551
Негізінде, қарапайым бірнеше ғана буындардан
құралған сөздерге қарағанде
аналитикалық тәсіл арқылы екі немесе одан да көп сөздердің біріге отырып күрделі де
терең мағынаға ие сөзді қалыптасуы маңыздырақ дәрежеде екендігі анық. Себебі, төрт
тәсілді де салыстыра қарап отырар болсақ біріне белгілі бір кішігірім бөлшек, жұрнақ
не жалғау жалғануы тиіс болса, енді бірі тіпті өзгерісті талап етпейді. Алайда, бұл
сөзіміз төрт тәсілдің тек бірі ғана аса жоғары дәрежеде дегеніміз емес, бұл тек
ерекшелік болып табылады. Құрылымы мен қолданылысы бойынша, әрине, әр
қайсысы да өзіндік тәсілдері мен нәтижесі арқылы маңыздылық пен ерекшеліктерге ие
болып табылады.
Қазақ тілінде қалыптасқан жаңа сөз қай тәсілмен жасалса да, қорытындысында,
ол- сөзжасам нәтижесінде туындаған болып есептелінеді.
Жоғарыда сөзжасамның жүйелілігін
атап өткен болатынбыз, сөзжасамның
жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен тығыз байланысты. Сөзжасамның
кешенді бірліктеріне сөзжасамдық тұлға, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық мағына,
сөзжасамдық үлгі, сөзжасамдық қалып,
сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты,
сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық байланыс жатады.
Сөзжасам процесі кезінде түбірдің өте маңызды болып табылатын себебі түбір
сөз жаңа сөздің қалыптасуына, яғни, түбір сөздің лексикалық мағынасы жаңа сөздің
лексикалық мағынасының негізі болып құралады.
Қазақ тілінде жаңа сөз атаулының барлығы дерлік сөзжасам заңдылықтары
арқылы дүниеге келеді. Осы сөзіміздің өзі де сөзжасамның тілсаласында қандай
маңыздылыққа ие екендігін көретіп, ділелдеп береді. Расында, сөздік қордың байырғы
құнды жүйелілігі мен бірізділік,
ерекшеліктерін сақтай отырып, кең көлемдегі,
дамушы деңгейге жетуі жолында сөзжасамның көтерер жауапкершілігі мол. Мейлі,
сөзжасам өткен кезеңдердң маңыздылығы ертерек анықталмаса да, қазіргі таңда ас
күрделіл сала болса дәл соншалықты маңыздылық пен дәрежеге ие.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы «Аруна Ltd.», 2010 ж.
2. Қасым Б.Қ. Қазақ тілінің сөзжасамы: практикалық және зертханалық
жұмыстар, Алматы, 2007 ж.
3. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет
және денсаулық
сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж.
4. Оразахынова Н.А., Исаева Ж.Т., Сүлеева Г.С.. Қазақ тілі. Сөзжасам.
Морфология. Алматы, 2004 ж.
5. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар. Алматы, 1990 ж.