Xv-xviіі ғғ. Қазақ хандығы



Дата12.04.2023
өлшемі12,94 Kb.
#81712
түріҚұрамы
Байланысты:
Практика сұрақтары 5


5 Практика сұрақтары
XV-XVIІІ ғғ. Қазақ хандығы

1. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.


2. Қазақ хандығының күшеюі. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.
3. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Ру-тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы. Сырдария жағалауындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидің Қазақ хандығына қарсы жорықтары. Шайбани ханның қаза табуы.
4. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. XVI ғасырдың орта тұсына қарай Қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі.XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Тақ үшін күрестер және олардың салдары. Мамаш, Тахир хандар. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым-қатынастары. Ахмет, Тоғым және Бұйдаш хандар. Қазақ-ноғай қатынастары.
5. Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі. Қазақ-ноғай қатынастары. Қазақ хандығы және Мәуереннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ хандарының Бұхара мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Хақназар ханның қаза табуы. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты. Мәуереннахр аумағына жорықтардың нәтижелері. Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.
6. XVIІ ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынастар. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі. Жәнібек хан. Орбұлақ шайқасы. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. «Белгісіз жылдар» кезеңі.1652-1680 жж. Сайрам соғысы.
7. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты. Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясы: Мавераннахрмен (шейбанидтер, аштарханидтер), Иранмен байланыс, Осман империясымен байланыс орнату әрекеттері, қазақ-орыс байланыстары.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет