Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет2/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   267
Редакционная коллегия: 
Каримова Б.С. (председатель), Шынбергенов Е.А., 
Сапаркызы Ж., Шильдебаева Л.К., Байшылыкова А.Б.
 
Ответственный редактор:
Аппазов Н.О.
 
 
«Научное творчество: научно-исследовательская практика и приоритетные 
направления» / 
Материалы XXII республиканской научной конференции студентов и 
молодых ученых, посвященной 1150-летию Абу Насыр аль-Фараби: Том ІІ. (23 апреля 
2020 г). Кызылорда: КГУ имени Коркыт Ата Редакционно-издательский отдел, 2020. – 567 
с. [Электронное издание] 
В сборнике представлены научные статьи, написанные по материалам докладов 
XXII республиканской научной конференции студентов и молодых ученых «Научное 
творчество: научно-исследовательская практика и приоритетные направления», 
проходившей 23 апреля 2020 года в Кызылординском государственном университете 
имени Коркыт Ата. В конференции приняли участие студенты, магистранты, докторанты 
и молодые ученые из различных регионов Казахстана. 
В работах участников конференции рассматриваются актуальные проблемы 
естественнонаучных дисциплин, современное состояние и развитие технических наук, 
инновационные технологии в образовании, устойчивое развитие социально-гуманитарных 
наук. 
 
ӘОЖ
КБЖ
ISBN 978-601-285-096-3 



СЕКЦИЯ 4 
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ —
 
УСТОЙЧИВОЕ РАЗВИТИЕ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНЫХ НАУК
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ФАКТОРЛАРЫ 
Асылханова А.Б., Әбдіраманова А.Т. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Құндылықтар қоғам мен адамға жақсы мен жаманның, пайдалы мен зияндының, 
ақиқат пен жалғанның,сұлулық пен ұсқынсыздықтың, әділеттілік пен әділетсіздіктің,тиым 
салынған мен рұқсат тілгеннің,маңызды мен мәнсіз- дің аражгін ашуға көмектеседі, яғни 
құндылықтар табиғатында адамзат тегінің өзі өмір сүріп отырған әлемді рухани-
практикалық тұрғыдан игеруінің тәжірибесі жинақталған. Осы тұрғыда, мәдениет пен 
құндылықтар ажырамас бірлікте болады, құндылықтар мәдениет болмысының құрамдас 
бөлігі болып табылады. 
Кең мағынада алсақ, құндылықтар әлемі – мәдениет әлемі. Адам әрқашан кез-
келген құбылысқа немесе объектіге өзінің бағасын береді. Бір затты немесе құбылысты 
бағалау сана жұмысын талап етеді. Адамның шындыққа құндылықты қатынасы тек 
сананың негізінде ғана мүмкін болады. Алайда құндылықты сананың танымдық санадан 
ерекшелігі, ол зат немесе құбылыс не болып табылады деген сұрақтан гөрі, оның біз үшін 
маңызды неде, құндылығы неде деген сұраққа жауап іздейді. Сондықтан құндылықтар 
адамның рухани әрекет саласы, оның санасының (өзіндік санасының) жетілгендігінің, 
тұлғалық қалыптасу деңгейінің, рухани байлығының көрсеткіші болып табылады.
Адам бар жерде құндылық та қатар жүреді. Ол адамға ғана емес, оны қоршаған 
ортаға да тікелей байланысты. Құндылық - әлдебір дүниенің маңыздылығын аңғартатын 
сипаты іспетті. Ол әр затқа табиғатынан тиесілі емес. Әр адамның таным-түсінігіне, 
көзқарасына байланысты әр түрлі сипатта болмақ. Қоғамда "рухани құндылықтар", 
"материалдық құндылықтар", "мәңгілік құндылықтар" сынды ұғымдар қалыптасқан. Иә, бұл 
жеке-дара құндылықтардың жалпы атауы болғанымен, жалпы құндылық түгелдей жалқы 
адамға тән бола бермейді. Мысалы, рухани құндылықты құрайтын махаббат, иман, 
адамгершілік,т.б. сынды жеке-жеке құндылықтардың барлығы да бір адамға тиесілі болмауы 
мүмкін. Біреулерге махаббат құндылық болғанымен, иманның не екенін білмей, оған 
пысқырып та қарамайтын жандар бар. Ақылды құндылық деп санайтындар махаббаттың, 
жанашырлықтың, адамгершіліктің не екенін ұмытып жатады. 
Бүгінгі таңда рухани құндылықтардың мәнін, маңызы мен ұлттық ерекшеліктерін 
анықтау ұлттық сана сезіміміздің бағдар бағыттылығын қалпына келтіруге ықпал 
етеді.Сондықтан Қазақстан үшін рухани құндылықтар туралы ілім (аксиология) дәстүрлі 
дүниетаным мен жаңа жағдайға бейімделу кезінде туындайтын құндылықтардың ақиқаты 
мен жалғанын ажыратудың, ұлттық болмысымызды танудың негізіне айналып отыр. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біздің суверенді және тәуелсіз Отанымызда өзіндік 
құндылықтарымыз бар және оларды сақтап, қорғай білуіміз керек. Бірде бір қоғам және 
бірде бір мемлекет патриотизм, бейбітшілік пен келісім, әлеуметтік серіктестікпен 
үйлесімділік, құқықтық тәрбие идеяларын жүргізбестен аяғынан тік басып тұра алмайды» 
деген болатын [5]. Шынында да отаншылдық өзара түсіністік, бауырмалдық, батырлық, 
парасаттылық, ой еркіндігі, қайырымдылық, ар-ождан, әділеттілік пен бостандық сияқты 
құндылықтарсыз қоғамның жеке мүшелері адамдарды да елестету мүмкін емес. Бұлар 
адамның рухани күшінің қайнар көзі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында 
ынталандырушы шарт. Бұл орайда Ә.Нысанбаевтың мына сөзін келтіре кету ойымызды 
нақтылай түседі. «Адам бойындағы рухани даму мүмкіндігін көрсететін тағы бір жайт – 



оның айқын өмірлік позициясының болуы. Егер ол тек ғана баюға ұмтылатын, бірақ еліне өз 
отандастарына қол ұшын беруді, көмектесуді ойламайтын, имандылық пен адамгершіліктен 
аулақ тұрған болса, қанша кітап оқыса да, бәрібір ондай адамның руханилығы туралы сөз 
болуы да мүмкін емес» [3]. Алайда тарих процесс арқылы жалғасып келе жатқан 
құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа табыстау дәстүрі кеңістік идеология тұсында жолдан 
шығып қалды. Тоталитарлық жүйенің құндылықтарын зорлықпен санаға сіңіру, адамдардың 
іс-әрекетімен дүниетанымының өзегіне айналдыру жаппай етек алды. Бәрін бір идеологияға 
бағындыру нәтижесінде ұлттар дәстүрлі өмір сүру тәсілінен айырылды. Адамның рухани 
дүниесінен гөрі материалдық бастамалар, қажеттіліктер алғашқы орынға қойылды. Бір ғасыр 
ішінде жүріп өткен саяси қуғын-сүргін, халықты жаппай жайлаған үрей, шовинистік 
саясаттың нәтижесінде жазу үлгілерінің өзгеруі, ұлт тілінің қолданылу аясының тарылуы 
ұлттық құндылықтардың, яғни халық шығармашылығы – фольклор, мақал-мәтел, эпос 
жырларымыздың қоғам сұраныстарынан алыстатылуы, ислам дінінің теріске шығарылып, 
атеистік көзқарастың басты ұстанымға айналуы және тағы да басқа өзгерістер ұлт 
санасындағы рухани құндылықтарға кері әсерін тигізбей қалмады. Рухани құндылықтарды 
бағалай білуге әлемді, адамдарды, табиғатты сүю ғана үйрететіндігі естен шықты. Алайда 
еріксіз істелінген нәрсенің адамнан бәрібір де еріксіз қалатыны, бағаланбайтыны негізделеді. 
Бұл туралы С.Нұрмұратов «Ақиқатты түсінуге, игеруге болмайды, оны тек таза жүрекпен 
қабылдау керек, адам сол әлемге ақ ниетпен ұмтылуы қажет» деп жазады [2]. Рухани 
құндылықтар адамдар жүрегінде емес, кітап беттерінде сақталып қалды.
Нарықтық қатынастар кезеңінде қазақ қоғамының санасы комунистік идеология мен 
тоталитарлық жүйе құрған түсініктер мен көзқарастарға толы еді. Оның үстіне нарықтық 
қатынастарды қалыптастыру кезеңінің алғашқы жылдарында жіберілген ағаттықтар мен 
кемшіліктер қоғаның рухани және моральдық азғындауына әкеп соқтырды. Дәстүрлі 
дүниетаным мен нарықтық қатынастар тудырған құндылықтар арасында қайшылықтар 
пайда болды. Ұлттың рухани тазалығын сақтауда рухани құндылықтардың ұлттық негіздері 
қандай, жаңа ғасырда оларды адамдар санасына қалай енгіземіз, ұлт дүниетанымында 
қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін қандай, жаңа жағдайға бейімделуі қалай жүреді, оның 
ішкі қайшылығын анықтау , бағыты мен бағдарын көрсету осы тақырыптың өзектілігін 
көрсетіп отыр.
Құндылықтарды зерттейтін саланың аксиология деп аталатыны зерттеушілерге 
белгілі. Философия мен мәдениетттануда мейлінше мол тағылым – тәжірибесі бар 
құндылықтар туралы ілімді зерттеу қызу философиялық пікір таластың негізінде 
қалыптасып келе жатыр. Ал рухани құндылықтардың ұлттық негіздерінің қалыптасу мен 
даму ерекшеліктерінің зерттелуіне тоқталатын болсақ, бұл мәселеге әлеуметтік 
философиялық тұрғыдан әлі толық зерттеліп болмаған, философ ғалымдардың көз қырына 
енді ілініп келе жатқан мәселелердің бірі. Құндылықтардың ұлттық негіздерінің уақытқа сай 
зерттелмеуі, оның халық танымынан жасырын қалуына алып келді. Бұл түрлі теріс 
көзқарастар мен пікірлердің туындауының себебіне айналды.
Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап (мысалы, ұжымдық 
үдеріс қауымдастық пен жеке тұлғалылыққа алмасты, ұлттық, қоғамдық құндылықтардан 
гөрі жеке құндылықтар басымдылық таныта бастады), жаңа нарықтық қоғам салты пайда 
болды. Бұл жағдайлар азаматтарымыздың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, 
төзімділік сияқты қарымқатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке 
тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі 
болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда 
қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім 
мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту және тәрбие беру 
технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әр адам өз бойындағы қабілеттерін 
толық жүзеге асырып, өз мемлекетімізге ғана емес, бүкіл адамзат иігілігіне пайда келтіре 
алатындай болуы керек. Баланың бойындағы қабілеттерін ашып, оның өз жан-дүниесіне 



үңіліп, өз болашағына деген сенімін ояту, өзін-өзі құрметтеп, өз ар-ұжданымен өмір сүруі 
қандай маңызды десеңізші! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет