Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет125/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
1.
Б.С. Сулейменов. Аграрный вопрос в Казахстане в последний трети ХІХ и нач.ХХ 
вв. Алматы. Изд. АН КазССР. 1963. 
2.
К.А. Жиренчин. Политическое развитие Казахстана в ХІХ и начале ХХ вв. 
Алматы., Жеті жарғы, 1996. 
3.
К.Нұрпейісов. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995. 
4.
М. Құл Мұхаммед. Алаш қайраткері саяси құқықтық көзқарастарының 
эволюциясы. Алматы, 1998. 
5.
Е.Ж. Валиханов. Колонизационная политика Российской империи в Казахстане. 
Абай. 1999, №1. 
6.
Б.М. Абдрахманова. История Казахстана: власть, система управления, 
территориальное устройство в ХІХ веке. Астана, 1998. 
7.
М. Қозыбаев. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, Қазақ университеті. 1992. 
8.
М. Құл Мұхаммед. Алаш ардагері. Алматы, 1996. 
9.
М. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы ІІ томдық І томы. Алматы, 2008. 
10.
М. Сералин. Біздің бұрынғы һәм қәзіргі хәліміз. \\ Айқап, 1911. №10. 
11.
 
С.М. Мәшімбаев. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Алматы, 
«Санат» 1994.
12.
Т. Омарбеков, Ш. Омарбеков. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық 
көзқарас. Алматы: Қазақ университетi, 2004. 
 
ЭТНОСАРАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ 
МӘДЕНИЕТІ 
 
Кемелбек Г., Гейдарова Г.А. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Қазақстан - әлем сахнасында өзінің біртұтастығымен көзге түседі. Әлем 
мойындаған Қазақстанда, жүздеген ұлттар мен ұлыстар бір қолдың саласы, бір үйдің 
баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біздің елді өз Отанындай көретін өзге ұлт 
өкілдері жетерлік. Қазақ елін әрқашан мақтан тұтып, «бізге сая болған жылы ұямыз» деп 
бағалайды. Елбасы Конституция кепілі және Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы 
ретінде ұлтаралық келісімді, бір-бірімен жарастықты әлемдік деңгейге көтерді. 
Халықаралық сарапшылар Қазақстанның жүзден астам этносты айрандай ұйытып, бір 
мақсатқа жұмылдырып отырғанына қызығады. Бұның сырын ұғуға өз сарапшыларын 
жіберіп отырады.
Әлемдегі елдердің басым көпшілігі көпұлтты болғандықтан, әртүлі ұлттардың 
басын қосып, біртұтастығын сақтау - оның мәдениеттілігінің басты белгісі. Демек, әлем 
елдерінен қарағанда Қазақ даласының мәдениеті біршама жоғары болып тұрғаны. Алайда, 
өзге ұлттар бір арнаға тоғыса алмай жатады. Көптеген қақтығыстарға әкеліп соғады. 
Барлығын бір салаға бағындыру, мүдделерін үйлестіру бұл-үлкен саяси қабілеттілікті 
талап етеді.Қазақстанның әртүлі қалаларында “Қазақстандағы мемлекеттік этносаясатты 
жүзеге асыру және этноконфессиялық қатынастарды реттеу” тақырыбында өткен 
семинар-тренингтердің көздеген бір мақсаты осы болса керек.


