Windows жүйесінің стандартты программалары. Графикалық


Кестенің элементтерін белгілеу



бет5/6
Дата21.09.2023
өлшемі30,95 Kb.
#109563
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
24топ

Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.
Жұмыс кітабын құру. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.
Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.
Кесте - ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.
Жол - көршілес ұяшықтардың бірлестігі.
Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.
Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.
Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек.
Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және  белгісі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек.
Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, кітап автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау терезесі шығады.
Электрондық кесте – ұяшыктарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.
ЭК-дегі мынадай типті деректерді енгізуге болады: мәтіндік, сандық, формулалық (туынды ақпаратты есептеу үшін), датасын және уақытын көрсететін болуы мүмкін.
Мәтіндік жазбалар әріптердің, сандардың және арнайы символдардың, қандай да болса тізбегі. Егер бірінші символ тырнақша, апостраф, бос орын немесе цифрлар кезектесіп келсе, онда мәтін ретінде қабылданады.
Microsoft Excel бағдарламасы қарапайым есептеулерді оңай орындауға мүмкіндік береді. Алу, қосу, көбейту және бөлу амалдарынан басқа, бұл бағдарлама мәндер жинағында орташа арифметикалық мәні мен жалпы қосындысын есептеп шығара алады. Негізгі арифметикалық амалдар көмегімен кірістер мен шығыстарды біле отырып, түскен пайда шамасын немесе қызметкер қанша сағат жұмыс істегенін және бір сағатқа қанша төленетінін біле отырып, оның еңбекақысын және т.б. есептеуге болады.
Автотолтыру. Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін авто толтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.
Excel-дің объектілерімен өңделген xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондык кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын алфавитінің А,В,С,...,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық – деп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді үяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі немесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы: А1, С20.
Жұмыс беттерінің таңбаларына «Лист1», «Лист2», және т.с. меншіктелген. Сол парақтарға ат қою дұрыс. Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз.

  1. Қандай да бір парақтың таңбасында маустың оң жағын шертіңдер.

  2. Переименовать командасын таңдағанда сонда ол қара түспен ерекшеленеді. Жаңа ат енгізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет