы 
тұрғыдан алсақ,  биометанды түрлі салада табиғи газдың орнына қолдануға болатын энергия 
көзінің  бірі  ретінде  алуымызға  болады.  Органикалық  қалдықтарды  анаэробты  жіктеу, 
ағынды  судың  шламы  және  метан  құраушы  бактериялары  бар  қалдықтар  биогаздың 
өндірілуіне  әкеп  соқтырады.  Биогаздың  негізгі  бөлігі  тазартылатын  және  байытылатын 
биометаннан  тұрады.  Жаңартылатын  отын  түрлерінің  ішіндегі  БЖБ  (Британдық  жылу 
бірлігі)  ең  жоғары  болып  табылатын  биометан  ең  таза  және  экологиялық  таза  болып 
табылады.  Түпкі  бола  тұра  қолжетімді  ресурс  болып  табылатын  биомасса  тұрақты 
энергетикалық  жүйе  қалыптастыруда  маңызды  рөл  атқаруы  мүмкін.  Нақтырақ  айтсақ, 
стандартты  анаэробты  дигерлеуде  20–30%  органикалық  зат  минералданады.  Бұған  қоса, 
гидролиз  бен  сіңімділікті  көтеру  үшін  биомассаны  қолдану  энергетикалық  мәселелерді 
шешудегі қажетті шара болып табылады. Биомассадан биогазды өндіру биомассаны қолайлы 
қолдану  болып  саналады,  сондықтан  да  биометанды  жаңартылмалы  немесе  жасыл  газ  деп 
атайды. Бұл тарауда биометанды өндірудің түрлі аспектілері, жаһандық сценарий және оны 
қолдану қарастырылады.  
Түйінді сөздер: Биометан, БЖБ (Британдық жылу бірлігі), биогаз, метанопродуцент, 
органикалық қалдықтар, жылу энергетика станциясы, жаңартылатын отын, Воббе 
көрсеткіші. 
12.1 Кіріспе 
Биометан  биогаздан  өндірілетін,  жаңартылатын  табиғи  газ  болып  табылады.  Химиялық  құрамы 
бойынша,  биометанды  қарапайым  табиғи  газ  тәрізді  жануарлардың  көңінен,  ағынды  судан  және 
коммуналдық-тұрмыстық  қалдықтардан  (12.1  кесте)  метаногенез  жолымен,  яғни  CH
4
  және  CO
2
 
метанопродуценттер орындалатын биологиялық үрдістер арқылы өндіріледі [1]. Қатты қалдықтарды 
өндірудегі  жаңа  бағыттың  үш  негізгі  себебі  мыналар:  1)  органикалық  қатты  қалдықтарды  жою 
барысында    қалдықтарды  көметін  орындарға  қарағанда  экологиялық  таза  жолмен  жою  үрдісін 
қолдану; 2) қазба отынға балама болып табылатын биогаз атты жаңартылатын отын алу мүмкіндігі; 
және  3)  іске  қосу  үрдісі  мен  басқаруға  қатысты  шығындардың  төмен  болу  артықшылығы  [2]. 
Биомассадан  алынған  биометан  қазба  табиғи  газды  алмастыра  алады.  Осылайша,  ол  парникті  газ 
шығарындыларын  азайта  алады  және  энергетика  экономикасының  тұрақтылығы  мен  экологиялық 
қауіпсіздігіне  қомақты  үлес  қоса  алады.  Бұған  қоса,  биогазды  өндіру  үшін  ауыл  шаруашылығы 
қалдықтарын  кәдеге жарату  климатты  қорғауда  қосымша  үлес  енгізуі  мүмкін.  Дәл  осы  себептен  де 
биогаз бен биометанды дәл қазіргі күні қолданылып жүрген биомассаның басқа түрлеріне қарағанда 
жаһандық климаттық балансқа аса жоғары позитивті ықпал жасаушы ретінде қарастыруға болады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет