Математика бойынша әлемдегі ең танымал Филдс сыйлығын 78 жылдық тарихында алғаш рет әйел адам еншіледі. Бұл адамның есімі – Мириам Мирзахани. Иранда туған. 2008 жылдан бері Стэнфорд университетінде (АҚШ, Калифорния) сабақ береді. Профессор.

“Филдс” 4 жылда бір рет 40 жасқа дейінгі ғалымдарға берілетін математика ғылымының ең жоғарғы сыйлығы. Бұған дейін оны тек ер адамдар алып келген.
Жеңімпаз өзінің бұл жеңісі жас ғалым қыздарды қуаттандырып, ғылымға деген қызығушылығын арттыра түседі деп сенім артатынын айтты.
Филдс сыйлығы математика саласында Нобель сыйлығымен пара-пар.
С
4. Бұл жерде қандай жаналық болып отыр?
Әлемдегі ең танымал сөзжұмбақ түрлерінің бірі судоку болып есептеледі. Ол санмен байланысты жапондық жұмбақ. Аталған ойынның принциптері аса қиын емес, сондықтан көптеген әуесқойлар жұмбақтың өз нұсқасын жасап шығаруға тырысып жатады. 2012 жылы фин математигі Арто Инкала да өзінің нұсқасын жасап, оның «ең қиын судоку» екенін мәлімдеген болатын.

Британдық «The Telegraph» газетінің хабарлауынша, егер судокудің кеңінен таралған ең қарапайым нұсқаларын қиындық межелігі бойынша «1» деп белгілеп, қиындарын «5» деп белгілесе, фин математигі ұсынған нұсқа «11»-ге тең келеді-міс.