1371-1372 жылдары Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы болды.Алмалық қаласына жетіп,қаланы ала алмай жол бойындағы елді мекенді тонап,тұтқындарды алып қайтады.
Моғолстанның ішкі сыртқы жағдайы
1375-1377 жылдары екінші жорықта Оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп Жетісудың Шарыл өзеніне дейін жетеді.Моғол ұлысының басшысы Қамарад-динмен шайқасады оны жеңеді.Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға,Үш Тұрфаға қарай қашып құтылады.
Моғолстанның ішкі сыртқы жағдайы
1380-1390жылдары Әмір Темір 120 мың әскері мен Моғолстанға бірнеше рет жорық жасаған. Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді.Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп,саяси жағынан бөлшектенеді.Қызыр-Қожахан темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.
Моғолстанның ішкі сыртқы жағдайы
Моғолстан Әмір Темір (1405ж.)қаза болғаннан кейін ғана Қызыр Қожаның мұрагері Мұхамед ханның кезінде (1405-1416ж.ж) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды.
1408 жылы Мұхамед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасында Ферғана үшін таласты ол өзінің әскер күшімен Ахмед мырзаға көмектесіп,жеңіске жеткен еді.