Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ЖЕР САЯСАТЫ (1870-1910) ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ



Pdf көрінісі
бет124/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ЖЕР САЯСАТЫ (1870-1910) ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ 
Картмагамбетова Р.Г., Исмагулов Ұ.Ш. 
Қ.Жұбанов атындағы АМӨУ 
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Патшалық Ресейдің 
жүргізген саясаты сол бір кезеңнің халқына тигізген ауыр соққы болатын. Патшалық 
Ресейдің үздіксіз жүргізіп отырған реформалары сан түрлі жағдайға әкелді. Еліміз 
тәуіелсіз ел атанғанға дейінгі қаншама жылдар бойы тер төккен, қан жағылған қасиетті 
жер ата дәуіріміздің басты қазынасы еді. Егеменді елімізге елдік туымыз тігіліп, қазақ 
ұлтының құқығы сақталған күннен бері осынау бір орны толмас ақтандақтардың орнын 
толтыру басты міндет болатын.
Кеңестік кезеңдегі қазақ шаруаларының жағдайын жан жақты қарастырған 
зерттеушілер тобы аз да емес. Қазақ даласын аграрлық отарлау жүйесі де тарихнамалық 
талдаулар төңірегінде кездеседі.
Қазақстанның аграрлық жағдайының әлеуметтік пен экономикалық тұрғыда өзекті 
мәселелерін Л.Әуезова, С.Сүндетов, В.Черняков және т.б. зерттеді. Реформа жылдары 
қазақ жеріндегі әлеуметтік пен экономикалық жағдайға байланысты, П.Г. Галузоның 
зерттеулерінде жақсы қаралды. Оның, «Қазақ жеріндегі капитализм және оның 
ерекшеліктері» атты жинағында негізгі тұжырымдар мен концепциялар тарихнамалық 
тұрғыда талданды.
Патша үкіметінің отаршылдық тарихына жалпылама талдау жасады. Өлкедегі банк, 
сауда, тау кен істері туралы қолдағандығын және алғашында орыстар жалдамалы 
шаруашылықтарда қызмет жасап, кейін мақта өсірумен айналысқанын жазып өткен. Бірақ 
та тиімсіз шаруашылық екенін біліп, қазақтардың егіс алқабына араласқан.
Кеңестік кезеңде қазақтардың шынайы тарихын жазуға тырысқан Б.Сүлейменов еді. 
Оның еңбектерінен патша үкіметі кезіндегі аграрлық мәселені, жерді тартып алу 
жағдайлары қаралған [1].
Патшалық үкіметтің саясатын талдай келе, құқық саласындағы зерттеушілер де 
қарастырған. Оның бірі К.А. Жиреншин еді, ол сол замандағы саясаттағы басқару 
формасын, құқық мәселесін талдаған. Патша үкіметінің жер мәселесіне қатысты басқару 
формаларының ерекшеліктерін көрсетіп кеткен [2]. 
Қазақ зерттеушілерінің ішінен тарихшы, М.Қойгелдиевтің еңбектерін атап кетуге 
болады [3]. Оның еңбектерінен қазақ жеріне орыс шаруаларының қалай қоныс 
аударғанын, басқару тәртібіне қалай енгенін, орыс шаруаларының қоныс аударудағы 
барысы қалай өткенін, қазақ қоғамына тигізген зардаптарын байқауға болады. Сонымен 
бірге, К. Нұрпейсовтың [9] зерттеулерінен аграрлық мәселелердің әсерінен ұлт азаттық 
қозғалыстар туындағанын, халықтың жағдайының нашарлауын, ұлт мәселесінің 
шиеленусуінің болуын, осы атаулы оқиғалардың отаршылдыққа әкелуіне тоқталғанын 
көруге болады.
Қазақ зерттеушілері ішінен, тарихқа өз үлесін қосушы Мұхтар Құл Мұхаммедтің 
«Алаш қайраткері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы» зерттеуінен, заңгер 


257 
Ж.Ақпаевтың орыс патшалығынан жазған арыз хаттарын байқауға болады, қазақ 
халқының жүгенсіз халыққа айналуын, патшалық Ресейдің озбырлық саясатына төтеп 
бере келе жатқаның аңғартуға болады [4].
Е.Ж. Валиханов болса, «Колонизационная политика Российской империи в 
Казахстане» атты зерттеуінде, қазақ жеріндегі жер мәселесін жақсы тұрғыда баяндаса [5], 
Б.М. Абдрахманова «История Казахстана: власть, система управления, территориальное 
устройство в ХІХ веке» [6] атты еңбегінде жер мәселесі мен қатар басқару жүйесін 
келтіріп кеткен.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» 
атты еңбегінде, кезінде Патшалық Ресей саясатына қарсы тұрған қазақ батырлары 
бастаған ұлт азаттық көтерілістерді атай отыра, үкімет саясатының мән мағынасын ақиқат 
екендігін атап кетті. ХІХ ғасырдағы Ресейлің отаршылдық саясаты қазақ қоғамының 
тәуелсіздікке деген қиял екенін ұғындыра білді. 
Отарлау саясаты жалпылама түрде, түрлі арам құйтырқы әрекеттерден құралды, 
қазақ қоғамының құқығы мен бас бостандығынан айырды. Патшалық үкіметтің 
саясатынан қазақ хандығы біржола жойылып, қазақ қоғамында шенеуніктер, үкімет 
тарапынан бұйрық орындаушы басқару формалары өзгерді. Империялық әкімшілік 
басқару жүйесі енгізілді. Сол заманғы келеңсіз істер қоғам арасында бүлікшілікке, салық 
жүйесінің салынуына, парақорлыққа әкеп соқтырды. 
Тарихшы М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегінде, Патша үкіметінің 
байырғы қазақ қоғамында сақталған жүйенің бұзылуын, оның орнына жер мәселесінің 
көтерілуін, бос жатқан жерлер «мемлекет меншігі» деп танылуы туралы тың ақпараттар 
кезігеді [7].
Сонымен, бос жатқан жерлер қонысаударушы шаруаларға бөлініп берілу туралы 
заңнама шығуы, халықтың билікке қарсы озбырлықтары ояна бастады. Патша Үкіметінің 
қазақ жерінде отаршылдық саясаты күшейе бастады. Жергілікті ұлт арасынан көтерілістер 
шығып, ұлттың тіл, дін мәселелерін көтере бастады. Академик М.Қозыбаев айтып 
өткендей, «Алаш қайраткерлерінің де саяси санасындағы идеологиясы ұлтшылдық, 
наразылық болатын» [7, 123 б.].
Қазақ халқы ұлт ретінде өздерін сақтап қалу үшін, наразылық танытып, қазақ 
арасынан Мемлекет Думаға араласуын талап еткен болатын. Халық арасындағы 
әділетсіздік, парақорлық, зиянды әрекеттер халықтың ашуына тиіп, қазақ зиялылары, сана 
сезімі ояу азаматтардың билікке қарсы өз пікірлерін білдіруге келтірді. 
М. Құл Мұхаммед зерттеушінің еңбегінен халық арасындағы туындаған саяси 
қозғалыстарды бес кезеңге бөліп қарастырды.
І. 1905 жылдағы орыс жеріндегі революция; 
ІІ. Бұл кезең «Қазақ» газетінің қамтылуы кезеңіне дейінгі мерзім, бұл уақытта Патша 
Үкіметінің озбырлық отаршылдық саясаты, халықты езгілікке салынуына әкеп соқтырды; 
ІІІ. «Қазақ» газетінің шығуымен және Ақпан буржуазиялық революциясымен 
байланысты; 
ІҮ. Саяси көзқараспен «Алашорда» құрулуы және Ақпан революциясының аяқталуымен; 
Ү. Алашорда қозғалысы, қазақ зиялыларының қуғынға ұшырап, репрессияға ілігуімен 
аяқталады [8]. 
Қарастырылып отырған зерттеу жұмысы, осы кезеңдермен байланысты. Қазақ 
зиялыларының қосқан үлесі орасан зор. Халықты сауаттылыққа шақырып ғылым, білім, 
мәдениетті насихаттап жүрген алдыңғы қатарлы тұлғалар болады.Қарастырылып отырған 
зерттеу жұмысы алдыңғы қатардағы хронологиялық кезеңдермен байланысты. Ресей 
жерінде орын алған орыс революциясы да қазақ халқының арасында ұлттық 
қозғалыстардың туындауына әкеп соқтырды. 
Соның бірі Қарқаралыда Қоянды жәрмеңкесінің ұйымдастырылуымен, қазақтардың 
митингке шығуы еді. Ресей патшалығының әрекетімен «Қарақаралы петициясы» атты 
қаулы қабылданып, митингке шыққан халықтың үндеуін тыңдауға мәжбүр болды.


258 
Қойылған талаптар ХІ тармақтан тұрады: 
І. Қазақтарға бостандық беру; 
ІІ. Сауаттылықты қолдау, білімді өз ана тілінде болуы; 
ІІІ. Қоныстандару саясатын алып тастау; 
ІҮ. Қазақтардың жерді пайдаланудағы құқықтары; 
Ү. Сот мәселесі; 
ҮІ. Үкіметтің лауазымдық қызметіне қазақтарды тарту; 
ҮІІ. Қазақтардың намысын таптатпау; 
ҮІІІ. Сот жүйесінің қазақ тілінде болуы; 
ІХ. Қазақ тілінде сөйлеу; 
Х. Жердің иесінен заңсыз түрде ажыратпау; Отарлаушы тарапты шенеуніктерден 
болдырмау; 
ХІ. Заңсыз әрекеттер үшін жаза қолдану.
Бұл петицияға қол қойған адамдар саны туралы нақты деректер жоқ. Мәселен, 
кейбір Қазақстан тарихы оқулықтары мен энциклопедияларында 14500 мың адам қол 
қойған десе ді. «Қарақаралы петициясы» атты мақаласында З.Тайшыбай есімді зерттеуші, 
12767 адам қол қойыпты.
М. Қойгелдиевтің «Алаш қайраткерлері туралы» жазылған еңбегінде Қарақаралы 
петициясын тарихта орны бар екенін, халықтың мұң зарын Патшалық Ресейге жеткізе 
білуі, елінің бостандығын, халқының жағдайын ашық айтып талап қою тарихи көрініс 
есебінде жазып кеткен [9, 133 б.].
Жоғары да атап өткен тарихшының «Алаш қозғалысы» атты еңбегінде осы 
Қарқаралы петициясына Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Ақпаевтың орасан зор 
үлестері бар екендігі жазылып кеткен. Қарқаралы петиция әсерінен аталмыш зиялы қауым 
өкілдері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақпаевтың көмегімен Қазақ арасынан 
бостандыққа байланысты алғаш Конституция қабылдауды жөн көрді. Петиция авторлары 
арасынан алғаш рет съезд өткізуді құп көрді. Қазақ арасынан алғаш болып Ә.Бөкейханов 
мырза Мәскеуде өткен орыс революциясы жылдарында съездге қатысуға мүмкіндік алды.
Съезд барысында Әлихан Бөкейханов баяндама жасап, өз қарамағында 4 млн қазақ 
бар екенін, қазақ жерінің Сібірден Омбыға дейінгі, Оралдан Алтайға дейінгі, бір көршісі 
Қытай, бір шеті Ресей екенін, Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатқанын айтып өтіп, 
қазақдың мұң мұқтаждарын атап өтіп, қазіргі кезде өз ана тілінің дамуына шектеу 
қойылып жатқанын, өз жерлерінен айырылып жатқанын жеткізді [3, 87 б.].
Мемлекеттік Думаға Семей қаласы атынан Ә.Бөкейханов депутат болып сайланып, 
ол туралы «Семипалатинский листок» атты газет бетінде, «Халықтың тілегін орындай 
алатын, мұң мұқтажын жеткізе білетін бірден бір азамат екеніне сенсек керек деп», 
Әлихан Бөкейханов туралы баспасөз беттерінен жариялана бастайды. Ол Мемлекет 
Думада депутат бола жүріп, Еуропадағы, Ресей жеріндегі сайлау барысына, олардың заң 
алдындағы талаптарына, құқық мәселесіне қарап, өз ойын түйіндейді екен. Осы жағдай 
қазақтар арасында болғанда, өсімқорлыққа, парақорлыққа, әділетсіздікке әкеп 
соқтыратынын белгілі жағдай екенін түсіне білді. Заң алдында бәрін тең көретін, сайлауда 
жеңіске жеткен адам, өз құқығын қорғай отыра, әділетті өмірді қолдаса ғана шың бақыт 
болар еді дейді, Н.Әшекеева «Ә.Бөкейхан саясат сардары» атты зерттеуінде. 
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының санасында байлыққа 
деген көзқарас қалыптасты. Себебі, ұлттың интеллигенциясының өкілдері халықты 
жаңаша экономиканы меңгертуге шақырды. Мысалы, М.Сералиннің айтуынша: «бұдан 
былай біздер тіршілік әрекетін жасап, пайда күнемдіктерден үйренуді өнеге қылу керек. 
Пайдалы жұмыстарға араласып, сауда, шаруашылықтардың түрлерін үйренуді бастау 
керек.
Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы көшпелі, отырықшы халыққа күн 
көрушілік күніне өтетіндігін, және енді қайта келмейтіндігін айтқан. Қалалық жерлерге 
айтары, қала болғасын қалалық жұрттың жасаған шаруашылықтарын жасау керек... қазақ 


259 
қала салуға мойын қойса, біраз өнімнің жемісіне иланады. Себебі, Ақмешіт, Қоқан, 
Түркістан, Самарқанд, Ташкент маңайларындағы халықтарға көз салсам, миуа жеміс 
бақтарына ие, күріш пен мақта егуге кірісіп, өмір сүру тіршіліктерін жасап жатырған 
қазақтарды көремін. Астрахан жағындағы теңіз жағалауларында халықтар балық аулап, 
балықшы кәсібін жандандырып, Атбасар, Петропавл, Омск жерлерінің қазақтары 
саудагерлікпен айналысып күн көретінін, оқыған азаматтарымыз мұғалім, дәрігер, 
инженер секілді қызмет атқарып жатырғандарын көреміз... Жалқаулықтан қашпаңдар, ел 
қатарлы ғылым мен білімге жармасып, өнер талабына жарысайық!», деген ұсыныстарын 
жасаған [10, 1-4 б.].
Патша үкіметінің қазақ жерлерін отарлауы барысы бірнеше жерлерді қамтыған 
болатын. Соның бірі Жетісу жері. Патша үкіметінің жіберген экспедиция барысында 
зерттелген Жетісу аймағына әскери бекіністер орнатылған. Олар Қапал, Аягөз сияқты 
мықты бекіністер. Үкімет бұл бекіністер тарапына әскери шараларды жүзеге асырып, қару 
жарақтары 
мол 
әскерлерін 
орналастырды. 
Патшалық 
Ресейдің 
бекіністер 
орналастыруының бір себебі қазақтар қоқандықтармен байланысып үкіметке қарсы 
тұруынан сақтану еді. Ұлы жүз қазақтары да Қоқан қыпшақтарымен бірігіп, «Тойшыбек» 
бекінісін салған. Олар да бекіністі күзетуге Ұлы жүз қазақтары мен қыпшақ қазақтарын 
орналастырған. Осы іспеттес саясатынан қорыққан Ресей үкіметі қазақтарға қарсы әскери 
жорығын азайтады. Тойшыбек бекінісінің салынуы Қоқандықтардың билігі үстем бола 
бастауы. Ресей тарапынан жіберіп отырған әскери экспедицияға Тойшыбек бекінісін 
қиратып, қоқындықтарды қуып жіберу тапсырмасы берілген болатын. Міне, осылайша 
Тойшыбек бекінісі алынып, қазақтарға басқыншылық саясатын жүргізе берді. Ресей одан 
бөлек Жетісу аймағын да қаратты. Себебі, бұл жер қоқандықтар мен қырғыз ұлтымен, 
олардың саяси өмірімен өте жақын екені белгілі. Қ.Атабаевтың дерегі бойынша, қазақтар 
осы маңда өмір сүріп қоқандықтармен, қырғыздармен етене жақын болып, соларға үміт 
артты [11, 136 б.]. 
Патша үкіметі қазақтарды басу үшін әскери отрядтар жіберіп, көп мөлшерде 
шығынға ұшырады. Жетісуда сол 1860 жылдан бастап орыс өктемдігі орнайды. Сондай ақ, 
Ресей үкіметі кез келген сәтте қазақтардың қарсы тұрып соғысуына дайын болды. 
«Ерліктерін көрсете білген қазақ ұлтының батырларынан әп сәтте қарсы тұра алатынынан 
сескенген» патшалық үкіметтің көздері жетті.
Қазақстан территориясына басқыншылық әрекетін жүргізіп отырған Патша үкіметі 
отралау процесін бірнеше әрекетпен жүзеге асырды. Бұған дейін Ресей империясы 
басқару формасын өзгерту мақсатын, бірнеше реформаларды шығарып, қазақ қоғамы 
арасындағы билік жүйесіне шектеу қоюды қатаң бақылауға алды. 
Патшалық үкімет ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстанның оңтүстік 
жағын отарлауды бастады. Ұлы жүз өкілдерін толық бағындырған соң, билік жүйесіне 
орталықтан басқару тәртібін енгізді. Патша үкіметінің бұл саясаты 1867, 1868 жылдардағы 
реформаларынан байқауға болады. Оның түпкі мақсаты Қазақстан елінің құқықтық 
мәртебиесінен айырып, отар елге айналдыру. 
ХХ ғасырдың тарихы адамзат қоғамының рухани дамуы мен жаңа дамыған 
өркениетке қадам басуының алғышарты болды. Әлемдік саясатта қоғамның 
экономикалық, әлеуметтік озық ойлы қатынастары мемлекеттің ілгері қарай жылжуына 
Патшалық Ресейдің монархиялық билігі кедергі тигізді. 
Осы кезеңде дүниежүзілік экономикалық бәсекелестiкте Ресей патшалығы артта 
қалған елдердің бірі болды. Шикізат пен тауар өндірісі жағынан ірі капиталистік елдердің 
соңында қалды. 
Еліміз Егемендігін жариялап, ел тізгінін ұстаған күннен еркін даму жолында өз еліміздің 
тарихын жаңаша зерттей бастады. Ескі қалыпта қалған ұлт зиялыларының мұрағат 
құжаттарындағы еңбектері жаңарып, тарихтағы орнына ие болды.
Осы тұрғыда, Манаш Қозыбаевтың, Мамбет Қойгелдиевтің, Кеңес Нұрпейісовтың, 
Талас Омарбековтың және т.б. белгілі тарихшылардың еңбектері жаңара бастады. Себебі, 


260 
еліміз тәуелсіздігін жарияланған күннен бастап тарихта бұрмаланып жазылған оқиғалар 
қайта жанданып, жанарып халыққа ұсынылуда. Әрбір Қазақстандық тарихшылардың 
қалың оқырман қауымға ұсынған жер мәселесіне қатысты еңбектері үлкен үлес болмақ 
[12, 330 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет