Xx ғасырдағы Қазақстан



бет7/7
Дата16.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#139981
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция. ХХ ғасырдағы Қазақстан

Мемлекеттік тіл мәселесі. Конституцияның алғашқы жобасында «Қазақстан Республикасынында мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. Орыс тілі – ұлтаралық байланыс тілі. Мемлекеттік немесе ұлтаралық байланыс тілдерін білмегендігі үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді» - деп жазылды. Осы бап төңірегінде баспасөзде кең пікір алмасу болды. Екі тілге бірдей мемлекеттік тіл статусын беру қажет деген талаптар да қойылды. Конституцияның екінші жобасында осы бапқа төмендегідей қосымша енгізілді: «Қазақстан Республикасы мемлкеттік тілмен қатар орыс тілінің де еркін қолданылуын қамтамасыз етеді. Азаматтардың ана тілдерін қолдану құқығы қорғалды.»
Әкімшілік-мемлекеттік құрылым. Конституцияның жобасында Қазақстан – егеменді, демократиялық және унитарлы мемлекет деп танылды. Қазақстан территориясы біртұтас, бөлінбейді және қол тигізуге жатпайды. Конституция мәтінінің осы бабына ұйғыр, орыс ұлттарының кейбір өкілдері қарсы болып, Конституцияға мемлекеттік федеративтік құрылымы туралы ұсынысты енгізбек болды.
Басқару түрі.Президенттің ұсынысы бойынша Конституция жобасына бірқатар өзгертулер енгізу туралы Жоғарғы Кеңеске ұсыныс жасалды: Президенттің парламентті таратуы туралы, екі палаталы парламент құру туралы, Президенттің импичменті және Конституцияны референдум арқылы қабылдау туралы. Алайда бұл ұсыныстар Жоғарғы Кеңес тарапынан қолдау таппады.
1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғары Кеңес Конституция жобасын қабылдады. Бұл егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясы еді.
1990 жылы сайланған Қазақ КСР-інің Жоғары Кеңесінің өкілеттілігі 1995 жылға дейін еді. Алайда 1993 жылдың аяғында елдің саяси өмірінде біраз өзгерістер болды. 1993 жылдың қараша айында Алматы қаласы Әуезов аудандық халық депуттарының кеңесі өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады және барлық деңгейдегі кеңестерге де осындай ұсыныс жасады.
9 желтоқсанда Жоғары Кеңес Қазақстан Республикасы халық депуттарының жергілікті кеңестерінің өкілеттіліктерін тоқтату туралы шешім қабылдады. 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша өкілеттіітерді уақытша беру туралы » Заң қабылданды. Сол күні Жоғарғы Кеңестің 360 депутатының 200-ден астамы өз өкілеттіліктерін тоқтататынын жариялады.
Осының нәтижесінде 1993 жылдың 10 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады. Бұл Қазақстанның парламентсіз қалғандығын және Қазақстандла кеңес өкіметі жойылғандығының белгісі болды.
Заң жаңа парламенттің жұмысы басталғанға дейін Президентке қосымша өкілеттіктер берді.
10 желтоқсанда Президент Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті өкілеттік және атқарушы органдары туралы заңы күшіне еніп, республикадағы билік жүйесі түбегейлі өзгертілді:



Өкілеттік билік




Атқарушы билік

Жоғары Кеңес

Мәслихат – депутаттар жиналысы


Мәслихат – депутаттар жиналысы
Мәслихат – депутаттар жиналысы

Республика

Облыс
Аудан


Қала

Президент

Әкімшілік


Әкімшілік
Әкімшілік

Мәслихаттар бүкілхалықтық дауыс беру арқылы бес жылға сайлануы тиіс болды, облыс әкімшіліктері басшыларын (әкімдерді) Президент тағайындайтын болды.


1993 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Кодексі жарық көрді. Соған сәйкес сайлаудың жаңа (мажоритарлық) жүйесі енгізіліп, парламентке бес жлдық мерзімге 177 депутат сайланатын болды.
Сайлау тәжірибесінде алғаш рет қоғамдық ұйымдардан үміткерлер ұсынуға және үміткерлердің өзін-өзі ұсыну құқығы берілді. Кодекске сәйкес 135 депутат аймақтық округтар бойынша және 42-президенттік тізім бойынша сайланды.
Сайлау 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді, яғни сайлау науқанына 3 ай мерзім берілді. 744 адамнан тіркеуден өтіп, депутаттыққа үміткерлер атанды, оның 346 – қоғамдық ұйымдардан және 345 - өзін-өзі ұсынғандар болды. «Азат» және «Желтоқсан» партиялары сайлауға қатысудан бас тартты.
1994 жылдың 7 наурызынды егеменді Қазақстанның алғашқы Парламентіне сайлау болып өтті. Барлығы 176 депутат сайланды, оның ішінде: президенттік тізім бойынща – 42 ; қоғамдық ұйымдардан – 75; өзін-өзі ұсынушылар – 59. Жаңа парламенттің құрамында ер 154 адам, 22 әйел болды. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 105; орыстар – 49; украиндар – 10; немістер – 3; еврейлер – 3; поляк, ұйғыр, өзбек, татар, ингуш, корей – 1. Саяси құрамы: «Қазақстанның Халық бірлігі» одағы – 33; кәсіподақтар – 11; Халық Конгресі – 8; Шаруалар одағы – 4; «Лад» славян қозғалысы – 4.
Орталық сайлау комиссиясы мен оппозицияның сайлауға берген бағасы бір-біріне кереғар болды. Ресми бағаларға сәйкес Қазақстанда сайлау демократиялық еркін жолмен өткізіліп, сайлауға сайлаушылардың 75% жуығы қатысты деп танылды.
Оппозиция мен халықаралық бақылаушылардың берілген бағасы басқаша болды. Олар 1994 жылғы сайлау демократияға қарама – қайшы болды және халықаралық стандарттарға сай болмады деп мәлімдеме жасады. Мысалы халықаралық бақылаушылар сайлау туралы Хартияның 10 белгісі де өрескел бұзылды деп атап көрсетті:

  • сайлау науқанына берілген уақыт жеткіліксіз болды;

  • үміткерлерді тіркеу кезінде сайлау комиссиялары тарапынан жіберілген келеңсіздіктер;

  • президенттік тізімнің болу парламент депутаттарының 20% атқарушы билік тағайындауына жол берді;

  • дауыс беру барысында «отбасылық тізім» принципінің, яғни бір адамның бірнеше адам үшін дауыс беруінің кең қолданылды. (сайлаушылардың 35%-тен 50%-ке дейіні)

  • «қосалқы тізімдердің» болуы;

  • сайлау туралы шынайы және толық мәліметтердің болмауы;

  • жабық сайлау учаскелерінің болуы (әскери бөлімдерде);

  • тәуелсіз ақпарат құралдарының жұмыс істеуіне кедергі келтіруі.

1994 жылдың сәуірінде жаңа парламент өз жұмысын бастады. Екінші парламенттің ерекшелігі онда парламенттік оппозицияның болуы еді. Оның құрамына Социалистік партия, Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстанның Халық конгресі партиясының өкілдері енді.
1994 жылдың мамырында парламент табандылық танытып, сол кездегі С. Терещенко басқарған үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатына сенімсіздік білдірді. Әртүрлі саяси күштер тарапынан қатты сынға ұшыраған үкімет 1994 жылдың күзінде отставкаға кетті. Президенттің ұсынысы бойынша жаңа Премьер-министр болып Ә.Қажегелдин сайланды.
Жаңа парламент небәрі бір жылдай ғана жұмыс атқарды.1995 жылдың наурызында Қазақстанның саяси өмірінде тағы бір саяси дағдарыс орын алды.
Тіркеуден өтпей қалған үміткерлердің бірі Т.Квятковская Орталық сайлау комиссиясына Абылайхан сайлау округінде сайлау туралы Кодекстің бұрмаланғандығы жөнінде шағым түсірді. Ұзақ талқылаудан соң 1995 жылдың 6 наурызында Конституциялық сот сайлаудың қорытындыларына, соған байланысты парламенттің легитимділігіне күмән келтіретін шешім қабылдады.
Қазақстан тағы да парламентсіз қалды. Парламенттің легитимсіздігі үкіметтің де легитимсіз екендігін білдірді. 1995 жылдың 11 наурызында үкімет толық құрамында отставкаға кетті. Өзіне берілген қосымша өкілеттіктерді пайдаланып Президент Ә. Қажегельдинді Премьер-министр етіп тағайындады, оған жаңа үкімет құрамын жасақтауды тапсырды.
Бір айдан кейін, 1995 жылдың 29 сәуірінде Президенттің өкілеттілігін 2000 жылға дейін созу туралы референдум болып өтті. Ресми деректер бойынша сайлаушылардың 91% қатысып, олардың 95%қолдау көрсетті.
Сонымен, 1995 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін Қазақстанда заңды түрде сайланған парламент болмады. Елде бүкіл билік бір адамның – Президенттің қолында шоғырландырылды.
Жаңа парламенттің сайлануын күтпестен 1995 жылдың маусымында Н. Назарбаев Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын ұсынды. Жаға Конституция 8 тараудан және 95 баптан тұрды.
1995 жылы шілденің басында Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау басталды. Оның барысында жоба бойынша көптеген сын пікірлер айтылды. Мысалы, Конституциялық соттың алты мүшесінің мәлімдемесінде жобада адам құқықтары мен бостандықтары біршама шектелген, биліктің бөліну принципі бұрмаланған деп атап көрсетілді. Авторлар жобада президенттік биліктің ауқымы шамадан тыс кеңейтілген деп мәлімдеді.
Жобаны талдау барысында Конституцияның балама жобалары да ұсынылды. Алайда көпшілікке олар беймәлім куйінде қалды, ал билік басындағылар оларды назардан тыс қалдырды.
1995 жылдың 30 тамызында жаңа Конституцияның жобасы бойынша бүкілхалықтық референдум бөліп өтті. Ресми деректер бойынша, референдумға сайлаушылардың 90% қатысып, олардың 89% жаңа Конституцияның қабылдануын жақтап дауыс берді.
1995 жылдың 1 қыркүйегінде оппозициялық партиялар мен қозғалыстардыңөкілдері баспасөз конференциясын өткізіп, референдумның қорытындыларын теріске шығарды. Бақылаушылардың мәліметтеріне сүйене отырып, референдумға сайлаушылардың небәрі 30% ғана қатысты деп мәлімдеді.
1995 жылдың 6 қыркүйегінде Президент резиденциясында жаңа конституция ресми түрде енгізілді. 30 тамыз мемлекеттік мереке – Конституция күні болып жарияланды.
1995 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстанның жаңа Парламетіне сайлау болып өтті. Жаңа Парламенттің жастық, ұлттық, кәсібилік және әлеуметтік құрамы төмендегідей болды: депутаттардың 94 – ер адам, 10 – 59; 55-ке дейін – 16; 60-қа дейін - 14; 70-ке дейін -5. Ұлттық құрамы: қазақтар – 68 ; орыстар – 31; украиндар – 2; неміс – 1; ұйғыр – 1; корей – 1. Білім деңгейі; жоғары білімді – 103; аяқталмаған жоғары білім – 1.
Әлеуметтік және кәсіби құрамы: басшылық қызметтегілер-23; мемлекеттік шенеуніктер – 10; мәслихат қызметкерлері – 34; заңгерлер – 6; ғылым және білім қызметкерлері – 13; мәдениет қызметкерлері – 5; кәсіподақ қызметкерлері – 2; әскерилер – 2; жұмыссыздар – 6; дәрігерлер – 1.
Саяси құрамы: «Қазақстанның Халық бірлігі» партиясы – 24; Демократиялық партия – 12; шаруалар одағы – 7; кәсіподақтар федерациясы – 5; Жастар одағы – 3; Инженерлік академия – 5; Қазақстан коммунистік партиясы – 2; Қазақстан Халық конгресі – 1; Халықтық-кооперативтік партия – 1; Қазақстанның өркендей партиясы – 1; Невада-Семей – 1; Кәсіпкерлер одағы – 1.
1996 жылдың қысында Қазақстанның Парламенті өз жұмысын бастады.
1997 жылдың қазанында Президент Н.Назарбаев Ә. Қажегелдинді Қазақстанның Премьер-министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. 1997 жылдың 10 қазанында Қазақстанның жаңа Премьер – министрі болып Н. Балғынбаев тағайындалды.
1997 жылдың қазанында Ақмола қаласын 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың көктемінде Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
1998-1999 жылдың басында сайлау жүйесінің заңдық негізіне елеулі өзгертулер енгізілді. 1998 жылдың мамырында сайлау туралы жарлыққа енгізілген өзгертулер бойынша тіркеу алдындағы бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған үміткерлер сайлауға жіберілмейтін болды.
1998 жылдың қазанында Парламент Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Президентінің Жарлығына 19 өзгерту енгізілді. Парламент 1999 жылдың 10 қаңтарында мерзімінен ерте президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады. Өз шешімін Парламент елдегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың шиеленісіп кетуімен байланыстырылды. Осыған байланысты елде саяси тұрақтылықты сақтау үшін ерекше шараларқажет деп тапты.
Келесі өзгерту президенттің өкілеттілігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартты. Президентке үміткерлердің жоғарғы жас деңгейі туралы бап күшін жойды. Сондай-ақ сайлауға сайлаушылардың кем дегенде 50% қатысуға тиіс деген бап та алынып тасталды.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне алты үміткер өз өтінішін білдірді: Н.Назарбаев – сол кездегі Президент, Ә. Қажегелдин – бұрынғы Премьер – министр, Э. Ғаббасов – Сенат депутаты, С. Әбділдин – Қазақстан компартиясының төрағасы, Ж. Бәзілбаев – «Мұнай» ҒТО АҚ вице – президенті, Ғ.Қасымов – Кеден комитетінің төрағасы. Ұзаққа созылған сот отырысынан кейін Ә. Қажегелдиннің әкімшілік жауапкершілікке тартылуы сайлау туралы Заңға сәйкес емес деп табылып, президенттікке үміткерлікке тіркеуден бас тартты. Ж. Бәзілбаев өз кандитатурасын алып тастады.
1999 жылдың қаңтарында кезекті президент сайлау өткізілді. Ресми деректер бойыша Э.Ғаббасов үшін сайлаушылардың 1 пайызға жуығы, С.Әбділдин үшін – 12 пайызы, Ғ.Қасымов үшін – 4 пайыздан астамы, Н.Назарбаев үшін 80 пайызға жуығы дауыс берді.
Сайлау қорытындыларына берілген баға әр қилы болды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сайлау айрықша ашық, демократиялық сайлау болды.
ЕҚЫҰ Қазақстандағы президент сайлауны өз бақылаушыларын жіберуден бас тартты. Бұл шешім Ә. Қажегелдиннің кандитатурасының тіркелмеуіне байланысты болды. ЕҚЫҰ-ның бағалауынша Қазақстандағы президент сайлауы халықаралық стандарттарға сай өткізілмеді.
1999 жылдың мамырында Қазақстанда сайлау туралы заңдарға жаңа өзгертулер енгізілді. Оған сәйкес сайлаудың аралас жүйесі енгізіліп, парламенттегі 10 орын партиялық тізім бойынша, ал қалған 67 орынға бір мандатты сайлау округтері арқылы сайланатын болды.
1999 жылдың 10 қазанында жаңа сайлау жүйесі негізінде республика Парламентіне сайлау өткізілді. 67 бір мандатты сайлау округтері бойынша Мәжіліске сайлауға 547 үміткер тіркелді, оның ішінде: 80 (14,6%) үміткер қоғамдық ұйымдар арқылы ұсынылды;113(20,7%) үміткер саяси партиялар арқылы ұсынылды 354(64,7%) үміткер өздерін ұсынды.
Барлық саяси партиялар өздерінің партиялық тізімдерін жария етті. Ең көп «Отан» партиясынан - 18 адам, 10 – Қазақстанның «Азамат» демократиялық партиясынан, 9 – Азаматтық партиядан тіркелді.
Қазақстан Парламентінің Сенатына депутаттыққа 29 адам тіркелді, оның ішінде 21 адам мәслихат сесияларында ұсынылса, 10 адам өздерін өзі ұсынды.
1999 жылдың қазанында Орталық Сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды. Партиялық тізім бойынша Парламенттегі орындарды «Отан» партиясы – 4 мандат, Коммунистік, Аграрлық және Азаматтық партиялар 2 мандаттан иемденді.
Сайлау қорытындыларына берілген ресми баға мен оппозиция, халықаралық бақылаушылардың берген бағалары бір-біріне әдеттегідей сай келмеді. Шетелдік бақылаушылар өздерінің жасаған есептерінде осы сайлаудың ұйымдастырылып, өткізілуіне байланысты біраз сын пікірлер айтты:

  • атқарушы органдардың сайлау барысына шектен тыс араласуы;

  • сайлау алдындағы науқан кезінде билікті жақтаушы партияларға көптеген артықшылықтардың берілуі;

  • бұқаралық ақпарат құралдарына әкімшілік қысымның жасалуы;

  • сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде орын алған заңды өрескел бұрмалаушылық.

Оппозиция сайлау қорытындыларын теріске шығаруды етіп, жаңа сайлау өткізу мәселесін көтерді. Алайда билік бұл ұсынысты қабылдамады.
1999 жылдың күзінде Н. Балғымбаевтың үкіметі отставкаға кетті. Жаңа Премьер-министр болып Қ.Тоқаев сайланды.
2000 жылдың шілдесінде «Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті» туралы Конституциялық заң күшіне енді. Ол бойынша өкілеттігі аяқталғаннан кейін Н.Назарбаевты жауапкершілікке тарту мүмкіндігі жойылды. 2001 жылдың тамызында Астанада бұрынғы Премьер-министр Ә.Қажегелдиннің үстінен сырттай сот процесі болып, парақорлығы және салық төлеуден ауытқығаны үшін оны 10 жыл бас бостандығынан айыруға шешімге қабылдады. ЕҚЫҰ-ы да, АҚШ Мемлекеттік департаменті де бұл шешімге теріс баға берді.
2001 жылдың қарашасында республикада тағы бір саяси дағдарыс орын алды. Бірнеше үкімет мүшелері мен Қазақстан Парламенті депуттары Қазақстанның Демократиялық қозғалысы бірлестігін құрды.
Бірлестіктің Декларациясында Қазақстан әлі де билік шектен тыс орталықтандырылған мемлекет болып табылады деп танылып, жағдайды жөндеудің жолдары көрсетілді. Ол үшін билік тармақтары арасында тепе-теңдікті сақтау, мемлекеттік билікті орталықсыздандыру, тәуелсіз және әділетті сот жүйесін құру, еліміздің стратегиялық табиғи байлықтарын пайдалануға және монополияларға қоғам тарапынан қатаң бақылау орнату, бұқаралық ақпарат құралдарын шектеуге жол бермеу қажет деген ұсыныстар жасалды.
Премьер-министр Қ.Тоқаев ҚДҚ мүщелерін қызметтерінен бостауды талап етті, Н.Назарбаев оны қанағаттандырды.
2002 жылдың 19 қаңтарында Алматыда Қазақстанның демократиялық қауымының жиналысы болып, елде әкімдерді сайлау туралы мәселе бойынша референдум өткізу туралы ұсыныс жасалды. Келесі күні Алматыда ірі митинг болып, оған қатысушылар демократиялық күштерге қолдау көрсетті.
Осы оқиғалардың нәтижесінде Премьер- министр Қ.Тоқаев қызметінен кетіп, жаңа Премьер –министр болып И.Тасмағанбетов тағайындалды.
2002 жылдың 4 сәуірінде Премьер-министр И.Тасмағанбетов Парламентте депутаттар С.Әбділдин мен С.Сорокинның депутаттық сауалына жауап берді. Депутаттар алдында ол мемлекеттік құпияны ашып, 1996 жылы шетелде құпия валюталық қордың ашылғандығы және оған «Теңізшевройл» БК акцияларының бір бөлігін сатудан түскен (1млрд доллардан астам) қаржы салынғандығын жария етті. Сондай-ақ, Президент Н.Назарбаевтың шетелде банктық шоты да ,меншігі де жоқ деп мәлімдеді.
Тәуелсіздік алған кезден бастап, мемлекеттік мәдени саладағы қызметінің басты бағыттары анықталды:
-ұлттық мәдениет пен Қазақстан Республикасын мекендеген барлық халықтардың мәдениетттерін сақтау;
- тарихи-мәдени мұраны сақтау;
- жақын және алыс шетелдермен мәдени байланыстарды кеңейту және тереңдету;
- Қазақстанның мәдени-рухани дамуының озық жетістіктері мен үлгілерін насихаттау мақсатымен кең көлемде мәдени акциялар ұйымдастыру.
Осы мақсатпен 1998-2000 жж. арналған мәдениетті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында театр қызметін дамыту және қолдау Концепциясы, 2005 жылға дейін Аламты қалсының инфрақұрылымын дамыту Бағдарламасы қабылданды.
Тәуелсіздік жылдары мәдениет саласындағы айтулы жетістіктермен қатар, бұл саланы мемлекеттік қаржыландырудың азаюына байланысты орын алған кемшіліктер де болды.
Қазақстан мәдениетін халықаралық аренаға шығару мақсатымен көптеген іс-шаралар жүзеге асырылды. Дәстүрлі музыканың Халықаралық фестивальдері, «Дәстүр жүлдесі» атты балет байқауы, Евразиялық халықтардың классикалық ән байқауы және жыл сайын Астанада өнерпаз жастардың «Шабыт» Халықаралық фестивалі өткізіліп тұрды.
Абайдың 150-жылдығы мен М.Әуезовтың 100 жылдығы, Түркістан қаласының 1500-жылдығы кең халықаралық көлемде аталып өтті. Мерейтойға байланысты іс-шаралар шеңберінде еліміздің өнер ұжымдары Франция, Түркия, Ресей, Белорусь, Қырғызстанда өз өнерлерін көрсетті.
Перзидент жарлығы бойынша 2000 жыл мәдениетке қолдау көрсету жылы болып жарияланды. Жарлыққа сәйкес еліміздің тарихи-мәдени құндылықтарын сақтау және дамыту, халық дәстүрлері мен атақты тарихи тұлғалардың есімін қайтадан жаңғырту, жаңа таланттарды анықтау, рухани саланың материалдық негізін нығайту бағытында іс-шаралар жүзеге асырылды.
2000 жылдан бастап, ресми деректер бойынша, 727 мәдениет нысаны, соның ішінде 468 кітапхана, 238 клуб, 5 жаңа театр және 5 мұражай ашылды. 2368 нысан жөндеуден өткізілді, оның ішінде: 1449 кітапхана, 618 клуб, 49 мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония және т.б. бар.
Астанада құрамында Мемлекеттік мұражай, кітапхана, концерт залы бар Президент мәдени орталығының және К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының ашылуы мәдени өмірдегі елеулі оқиға болды.
Мемлекеттік тілде хабар тарататын «Хабар» телеарнасының ашылуы рухани мұрамыз бен дәстүрлерімізді, мәдениет пен өнер салаларындағы жетістіктерімізді насихаттауда үлкен рөл атқарды.
Халқымыздың белгілі тұлғаларына: Атырауда –Бейбарыс сұлтан, Құрманғазы мен Дина Нүрпейісоваға; Астанада –Абайға, Алматыда –Т.Шевченкоға, Қостанайда – Ахмет Байтұрсыновқа, Павлодарда – Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіштер ашылды.
Қазақтың кино өнері де халықаралық аренада елеулі жетістіктерге жетті. Серік Апрымовтың «Ақсуат» фильмінің тұсаукесері Францияда өтті. Оның «Үш ағайын» фильмі Мәскеу және «Киношок-20000» халықаралық кинофестивальдерінде көрсетіліп, арнайы жүдлдеге ие болды.

6.2 Қазақ КСР-і қазба байлықтары бойынша Одақтағы ең бай республикалардың бірі болды. КСРО-ның мыс қорының жартысынан астамы, қорғасынның 75%, мырыштың 30%, темір рудасының 20% астамы республиканың үлесінде болды.


КСРО-дағы егістік жерлерінің 1/5 бөлігі Қазақстанға тиесілі болып, астық өндіруден республика елімізде 2-3 орында болды.
Егемендікке аяқ басқан еліміздің даму жолында күрделі эконмикалық, саяси және экологиялық мәселелер тұрды.
Бірінщіден – Арал мәселесі. 1991 жылы теңіздегі су деңгейі 14 метрге төмендеп, жағалаудан 50-80 метрге, кей жерлерде 100 метрге алыстады, судың ащылығы литріне 28-30 граммды құрады, теңізде мекен еткен 70 түрлі жануарлар мен 300-ден астам өсімдіктердің жартысы ғана сақталып қалды. Ашық қалған теңіз түбінде көлемі 25 мың шаршы км құрайтыншөл пайда болды, одан жылына ондаған тонна тұз шаңы көтерілді. Балық кәсіпшілігі қысқарды, соның нәтижесінде жұмыссыздық өсті. Тұрғылықты халықты сумен қамтамасыз ету 3,5 есе қысқарып, аурулар көбейді. БҰҰ Арал мәселесін «экологиялық апат» деп бағалады.
Екіншіден – Семей полигоны. 1949-1963 жылдар аралығында ауада, ал 1963 жылдан бастап жер астында 470 атом және сутегі бомбалары жарылды, оған қосымша Қазақстанның басқа аудандарында 35 жарылыс болды. Соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың қазанында жүзеге асырылды. Ядролық полигонның пайдасына 18 мың шаршы км бөлініп берілді. Нәтижесінде полигон аймағындағы халықтың денсаулығы күрт нашарлады: Семей облысында 1969 жылдан бергі кезеңде лейкоздан қайтыс болғандар саны 3 есе өсті. Сәбилердің өлі тууы әрбір 10 мың балаға 1969 жылғы 6 пайыздан 1985 жылы 300 пайызға дейін өсті. Полигон Қазақстанның ұлттық трагедиясына айналды.
Үшіншіден, республика эконмикасында шикізаттық бағыт басым болып қала берді – экспорттың 97% шикізат құрастырды.
1992 жылдың бірінші жартысында республика басшылығы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айқындады.
Экономика саласында төмендегідей мақсаттарға жету көзделді:
- бәсекелестік пен меншіктің әр түрін дамытуға негізделген нарықтық эконмика құру;
- ұлттық валюта енгізіп, оның сыртқы бәсекелестігі мен ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- қазіргі заманғы шетелдік және отандық озық техника мен технологиялар негізінде ел экономикасының өңдеуші салаларын жеделдете дамыту;
- тауар нарығын кеңейту;
- Қазақстанның дамуы үшін шетел инвестицияларын кеңінен тарту.
Негізгі экономикалық мақсаттарға қол жеткізудің мерзімдік ауқымы да айқындалды.
Бірінші кезеңде – 1992 -1995 жж. – жекешелендіру мен тұтынушылар нарығын тауармен қамтамасыз ету.
Екінші кезеңде – 1996-2005 жж. – экономиканың шикізаттық бағытынан бірте- бірте арылу, көлік және байланыс жүйелерін жеделдете дамыту, дамыған тауар және валюта нарығын қалыптастыру.
Үшінші кезең 5-7 жылға созылып, экономиканың қарқынды дамуымен, соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізумен, Қазақстанның дүниежүзілік саудада алатын орнын бекітіп, жаңа индустриалды дамыған елдер қатарына қосылуымен айқындалды.
1993 жылдың наурызында Н.Назарбаев жекешелендірудің (шағын жекешелендіру) бірінші кезеңінің (1991-1993 жж.) қорытындыларыншығарды. Жекешелендірілген кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің саны небәрі 12 пайызын құрады.
Сауда саласында жекешендірілген кәсіпорындар бөлшек сауда тауар айналымының 40 пайызын құрағанмен, саудадағы олардың үлесі небәрі 4,5 пайыз болды. Тұрмыстық қызмет көрмету саласында жеке сектор межеленген 50 пайыздың орнына тек 21 пайызды құрады.
1993 жылдың наурызында президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жж. Арналған Ұлттық бағдарламасы» қабылданды. Бағдарламаға сай мемлекеттік меншік нысандары екі топқа бөлінді:

  • жекешелендіруге жататын нысандар;

  • жекешелендіруге тыйым салынатын нысандар.

Екінші топқа жер және оның қойнауы, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, яғни тек мемлекеттік меншікте болатын нысандар енді.
Жекешелендіруге жататын нысандар онда жұмыс істейтін адамдардың санына қарай үш топқа бөлінді:

  • қызметкерлер саны 200 адамнан кем шағын кәсіпорындар;

  • 200-ден 5000 адамға дейін жұмыс істейтін орта кәсіпорындар;

  • 5000 астам адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар.

Республикадағы жалпы экономикалық жағдай ауыр күйінде қала берді: өндіріс құлдырады, халықтың табысы күрт азайды, баға тым көтеріліп кетті. 1993 жылғы Қазақстанның экономикалық жағдайын келесі көрсеткіштерден байқауға болады:

Көрсеткіштер



1993 ж. %

1992ж. салыстырғанда

1991ж. салыстырғанда

1.Ұлттық табыс
2.Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі
3.Бағаның өсуі

83,7
88,7
61 есе

60,9
76,7

1992 жылы Ресейдің бағаны босатып жіберуі инфляцияның күрт өсуіне алып келді. Сол кезден Қазақстан құпия түрле өз валютасын енгізудің дайындық жұмыстарын бастады. Англиямен болашақ теңгенің клишесін дайындау туралы келісім жасалып, сол жылы теңгенің 20 пайызы құпия түрде басылып шығарылды.


1993 жылдың жазында Ресей жаңа үлгідегі ақшаны енгізді. Ресейдің Орталық Банкі 1993 жылға дейін шығарылған ескі үлгідегі рубльдер осы кезден бастап Ресей жерінде төлем ақысы бола алмайды деп жариялады. Осыған байланыстыескі рубльдің барлығы Ресей мен Қырғызстаннан Қазақстанға ағылып келе бастады. Инфляция аспандап кетті.
Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында былай деп жазады: «Жеті миллион доллар тауып, ақшамыздың қалған бөлігін шығаруға қажетті шығынды төледік. «Ил-76» төрт ұшағын жалдап алып, ақшамыздың 60 пайызын тасып әкелдік. Бұл өте құпия операция болды. Құжаттарға: «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік», деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қоймаларына жасырып қойдық. Төрт ұшақ аптасына Лондон-Орал, одан облыстарға дейін әрлі-бері он сегіз рейс жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге жетер-жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып шықты... 11 қарашада кешке ұлттық телевизиядан сөйлеп, жаңа ақшаға көшкенімізді хабарладым ».
Осындай жағдайда 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан өзінің ұлттық валютасын –теңгені енгізді.
1996 жылдың көктемінде Министрлер кабинеті мен Мемлекеттік мүлікті басқару комитеті шағын жекешелендірудің алғашқы қорытындыларын шығарды. Шағын жекешелендіру кезінде 9 мың нысан жеке меншікке өтті. Ол жекешелендіруге тиісті кәсіпорындардың 2/3 бөлігін құрады.
Жаппай жекешелендіру де аяқтады. Үш жыл ішінде 22 аукционда 2000 кәсіпорынның акциялары сатылды. Ауыл шаруашылық саласында 2120 мемлекеттік шаруашылықтың 1962-і (93 пайызы) жеке меншікке өтті.
Қазақстан өнеркәсібінің ірі нысандары шетелдік фирмаларға басқаруға берілді. Олардың қатарында Павлодар алюминий зауыты, Дон кен байыту комбинаты, Ермак және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары, Қарағанды металлургия т.б. болды.
Егер 1990 жылы мемлекеттік емес шаруашылық нысандары 40 пайызды құраса, 1994 жылдың аяғына қарай олардың үлесі 60 пайызға жетті. Егер 1990 жылы жеке сектордың шығарған өнімі 8 пайызды құраса, 1994 жылы 38 пайызға жетті.
Банк жүйесі де реформаланды. 1994 жылдың басына қарай республикада қайтадан құрылған бес мемлекеттік банктен басқа 175 коммерциялық және жеке меншік банктер құрылды.
Соған қарамастан 1992-1994 жж. Қазақстанның экономикалық жағдайы ауыр дағдарыс жағдайында қала берді. Экономикалық реформаларды жеделдетудің басты шарты нарықтық экономиканың заңнамалық негізін қалыптастыру қажеттілігі болды.
1997 жылдың маусымында «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» Президент Жарлығы шықты.
1997 жылы Н.Назарбаевтың еліміздің стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасы жарияланды.
Экономикалық проблемаларды шешудің бір әрекеті – 2001 жылдың сәуірінде қабылданған «Ақшаны заңдастыруға байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарын амнистиялау» туралы Заңның қабылдануы. 2001 ж. мамырында Президент Н.Назарбаев 2001 ж. маусымынан бастап 20 күн ішінде еліміздің әрбір азаматына заңсыз табылған қаражатын заңдастыруға рұқсат берді. Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша ел ішіңде 500 млн. доллар, Ұлттық банктің мәліметі бойынша 200 млн доллар заңдастыруды қажет етті. Елге қайтқан қаражатқа салық салынбады.
2001 ж. 14 маусымынан 13 шілдеге дейін ел экономикасына 480,2 млн доллар қайтарылды. Оның ішінде тек 50,5 млн доллар шетелден әкелінді.
Тәуелсіздік жылдарында ел эканомикасының дамуының негізгі нәтижелері:
1991-2000 жж орынкәсіп орындарының саны 20 мыңнан 14,5 мыңға дейін азайды. 2000 ж. 1990 ж. салыстырғанда мұнай өндіруден басқа салаларда өнім өндіру қысқарды: темір рудасын өндіру 83 көмір 55%, электр энергиясын 59%, болат 69%, минералды тыңайтқыштар 11%, трактор 95%, маталар 94% ке төмендеді.
Ресми деректер бойынша 2000 ж. Қазақстанда 35 млн тонна мұнай өңдіреді. Тек Маңғыстау облысынан ғана мұнай экспортынан 1,1 млрд. доллар табыс түсті.
Экономикадағы ауыл шаруашылығының үлесі 1990 ж. 34 пайыздан 1999 ж. 10 пайызға дейін азайды.

1990 2000


Іріқара мал 9,8 4,1
Қой 36,2 9,8
Шошқа 3,2 1
Жылқы 1,6 0,9
Құс 59,3 18,8

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өз экономикасына 10 млрд-тан астам инвестиция тартты. Елде жұмыс істейтін шетел компанияларының саны өсті.


Қазақстан халқының саны 15 млн. адамды құрады оның ішінде 50 пайыздан артығы- қала тұрғындары, қалғаны ауыл тұрғындары.
Халықтың құрамына әйелдер 50 пайыздан артық, балалар мен жасөспірімдер – 30 пайыздан артық, 50 пайыздан астамы – еңбекке жарамды жастағылар және 12 пайыздың артығы- зейнеткерлер болды.
Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік саясатқа біраз өзгертулер енгізді. Әлеуметтік секторды (білім беру, денсаулық сақтау, мүгедектерге, көп балалы отбасыларына көмек көрсету, тұрғын үй құрылысы т.б)мемлекеттік қаржыландыру күрт қысқарды.
1992 ж. білім беру жүйесін реформалау басталды. Білім беруді қолдаудың Ұлттық бағдарламасы қабылданды.
Реформа нәтижесінде орта білім берудің жаңа түрлер: лицейлер мен гимназиялар пайда болды. Жоғарғы білім беру саласына жаңа пәндер,тестілеу жүйесі, бакалавр және магистр дәрежелері енгізілді. Жеке меншік оқу орындары ашылды.
1995-1996 жж. Денсаулық сақтау саласын қайта құру қолға алынды. Бұл саладағы реформалардың басты бағыты көп укладты медицина енгізу (мемлекеттік денсаулық сақтау, міндетті медициналық қамсыздандыру, жеке сектор) болды. Тек 1997 ж ғана 181 амбулаториялық- емханалық мекеме жабылды, ауруханаларда 26 мың төсек қысқартылды.
1998 ж. зейнеткерлік реформа басталды. Оның негізгі принципі зейнеткерлік жинақтау қорлары жүйесіне өту болды. Зейнетке шығу жасы өзгертілді: әйелдер – 58 жастан, ерлер – 63 жастан.
Әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі- оралмандар мәселесін шешу болды. 1992ж. қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайында шетелдегі қазақтарды тарихи отандарына қайтару туралы шешім қабылданды.
Демократия мен көші-қон Агенттігінің мәліметтері бойынша 1991-2000 жж. Республикаға 42 мың қазақ отбасы немесе 183 мың адам көшіп келген.
Олардың ішінде 60 пайыздан астамы ТМД елдерінен: Өзбекстаннан, Түрікменстаннан, Тәжікстаннан, Ресейден келді. Алыс шетелдерден келген оралмандардың 80 пайызын Моңғолиядан келген қазақтар құрады.
Сонымен бір мезгілде республикадан тыс жерлерге көшіп кетушілердің саны артты. 1991 ж салыстырғанда республика халқы 2 млн-ға қысқарды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 183 мың қазақ көшіп келсе, 100 мың қазақ көшіп кетті.
1991-2000 жж. аралығында елде орташа өмір сүру ұзақтығы 4 жылға – 68 жастан 64 жасқа дейін кеміді. Халықтың табиғи өсімі осы он жыл ішінде үш есе төмендеді, бала туу – 1,5 есеге қысқарды. 1991 ж әрбір мың адамға шаққанда 7,7 адам өлген болса, 2000 жылы- 10-нан асты.
Халықтың 40 пайызының (ал ауылда тұратындардың жартысынан астамының) табысы өмір сүру минимумы деңгейінен төмен болды.
Ресми деректер бойынша 2001 ж жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 12,7 пайызды құрады (900 мыңнан астам адам). Ал тәуелсіз экономистердің көрсетуінше елде 4 млн. «жасырын жұмыссыздар» болды, яғни халықтың 40 пайызы.
Денсаулық сақтау саласында ауыр жағдай қалыптасты. 1999 ж мемлекеттік бюджет денсаулық сақтау мекемелерінің қажеттігінің тек үщтен бір бөлігін ғана жаба алды, бюджет есебінен денсаулық сақтау нысандарын салу тоқтатылды, дәрі-дәрмек және медициналық құрал- жабдықтардың қамтамассыз ету мардымсыз болды. Он жыл ішінде адам өлімі 20 пайызға артты.
Халықтың білім деңгейінің де төмендеуі орын алды. 1991 ж бастап мектепке дейінгі балалар мекемелерінің саны алты есе қысқарды (яғни 100 баланың тек 10-ы ғана бала бақшаға бара алды), 1998 ж бастап мектепке дейінгі балалар мекемелерінің құрылысы тоқтатылды. Білім жүйесіне жұмсалатын мемлекеттік қаржы жылдан- жылға қысқарып отырды: 1991 ж. Өндірілген жалпы өнімнің, 6,5 пайызын құраса, 1998 ж. – 3,9 пайызын құрады.
1992 ж. 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.1992 ж. аяғына дейін әлемнің 106 мемлекеті республиканы танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдарға мүше болып енді: Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Қайта құру мен дамудың әлемдік банкі, Қайта құру мен дамудың Еуропалық банкі, Халықаралық қаржы қоры, Дүниежүзілік банк және т.б.
Тәуелсіздігін алғаннан кейін республиканың алдында өз сыртқы саясатын қалыптастыру, оның басымдықтарын айқындау, ұлттық қауіпсіздік жүйесін құру қажеттілігі тұрды.
Ұлттық қауіпсіздік жүйесін құра отырып, Қазақстан өзінің геосаяси және экономикалық жағдайының ерекшеліктерін ескереді:
Біріншіден, республикада тәуелсіз мемлекеттің құрылымдары- Қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік органдардың барлау, қарсы барлау қызметтері, Қарулы Күштер, өз дипломатиялық корпусы т.б. болмады.
Екіншіден, ашық теңізге шығу мүмкіндігінің болмауы және негізгі қатынас жолдарынан алшақ жатуы республиканың халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуын қиындатты.
Үшіншіден,Қазақстанның екі ірі мемлекет – Ресей мен Қытайдың арасында жатуының өзіндік ықпалы болды.
Төртіншіден, Қазақстан халқының этникалық құрамының әркелкілігі де республиканың сыртқы саяси жағдайына әсер етті.
1993 ж. Қазақстан Републикасының 1993-2005 жж. арналған ұлттық қауіпсіздігінің Стратегиясының және Қазақстанның алғашқы әскери доктринасы қабылданды. Қорғаныс стратегиясы негізінде өз қарулы күштерін құратындығын жариялады.
1998 ж. «Қазақстан Республиканың ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заң қабылданып,онда Қазақстанның ұлттық мүдделері жария етілді:
-адам және азамат құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз ету;
-елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылығы сақтау;
-Қазақстан хадқының мүддесі үшін экономиканы дамыту;
- Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және Қазақстан халықтарының бірлігін сақтау;
- Қазақстан Республиканың конституциялық құрылысының беріктігін қорғау;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дайындығын қамтамасыз ету;
-серіктестік негізінде халықаралық ынтымақтастық дамыту.
1992 ж. Қазанында Н.Назарбаев алғаш рет БҰҰ мінбесінен сөз сөйлеп, алғашқы сыртқы саяси бастамаларын жария етті. Ол жыл сайын мемлекеттердің әскери шығындарын бір пайызға азайта отырып, босаған қаржыны БҰҰ-ның бейбітшілік сақтау қорына аударып отыруды ұсынды.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының бағыттары белгіленді;

  1. «ТМД». Бұл бағыттағы басты серіктес Ресей болып танылды.

  2. «Азия-Тынық мұхит аймағы». Басым бағыт – Сеул- Пекин – Токио. Бұл бағыттағы басты мақсат-алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізуге, несие алу, қазақстандық тауарларды өткізу.

  3. «Азия». Бұл жерде Түркиямен қарым-қатынасқа басты назар аударылды.

  4. «Еуропа». Басты бағыт – Германия Федеративтік Республика.

  5. «Америка». Басты назар дамыған мемлекеттердің бірі АҚШ. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан көптеген халықаралық актілерді бекітті; 1949 ж. Соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциясын, 1951 ж. Босқындар туралы Конвенцияны, 1953 ж. Әйелдердің саяси құқықтары туралы Конвенция және т.б.

Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанның алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – республика территориясындағы ядролық қару мәселесі.
КСРО ыдырағаннанткейін ядорлық мемлекет статусын Ресей, Украина және Белорусиямен қатар Қазақстан да алды.Ядорлық қарудың болуының Қазақстан үшін оң және теріс жақтары да болды.
Оның игі жақтары: ядорлық қарудың болуы Қазақстанның халықааралық аренадағы рөлін арттырды; көрші ірі ядролық державалар-Ресей мен Қытаймен тең дәрежелері қарым-қатынас орнатуға негіз бола алды.
Сонымен қатар ядорлық қарудың болуы Қазақстан үшін қосымша қиындықтар да туғызды. Республикада ядролық қару шығарудың толық циклы болған жоқ; сол қаруға бақылау жасап, қолданатын өз мамандары мүлдем болған жок; ядорлық-ракеталық кешенді қаржыландыру Қазақстан экономикасы үшін мүмкін емес жағдай болды.
Сонымен бірге бірқатар сыртқы саяси себептер де Қазақстанның шын мәнінде ядролық мемлекетке айналуына кедергі келтірді. Ең алдымен Ресей,сондай-ақ АҚШ тарапынан көрсетілген қарсылық және ашық қысым. Соның нәтижесінде 1992 ж. 2 шілдесінде Қазастан ядролық қарудан толықтай бастартып,Лиссабон хаттамасына қол қойды. 1995 ж. Мамырында ең соңғы ядролық ракеталар республика территориясынан шығарылып, Қазақстан іс жүзінде ядролық қарусыз мемлекетке айналды.
1992 ж. Ташкентте ТМД құрамында алты мемлекет; Армения,Қазақстан,Қырғызстан,Ресей,Тәжікстан және Өзбек Ұжымдық қуіпсіздік туралы шарттқа қол қойды. 1993 ж. Шартқа Әзербайжан,Грузия,Белоруссия қосылды.
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылып,ол ТМД елдері арасындағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін реттеп отыратын саяси органдарға айналды.
1996 ж. Шанхайда (Қытай) Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан арасында ортақ шекара аймағындағы әскери салада сенімді арттыру мәселесі талқыланды. Кейіннен Шанхай ұйымына Өзбекстан да енді.
Қазіргі кезеңде Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жалдары белгіленген сыртқы саясаттың басты бағыттарын іс жүзінде асырып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет