1841 ж. қыргүйек айында Хандық билікті қайта қалпына келтіреді
Хан жанынан кеңес құрып өзіне сенімді адамдар – жасауылдар арқылы басқарды
Салық түрлері – зекет-малшыларға арналған салық
ұшыр-егіншілерге арналған салық
баж-саудагерлерге арналған салық
Әскер саны – 20 мың
Бөлінді - жүздік және мыңдық. Жүздікті жүзбасы, мыңдықты мыңбасы басқарды
Мергенбасы лауазымы енгізілді, хан әскерінде айырым белгісі болды
Патша үкiметiнiң жазалау әрекеттерi.
Ханның басына 3 мың сом
мөлшерiнде сыйақы жарияланып, жазалау үшін Лебедев отрядын жіберді.
1844 ж. - Тобыл өзенiнiң жоғарғы ағысында А. Жантөрин сұлтанның әскерiне күйрете соққы бердi. 44 адам қаза тапты. Дуниковский әскері көмекке келмеді.
1844 ж. тамызында - Екатерина станицасына шабуыл жасады. 40 адамды тұтқынға алды, қыруар малды айдап әкеттi.
Кенесары әскерлерiнiң Ұлы жүз аумағына қарай шегiнуi. Қырғыз аумағындағы қимыладры.
Сiбiрдегi өкiмет билiгi Омбыдан елеулi әскер күшiн зеңбiректерiмен қоса Жетiсуға жедел түрде жiбердi
Қолдау көрсетті: Ұлы жүздiң батырлары Сұраншы, Байсейiт, Тайшыбек
Кенесары Қасымұлы Қытайға барып, бой тасалай тұруды да ойлады. Бiрақ оның бұл әрекетiн Қытай үкiметi қолдамады.
Омбыдан жіберілген Вишневский қырғыздарды Кенесарының ауылдарына шабуыл жасауға айдап салды
К.Қасымұлы: «Менiң мұнда келгендегі мақсатым, сендермен жауласу, қан төгiсу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту болып табылады»
Хан солтүстiк қырғыз руларын билеушi манаптардың өзiне бағынуын талап еттi
ҚЫРҒЫЗДАРМЕН ҚАҚТЫҒЫС
1847 ж. сәуiрде Кенесары 10 мың қолмен Ыстықкөл мен Шу өзенiнiң жоғарғы ағысы аралығында Кекiлiк сеңгiр тауының қойнауында қырғыздармен соғысты.
Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздiң ықпалды биi Сыпатай жасақтарының кенеттен шегiнiп кетуi көтерiлiсшiлердiң жағдайын қиындатып жiбердi.
Кененсары 30-дан астам сұлтан және інісі Наурызбаймен бірге тұтқынға түсіп, қырғыздардың қолынан қаза табады.
Кененсары ханының ерлігін ақын Нысанбай Жаманқұлұлы «Кенесары–Наурызбай» дастанында жазды.
Көтерілісті ханның баласы Сыздық сұлтан кек алу мақсатында жалғастырды.