Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖАҢА ОРТА МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОО-НА



Pdf көрінісі
бет144/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
1 КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖАҢА ОРТА МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОО-НА 
БЕЙІМДЕЛУ ПРОЦЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Әділ Ш.М., Сарекенова А.Б., Абызова Л.Б., Жұмалиева Г.С.
Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медицина университеті 
 
Студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және 
эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, 
саяси - қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі 
Белгілі Кеңес Одағының психологы Б.Г. Ананьев 
Студенттік өмір – адам өміріндегі жарқын сәттермен есте қалатын, ертеңгі күнге 
сабақ болатын қарым қатынастар, қызықты оқиғалар, белсенді өмір кезеңі. Бұл кезеңнің 
бастамасы, яғни 1 курс 1 семестр әр студент үшін өзінше қорқыныш туғызатыны хақ. 
Бұрын соңды көрмеген адамдар, жаңа орта, жаңа достар, жаңа жүйе, жаңа тәртіп, жаңа 
қағидалар, иә, бұл жерде бәрі бәрі жаңа. Әсіресе, өзге аймақтардан келген студенттер үшін 
оқу процессін есептемегенде, ол қаланың өзі жаңа. Тап осы кезеңде жүретін бейімделу – 
өте күрделі процесс. Бес саусақтың бірдей болмайтынындай, әрбір жеке тұлғада ол 
әртүрлі уақыт аралығында, түрліше жүреді. Адам өмірінде тіптен психологиялық 
проблемалар орнауы мүмкін. Студенттердің педагогикалық-психологиялық бейімделуі 
білім берудің фундаменталді сұрақтарының қатарына жатады. Демек, студенттердің оқу 
үрдісіне бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы жақсы қалыптасады және 
қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады. Бейімделу мәселесі психология және педагогика 
ғылымдарының ежелгі тарихынан бері қарастырылып келе жатқан мәселесі болғанымен 
де, өзінің өзектілігін бүгін күнге дейін жоймаған. Қазіргі психологиялық зерттеулерде 
бейімделу ұғымы адамның қоршаған ортада адекватты түрде қалыптасуының нәтижесі 
ретінде сипатталады. Бұл процесс адамның ішкі дүниесі мен ойлау қабілетінің сыртқы 
ортаға бейімделу мүмкіндігін анықтайды. Адаптация ішкі дүниенің сыртқы ортамен, жеке 
өмірдің әлеуметтік жағдаймен тығыз байланысы нәтижесінде қалыптасады. Осы жеке 
өмір мен әлеуметтік жағдайдың шекарасын өзін-өзі тану, ішкі шынайылық, 
толыққандылық сияқты сезімдерді сипаттайтын «жеке басы (идентичность)» ұғымы 
ажыратып тұр. Адамның әлеуметтік-психологиялық бейімделу дәрежесі мен жеке басы 
ұғымы тығыз байланысты екендігі белгілі [1]. Біздің зерттеу жұмысымыз медициналық 
ЖОО-ның студенттерінің жеке тұлға болып қалыптасуындағы әлеуметтік-психологиялық 
бейімделушілігін анықтауға бағытталады. Медициналық ЖОО-ның студенттерінің 
әлеуметтік-психологиялық бейімделушілігі оның жүріс-тұрысы, өмірдегі маңызды 
мәселелерді шешушілігімен тығыз байланысты. Адаптация процессі тек білім алу 
барысында ғана емес, әр адамның жеке ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі жүреді. 
Ондай ерекшеліктерге біздің ойымызша психологиялық қабілеттерді дамытуы, 
қиыншылықтарға төзе білуі, аса ауыр жағдайларды өзіне сынақ ретінде қабылдап, 
шыдамдылық танытуы жатады. Бұл жағдайлар сондай-ақ студенттің алдағы уақытта 
белсенді болуына да әсер етеді. Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты – студенттердің 
жаңа өмір дағдысына және білім алуының әртүрлі кезеңдеріндегі бейімделу 
ерекшеліктерін анықтау.
Бейімделу - әлеуметтік тәжірибелерді жаңғырту мен меңгерту процесінің тарихи 
белгіленуі, студенттерді әлеуметтенуінің бір құрылымы ретінде анықталады. Зерттеуші 
ғалым А.А. Реан мен өзгеде ғалымдардың еңбектерінде ЖОО-ндағы оқу үдерісіндегі 
алғашқы кезең студенттің алдағы өмірдегі жолын анықтайтын шешуші кезең ретінде 
қарастырады. Студент – қоғамдағы өз орнын айқын табуға, болашақ дамудың бағыт – 
бағдарын жүйелі тани білуге ұмытылатын мәдениетті тұлға. Студентті тұлға ретінде 
төмендегідей үш жағынан сипаттауға болады:


307 
Психологиялық жағынан жеке студентті зерттеу барысында тұлға бойындағы 
темперамент, мінез, қабілет сияқты психологиялық қасиеттердің қатар дамуы әр адамның 
өзіндік ерекшелігін, психологиялық жағдайлары мен ой-пікірінің дамуына әсер етеуі 
анықталады.
Әлеуметтік жағынан студенттің қандай әлеуметтік топқа, ұлтқа жататындығы, 
қоғамдағы орны мен байланысы, адамдармен қатынасы қарастырылады.
Биологиялық тұрғыда, студенттің жоғары жүйке қызметінің типін, анализаторлардың 
құрылысын, шартсыз рефлекстердің, инстинктерінің, физикалық күшін және тағы да басқа 
ерекшеліктерін қарастырады. Биологиялық даму тұқым қуалаушылық және туа біткен 
нышандарға байланысты болғанымен, ол белгілі бір жағдайларда өмір сүру шарттарына 
байланысты өзгеруі мүмкін. 
Студентті бұл тұрғылардан зерттеу оның тұлға ретіндегі психологиялық 
мүмкіндіктерін, өзіндік ерекшеліктерін ашып, білім сапасын анықтауға мүмкіндік береді. 
Ал студенттің жоғары оқу орнына, оқу үдерістеріне және түрлі жағдайларға бейімделуі 
үш форма арқылы анықталады: 
1. формальды бейімделу - жаңа ортаға студенттің танымдық-ақпараттық икемделуі;
2. қоғамдық бейімделу – жаңадан келген студенттердің өздері білім алатын ЖОО-ның 
жалпы студенттерінің қауымына кіру процессі.
3. дидактикалық бейімделу – студенттің ЖОО-ндағы оқудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, 
оны ұйымдастырудың жаңа формаларына дайындығы [2].
Біз зерттеу жұмысымызды осы аталған формалар негізінде Марат Оспанов атындағы 
Батыс Қазақстан медицина университетінде жүргіздік. Сауалнамамызға барлығы 156 
студенттің 129 (83,8%) «Жалпы медицина», 15 (9,7%) «Стоматология», 10 (6,5%) 
«Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінің студенттері қатысты. Біріншіден, біз 
бірінші курс студенттеріне А. Ф. Фидпердің ұжымдағы түрліше психологиялық 
жағдайларды бағалау әдістемесін жүргіздік.
Әдістеме кестесі шкладан тұрады. Шкаланың әр бөлімінде қарама-қайшы мінез – 
құлық жазылып, 7 бөлімінің әрқайсысы солдан оңға қарай 1-ден 8-ге дейінгі ұпайлармен 
бағаланған. * белгісі солға қарай орналасқан сайын, ұпай төмен болады және жауап 
берушінің пікірінше ұжымдағы психологиялық жағдайы жақсырақ, яғни осы арқылы 
студенттің жанындағы адамдардан берілген қасиеттердің қайсысын көбірек 
байқайтындығын анықтадық. Студенттердің берген жауаптары қосылып, нәтиже 
анықталып, қорытынды көрсеткіш 1 (өте жақсы) және 8 (өте жағымсыз) ұпай аралығында 
бағаланды. Ұпайлар 4-тен төмендеген сайын жағымды психологиялық хал-ахуалды, 
жоғарылаған сайын жағымсыз хал-ахуалдың артқанын көрсетеді. 



4





Достық 

Қастық 

Келісім 

Келіспеушілік 

Қанағаттанарлық

Қанағатсыздық 

Жылы 
шырайлылық 

Салқындық 

Бірін-бірі қолдау 

Теріс ниеттілік 

Еліктеушілік 

Немқұрайлылық 

Жетістік 

Сәтсіздік 
Зерттеу жүргізілген топтардың барлығының жинаған ұпай саны 4-тан төмен. Яғни, 
бұл топ ішіндегі психологиялық хал-ахуал, қарым-қатынастың, студенттердің оқу орнына 
адаптациясының жалпы жақсы екендігін көрсетеді. Зерттеу нәтижелерін талдау арқылы 
студенттердің әлеуметтік-психологиялық адаптациясының, өзін және өзгелерді жеке тұлға 
ретінде қабылдап, сыйластықпен қарауының, ішкі бақылауының және өзіндік 
эмоционалдық комфорттың қалыпты деңгейде екендігін көруге болады. Ал бұл өз 


308 
кезегінде оқу үрдісінің нәтижелі жүргізілуіне көмегін тигізеді [4]. Оқудан бөлек, 
студенттердің жоғарғы оқу орнындағы маңызды іс-әрекеттерінің бірі – жаңа адамдармен 
қарым-қатынас жүргізу. Ең біріншіден әр адамның өз мінез-құлқын өзі реттей алуы және 
өмірі мен жұмысындағы бостандық дәрежесіне басымдық беріледі. Сауалнамамыз 
көрсеткендей, әр студенттің бейімделу процессі түрліше жүреді. Колледж бітірген, еңбек 
өтілі бар жастар студенттік өмір мен тұрмысқа жеңіл әрі тез бейімделеді (15 (9,6%)), 
себебі олар осыған дейін бейімделудің барлық кезеңдерінен, яғни оларда бұрындары жаңа 
топқа, қалаға деген бейімделу процесстері өткен, олар үшін жаңа қаланы білмеуден басқа 
қиындық аса көп кездеспейді. Ал мектепті жаңа бітіріп келген абитуриенттер үшін ол 
түрлі деңгейде, көпшілігінде бейімделуі қиын түрде, кейбіреуінде жеңіл жүруі мүмкін. 
Осы тұрғыда қарастырғанда өзге оқу орындарымен салыстырғанда медициналық оқу 
орынында оқу студенттерді әлдеқайда күйзеліске көп түсіреді. Оның ішінде де, 
зерттеуімізге сүйенсек, медицинаның ауыр пәндерінің бірі Анатомияны 1 семестрде 
оқитын Стоматология мамандығының студенттері 1 семестрде бұл пәнді оқымайтын 
Жалпы медицина мамандығының студенттерімен салыстырғанда бейімделуі қиындау 
жүрген. Күнделікті оқудың ауыртпашылығы, уақыттың жетіспеушілігі адамды күйзеліске 
душар етіп, оның ішінде медицина саласының қоғамдағы өзектілігін бұрынғыдан да жете 
түсіну барысында «оның ауыртпашылығын көтере аламын ба? мамандықты қате 
таңдадым ба?» деген ойға әкелуі мүмкін. Оқудың жаңа жүйесі, өзге адамдардың ортасына 
келу, қаланы білмеу, өзгеше климат, студенттің тұйық болуы немесе таныстарының 
болмауы, коммуникациядан қорқуы және басқа да жағдайлар олар үшін бейімделу 
процессін тіптен қиындатып жібереді. Алайда кейбіреулері үшін бұл процесс тез жүреді, 
себебі басқа адамдармен коммуникацияны дұрыс орнату, үлкен курстардан таныстары 
болуы, олардың қолдауы, өзге жақта жүріп үйренгендігі және ең бастысы өзінің таңдауын 
яғни, медицинаны сүюі көп көмегін тигізеді. Бұл жағдайда көбіне айналадағы адамдардың 
әсері ерекше, мысалы достар (123(80,4%)), жоғарғы курс студенттері (13(8,5%)), 
туысқандармен (34(22,2%)) үнемі кеңесу де ортаға, қалаға бейімделуге өзіндік үлес 
қосады. 