261 
Бұндай этноконфессиялар Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін 
бірегей құрылым болып табылып, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль 
атқарды.Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық 
қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп 
келеді.Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде 
этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты. Қазіргі 
уақытта Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін 
дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Қазақстанда тұратын барлық өзге ұлт 
өкілдеріне өз дәстүрлерін ұстауға, белгілі-бір дәрежеде мерекелерін атап өтуге ешқандай 
шектеу қойылмаған 
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтарды біріктіруші басты фактор 
болып саналатын қазақ тілін одан әрі дамытуға барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін 
бірнеше рет атап өтті. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің өз ана 
тілінде еркін сөйлеуіне, оқуына және тілдерін дамытуына қолайлы жағдай жасап отыр. 
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы 
Жолдауында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы ұсынылған болатын.Бүгінде 
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы – қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, 
қоғамдық келісімді қалыптастыратын құндылықтар жүйесіне айналды.Ел ішіндегі татулық 
пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны елге түсіндіру соның негізінде 
қоғамдық пікірді байсалды қалыптастыру Қазақстан дамуының негізгі кепілі бола 
алады.Барлық қазақстандықтар ел ішіндегі тұрақтылық пен ұлттар арасындағы татулықты 
үзбей насихаттау керек, Қазақстан мемлекеттілігінің нығайуы осыған байланысты. Елдегі 
өзге ұлт өкілдері қоғамдық жұмыстармен айналыса алады. Бұған мемлекет ешқандай 
шектеу қоймаған. Ұлтаралық келісім – адамның өнегелі тәрбиелілігінің, жоғары 
мәдениеттілігінің барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық және этникалық топтардың 
мүддесімен ортақтастық деңгейінің көрсеткіші. Біздің республикамыздағы ұлтаралық 
келісім – ең маңызды жетістіктердің бірі және ұлттық мәселелердің ғылыми шешімінің 
нәтижесі. 
Қазіргі әлемдегі мемлекеттер арасында бүгінгі күні ұлттық даму проблемасы, 
этносаралық қарым-қатынас мәселелері, дін мәселесі өте өзекті болып тұрғаны хақ. 
Адамзатқа ұдайы өзінің белгілі бір даму сатысында бұрын-соңды шешілген 
проблемаларды қайта шешуге тура келетінін белгілейді. Этносаралық және дінаралық 
қатынастың саласындағы проблемаларға толық байланысты екенін атап өту керек. Әлем 
қоғамдастығы, сарапшылар мен талдаушылар конфессияаралық және этносаралық қарым-
қатынас саласындағы проблемалардың нысаны мен оларды шешу тәсілдеріне зер салып 
қадағалайды, оған түрлі елдердің басшылары мен үкіметі сүйенеді, жалпы алғанда 
қоғамдық құрылымдар мен азаматтық қоғамдардың тәжірибесін жинақтайды. Сол 
себептен дінаралық және этносаралық қарым-қатынасты құрудағы оң тәжірибе мен 
жаңашыл табыстарға жете көңіл бөлінеді Бұл ретте, осы проблемалардың халықаралық, 
және де ел ішіндегі деңгейі туралы сөз қозғауға болады. Бір елде басым болған этнос, 
басқа елде этностық азшылық қатарында болуы ықтимал. Көп этностық мемлекеттер үшін 
кейде этносаралық келісімді сақтау жіті мәселеге айналуы мүмкін. Қазіргі заманның 
айтарлықтай барша жанжал-шиеленістің негізінде ұлттық немесе дін факторлары жатыр, 
деп белгілейді зерттеушілер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік-конфессиялық қарым-
қатынасты сәтті құра алатынын, этносаралық келісімді қолдап, дамыту және сонымен 
қатар мемлекеттік құрылыстың проблемаларын шеше алатынын бүкіл әлемге көрсете 
алды, бұның барлығы жаһандану процестерінің тереңдеген және әлемдегі жалпы 
тұрақсыздықтың үдей түскен, қауіп және қатердің ескісі қайта көрініп, жаңаның 
қалыптасқан кезінде көрініс тапты. Әрине, әлемде осы проблемалардың шешілуінің өзге 
де оң мысалдары бар, алайда Қазақстан халқының көп этностық және көп конфессиялық 
құрамына, еуразиялық географиялық және геосаяси жағдайына, бірқатар әлемдік және 


262 
өңірлік державалардың келіспейтін және тіпті қарама-қайшы келетін ұлттық мүдделерінің 
қатты қысымының зарын тартатын жағдайға, әлемдік қаржы жүйесінің негізін тітіреткен, 
жаһандық экономикалық дағдарысқа келетін болсақ, Қазақстан Республикасы халық пен 
басшылықтың табандылығын, күші мен даналығын паш етеді.
Қазақстан зайырлы мемлекет. Осы орайда елде өзге этнос өкілдеріне дінге шектеу 
қойылмаған, алайда кейбір кездері дін жайлы мәселелер болып тұрады. Осы жайтты 
мемлекет көшбасшылары, халықаралық шенеуніктер, сарапшылар мен түрлі елдердің 
қарапайым халқы айқын көріп отыр. Қазақстан Республикасының бастамашыл етуімен 
БҰҮ Бас Ассамблеясының 62-сессиясы барысында 2010 жылды «Мәдениеттер 
жақындасуының халықаралық жылы» деп атау туралы қарар қабылданды. Сонымен қатар, 
АӨСШК, ШЫҰ, ЕЭҚ, Ислам Конференциясы Ұйымы қызметінде Қазақстанның 
атқаратын рөлі зор екені мәлім. Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық 
келісімді қолдап, дамытуда, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуде және халықаралық 
аренада әрекет етуші бастамаларды ортаға салудағы табыстылығы, 2010 жылы әлемдік 
қоғамдастықпен ЕҚЫҰ төрағалық ету ұсынылғанына және 2011 жылы Ислам 
Конференциясы Ұйымында төрағалық етуіне әкелді. Елдің табыстылығы әрқашанда оның 
Президентімен байланысты болады, кейде ол толықтай оның еңбегінің арқасында іске 
асырылады. Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтардың көңілінен түсіп қана қоймай, мемлекет 
көшбасшыларының және де заманауи әлемнің түрлі елдерінің қарапайым адамдарың 
құрметіне бөленді. Ел басқарумен байланысты оның күнделікті жұмысы стратегиялық 
мақсаттарды, тұжырымдамалар мен Қазақстанды дамыту бағдарламаларын әзірлеумен 
айрықша табыстылықпен үйлеседі. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев этносаралық 
және конфессияаралық тыныштық пен келісімді қолдамаған жағдайда, келісім 
сақталмайтына, Қазақстан Республикасында ішкі саясат тұрақтылығын сақтау 
міндеттеріне әрдайым көңіл аударады. Сол себептен Қазақстанда ұлттық бірлік пен діни 
бейбітшілікті сақтау міндеттері Қазақстан Президенті үшін басымды міндет болып 
табылады. Өзінің зерттеулерінде, кітаптарында, Қазақстан халқына Жолдауларында
Қазақстан халқы Ассамблеясы сессияларында, әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының 
съезінде сөйлеген сөздерінде, мақалаларда, сұхбаттарында Н.Ә. Назарбаев этносаралық 
және конфессияаралық келісім тақырыбына, рухани келісімді бекітудің өзекті 
проблемаларына тұрақты түрде оралып, Қазақстан Республикасының үкіметі, жергілікті 
мемлекеттік органдар, қоғамдық құрылымдар, жастар ұйымы үшін түйінді болып 
табылатын осы мәселелерді қолдау қажеттілігінде зейін аударады. Қазақстандық және 
әлем жұртшылығының назарына ұсынып отырған кітапта құрастырушылар түрлі 
деңгейлер мен маңыздағы материалдарды жинады. Оларды Қазақстандағы этносаралық 
және конфессияаралық қатынас тақырыбы біріктіреді, және де Қазақстан Республикасы 
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасы қазақстандық қоғамда тұрақтылық пен 
бейбітшіліктің кепілі және этносаралық пен конфессияаралық келісімнің қазақ моделінің 
негізін салушысы екені күмәнсіз.
 
Әдебиет 
1) URL: https://
www.mfn.kz
  
2. URL: 
https://e-history.kz
  
3. URL: https://
www.apa.kz
  
4. Н.Ә.Назарбаев. Татулық тұтқасы, бірліктің бесігі// Егемен Қазақстан,19 сәуір, 
2001ж 
5. URL: https://
www.wikipedia
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет