Қабылдаған: Әбдір Күлзия
Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді.
Бірте-бірте зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты. Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес.
Айтысты, соның ішінде XIX ғасырдағы ақындар айтысын фольклор, ауызша әдебиет аясында ғана қарастыру жеткіліксіз. XIX ғасыр әдебиеті бастан кешкен сан түрлі сапалық түр, жаңарып өзгеру, түрленулердің айтыс жанрына да ықпалы тиді
Айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны, мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыстың табиғатын зерттейтіндердің бәрінің көзқарасы бірдей емес.
А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары XIX ғасыр айтысының табиғатын тануда таптырмайтын өлшем үлгісі. А.Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы айтыс күйінен «Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады» деп хабар береді.
Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті үлгілерін қарастырудың негізін салды. Әдебиеті ауызша әдебиет, жазба әдебиет деген үлкен екі салаға бөліп, ауызша әдебиеттің жазбаша әдебиеттен айырмашылығын атап көрсетіп берді.
Ә.Қоңыратбаев XІX ғасырда туған айтыс поэзиясын беске бөледі. Ілгеріде айтысты зерттеушілер әдет-ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар немесе бәдік жар-жар, мал мен адам, өлі мен тірі, салт, қыз бен жігіт, ру, совет дәуіріндегі деп жіктегенін, М.Жармұхамедов еңбегінде
айтыстың он төрт түрі бар
деп көрсетілгенін
ескертіп айтады.