309 
Ғылымда қыз балалалардың ұл балаларға қарағанда өмірдің қиын жағдайларына төтеп 
бере алу қабілеті басым екендігі анықталған. Бұны біздің өткізген сауалнамамыз да 
нақтылады. Ұл балалардың (49 (31,4%)) қыз балаларға (107 (68,6%)) қарағанда топқа, 
ортаға, жанында тұратын жандарға бейімделуі төмендеу немесе орташа жүрген. Көп 
жағдайда қыздар жат аймаққа шыққанда өз ісіне жауапкершілікпен қарап, төзімділік 
танытады. Алайда, бейімделу барысында қыздар ұлдарға қарағанда күйзеліске көп 
шалдыққандығы да анықталды. Әрине, қыз балалардың нәзік жанды екендігі осы сәтте 
еріксіз ойға оралады. Ал студенттердің топқа бейімделуіне келетін болсақ, барлық 
студенттерді бірнеше жыл бірге оқып, қызықты уақыттарын бөлісетін тобының қандай 
болатындығы уайымдатады. Кей жағдайда бұл да кейбіреулер үшін үлкен стресс болуы 
мүмкін. Топтың ұйымшылдығы, коммуникативтілігі, адамгершілігі мол, оқуға ынталы 
болуы, қалаға, университетке тез сіңісуіне және оқудың ауыртпалығын жеңілдетуге әсер 
етеді, студенттер арасында бірін-бірі түсінушілігі артады [3].
Ал топтың арасында 
ауызбіршіліктің болмауы, өз тобының арасында бөліну бір ғана емес, сол топта оқитын 
бірнешестуденттердің оқуға деген қызығушылығын төмендетіп, жаңа жүйе мен жаңа 
ортаға бейімделуіне теріс әсерін тигізеді. Біз өткізген сауалнама нәтижесінде 
студенттердің басым бөлігі өзінің тобынан қолдау тауып, тобы ұнайтындығын көрсеткен 
(144(91,1%)). Бұл орайда студенттердің бір-бірімен дұрыс қатынас орната алуында 
университет оқытушылары мен психологтардың алатын орны ерекше. Себебі 
оқытушылардың студенттермен дұрыс байланыс жасауы, әртүрлі тренинг өткізуі арқылы 
студенттің өзіне сенімін оятып, еліне, өмірге деген сүйіспеншілігін және оқу мен жаңа 
ортаға бейімделу мотивацияларын арттырады [5]. Егер университет табалдырығын жаңа 
аттаған студентке өзінің тобы мен оқытушылар тарапынан барынша қолдау көрсетілсе, 
онда ол адамның өз ойын еркін жеткізе біліп, өздеріне деген сенімділігін арттырады.
Үнемі ата-анасының қасында өскен балалар үшін өз бетінше өмір сүру қиынға соғып 
жатады, әдетте өз бетінше өмір сүріп, ақшасын басқарып үйренбеген адамдарда бұл жиі 
кездесетін жағдай. Олар бір жағынан алдағы болатын жағдайларды алдын ала жоспарлап, 
екінші жағынан кез келген нәрсеге уайымдаумен болады. Тек жаңа қалаға ғана емес, 
сондай-ақ қандай адамдармен, қай жерде бірге тұратындығы студенттердің негізгі 
мәселесінің бірі.Біздің зерттеуіміз бойынша, жатақханада тұратын (119 (76,3%)) 
студенттердің жанында тұратын адамдарға бейімделуі пәтерде тұратын (37 (23,7%)) 
студенттерге қарағанда жоғары болған. 
Біз өз зерттеулерімізде бейімделу процесі барысында студенттің бойында кәсіби іс-
әрекетіне қажетті әлеуметтік қасиеттер де қалыптасатынын қарастырдық. Бұл негізде, 
жоғарыда қарастырылған студенттердің бейімделуінің өлшемдері мен көрсеткіштері 
туралы пікірлерді талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасадық: 


310 
1.Ең біріншіден, сіз оқу барысында мамандық туралы түсінік қалыптастырып, 
мамандықтың 
әлеуметтік 
маңыздылығын 
түсініп 
және 
оған 
оң 
көзқарас 
қалыптастыруыңыз керек. 
2. Алғашқы сабақтар барысында өзіңіз ЖОО-ның оқу жүйесімен және білім деңгейін 
қойылатын талаптарды, оқытудың ерекшелігін, оның мектептегі айырмашылықтарын тез 
ұғынып алуыңыз керек. 
3. Ортаға тез бейімделу үшін біз тек жеке субъект,яғни студентті ғана алмай, біз 
оқытушының да рөлі маңызды екенін ескере кетсекте болады. Өйткені студенттер топтан 
лайықты орын табу үшін оқытушы мотивация ретінде түрлі тапсырмалар беріп, оларды 
қолдап, студенттердің жақсы қырынан ашылу үшін өздеріне мүмкіндік беру керек. 
4. Өзіңіз, психологиялық көмекке мұқтаж болсаңыз, ЖОО-ның арнайы 
психологтарына барудың ешбір зияны жоқ, сіз керісінше студенттермен көптеп 
айналысқан психологтардың тәжірибесі сізге пайдалы болады. 
5. Сабақттардан кейін топта бірлескен іс-шарлар өткізген кезде, сіз барынша қатысуға 
тырысыңыз, себебі бұлда топтың ішінде бейімделу процесі тез жүреді, әрі уақытыңызды 
қызықты өткізесіз. 
6. Адамдармен тез тіл табысу үшін, сіздің бойыңызда адамгершілік қасиеті жоғары 
болу қажет. Ол үшін ЖОО-да өзін-өзі тәрбиелеитін әңгімелер туралы түрлі тақырыптар 
өткізіледі.Студенттің қай күн болмасын, ең маңызды мәселесі бұл уақыт. Сіз күнделікті 
режимді қалыптастырсаңыз, сіз уақытыңыздың тапшылығын мүлдем сезбейсіз. 
8. Топтағы студенттердің өзіңізбен салыстырудан алшақ болыңыз, себебі бұл 
ортадағы адамдарға сіз туралы негативті көзқарастарға алып келеді, және де адамдардың 
мінез құлқын сынға алмаңыз, керісінше позитивті көзқараста топтағы жетістіктерді сынға 
алмай, оларға қолдау көрсете білсеңіз, сіз топқа бейімделуімен қатар, өзіңізді жақсы 
қырынан көрсете аласыз. 
Өткізілген зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесі медициналық ЖОО студенттерінің 
әлеуметтік-психологиялық бейімделуі олардың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне 
байланысты екенін көрсетті. Осыған орай, болашақ медицина қызметкерлерінің 
тәжірибелі, адал болып шығуы, студенттік өмірдің бастамасындағы іргетасын дұрыс 
қалауына тікелей негіз болатынын айта аламыз. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
Андронов, В. П. "Дәрігердің кәсіби ойлауын қалыптастыратын психологиялық 
негіздер" 1991жыл
2.
Балл Г.А. «Жеке тұлға үшін адаптация түсінігі және оның маңызы» 1989жыл
3.
Төребаева К.Ж. «Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» – 
Ақтөбе
4.
В. П. Рожина, В. А. Ядова «Адам және оның жұмысы. Әлеуметтік зерттеулер» 
1967жыл
5.
Омарова Р.С. «Жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық 
ізденімпаздығын қалыптастыру» Алматы, 2002жыл


311 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет