Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


жұлдыздар тіркесіпті, жұлдыздар теңесіпті



Pdf көрінісі
бет141/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

жұлдыздар тіркесіпті, жұлдыздар теңесіпті
 
деген 
тұрақты тіркестің мәдени-ұлттық семантикасы тым көмескіленіп кеткен. Байырғы 
дүниелік білім бойынша төменнен жоғары тартылған түзудің бойымен жоғарыда Үркер 
және оның Үлпексарысы, одан төменіректе Үш Арқар-Таразы, одан төменде Сүмбіле 
жұлдызының бірінен кейін бірі қатар түзуін 
жұлдыздар тіркесіпті
дейді. 
«Күн суытып, 
қыс түсер шақ»
келді деген ұғымды білдіреді. Жұлдыздар қазан айында тіркесіп болады. 
Жұлдыздар керуеніннің басында Үркер мен оның Үлпексарысы тұрады. Ал жұлдыздар 
теңесіпті деген тұрақты тіркес әлгі жұлдыздардың горизонталь түзудің бойымен қатар 
келуін 
жұлдыздар теңесіпті
 
дейді. 22-24 наурызда Сүмбіле (сол жақта), Үш Арқар-
Таразы (ортада), Үлкер мен Үлпексары (оң жақта) бір түзудің бойында, күннің батысында, 
тізілген моншақтай болып тұрады. 
Жұлдыздар теңесіпті
 
дегенді, кейде 
Таразы басы 
теңесіпті
 
дейді, 
«күн мен түн теңелді»
деген ұғымды білдіреді.
Тілді тұтынушыда 
лингвистикалық құзірет, коммуникативтік құзірет
, сондай-
ақ 
тілдік-мәдени құзірет
болады.
Тілдік-мәдени құзірет дегеніміз
тілдік тұлғаның сөйлеу (жазу) мен айтылған 
(жазылған) сөзді қабылдау кезінде тиісті мәдени семантиканы, мәнділікті қоса меңгеруі. 
Тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығы, әсері негізінде тілдік таңбаның мазмұн 
межесінде мәдени семантика қалыптасады. Аударма, тіл үйрету, көркем мәтінге талдау 
жасауда, сөздіктер құрастыруда тілдік таңбаның грамматика, лексика-стилистикалық 
мағыналарымен бірге ондағы мәдени ақпараттарды да ескеру аса қажет. Мысалы, қазақ 
тілінің онтомдық түсіндірме сөздігінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет