Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет178/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Интеллектуалдық күш-қуат – 
қабілеттілікте!
Интеллектуалды тұлға бүгінгі қоғамымыздың басты байлығы. Оны 
тәрбиелеу заман талабы ғана емес, басты міндеті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы идеясымен 
бөліскім келеді. Оның негізгі мақсаты-қазақстадықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, 
Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деген 
болатын. 2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда «Интеллектуалды ұлт-2020» мемлекеттік 
бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 
2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған 
форумда мәлім еткен еді. «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының мақсаты 
тұрпаты қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам 
капиталы бар айналдыру, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және ол жобанынң 
мемлекетті стратегиялық тұрғыдан даму бағыты үш құрамдас бөліктен тұрады:
1. Білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру. Қазіргі таңда жастар тек 
білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім 
алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім 
қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, 
оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек. 
2. Қуатты ақпараттық революция, яғни ақпараттық технологиялар паркін 
қалыптастыру. Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен 
ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, 
алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар 
болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар 
керек. 
3. Жастар рухани талім-тәрбие беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала 
отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, 
ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек. 
«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңызы зор. Зиялы 
қоғамды кұруға зор үлесін қосқан А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, 
М.Жұмабаев сиякты Алаш арыстарының тарихи болмыстарын қазіргі ұрпаққа мұрат ете 
отырып, зиялы қоғамның ұлттық бейнесі көзделген болатын. Қазіргі таңда зиялы қауымды 
тәрбиелеуге бағытталған бағдарламалар ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тарихи 
құндылықтарды негізге алады. «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасының бәсекеге 
қабілетті, ойлау қабілеті терең, өз ойын еркін әрі сауатты жеткізетін интеллектуалды 
патриот азаматты тәрбиелеу процессіне қосатын үлесі зор деп есептеймін. 
«Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы 
ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – 


384 
өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық 
тұрғыдағы жаңа деңгейі. 
Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға 
болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау 
қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай 
отырып, заман талабына сай даму жолына түсу. 
Ұлттық модернизация, яғни бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты 
қалыптастырудың негіздері Қазақстан егемендігін жариялаған кезеңнен бастау алады. 
Мысалы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 
жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен қазақстандық жастардың шет елдердің 
жетекші жоғары оқу орындарында жоғары білім алып, алған білімі мен тәжірибесін 
еліміздің игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны 
белгілі. Бұл стипендия бойынша студенттер әлемнің 32 еліндегі 630 жетекші жоғары оқу 
орындарында білім алуға мүмкіндік алды. 
Осы кезеңге дейін “Болашақ” стипендиясы арқылы 20 мыңнан астам жас 
мамандар даярланды. Бүгінгі күні “Болашақ” стипендиясы арқылы білім алған жастар 
экономиканың, мемлекеттік басқарудың және басқа да салалардың жауапты бөліктерінде 
еңбек етіп жүр.
Ұлттық модернизацияның нақты жүзеге асырылуы мен ұлттың бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру міндеттері Президенттің 2004 жылғы «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан 
үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты Қазақстан 
халқына жолдауында, 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси 
жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында және 2006 жылғы 
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі 
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына 
жолдауында қойылды. Президенттің нұсқауы бойынша, білім саласының дамуына 
қойылатын талаптар: білім беру жүйесінің инновациялық дамуы, ақпараттық революция, 
жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеу екенін атап өтуге болады. Осы талаптардың түйіні – 
Мәңгілік елдің интеллектуалды тұлғасын тәрбиелеу болып саналады. Ел Президентінің 
бастамасымен білім беру сапасы артып, білім беру ұйымдарының материалдық базасы 
нығайтылды. Дарынды балаларға арналған мамандырылған мектептер желісі құрылды. 
Қазіргі кезде республикада үш тілде бірдей білім беретін мектептер қызмет етуде. 
Еліміздегі білім беру жүйесін 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарда 
жаңа сападағы білім берудің өзіндік жолдарын ұсынды: 2020 жылы Қазақстан білімді ел 
ретінде қалыптасуы тиіс. Білім саласын дамыту үрдісі болашақ экономикалық, саяси және 
әлеуметтік – саяси өркендеуінің негізінде болуы керек. Сонымен қатар, 2011-2020 
жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамыту жөніндегі 
мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан 
Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың 
ұйымдастырушылық негізі болып табылады. 2011 жылғы Қазақстан халқына арнаған 
Жолдауында «Өмір бойы білім алу» қағидаты әрбір қазақстандықтың жеке ұстанымы 
болуы керек екендігі атап өтілген. Қазіргі кезде жаңа «Назарбаев университетінің» 
негізінде нарық кезеңінің талаптарына сай келетін жоғары оқу орынының инновациялық 
моделі қалыптасуда. Ол енді Президенттің ойынша барлық қазақстандық жоғары оқу 
орындары үшін үлгі болуы тиіс. Сонымен қатар Президенттің тапсырмасы бойынша бүкіл 
Қазақстан бойынша қазіргі кезде ашылып, қызмет ететін 20 интеллектуалдық мектептер 
де келешекте үздік жоғары оқу орындарында оқитын дарынды балаларды даярлаудың 
негізгі базасына айналады. Осының өзі Елбасының қазақстандықтардың интеллектуалдық 
әлеуетін арттырудағы, интеллектуалдық әлеуетті қалыптастырудағы зор әрі келелі 
істерінің бірі. Қазіргі кезде Президент бастамасымен жүзеге асырылатын дана саясаттың 
арқасында еліміздің ұлттық жоғары мектебінде білім берудің әлемдік деңгейіне қол 
жеткізу жөніндегі іс – шаралар қабылданды. Атап айтсақ, қазіргі кездің өзінде – ақ 


385 
Қазақстан Еуропалық білім беру кеңістігіне еніп, Болон Декларациясының қатысушысы 
болды, Нұр-Сұлтан қаласында «Назарбаев Университеті» сынды әлемдік деңгейдегі 
беделі бар оқу орны құрылды. Елімізде күн сайын сапалы жоғары білім алғысы келетін 
жастар саны арта түсуде, шет елде 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқиды. Қазақстан 
Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 3000 – нан астам 
стипендиаттары әлемнің 27 елдерінде білім алуда. Елбасы Қазақстан халықтарына 
жолдаған Жолдауларында еңбек нарығының серпінділігі мен дамыту перспективаларына 
сәйкес келетін білім беру мен кәсіби даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз 
етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың жүзеге асырыла бастағандығын жария етті. 
Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақ Ұлттық университеті мен Еуразия Ұлттық 
университетіне 20 шетелдік кеңесші – оқытушыларды тарту үшін 2 млрд. доллар бөлінген. 
Қазақстан Республикасы Президенті XXI ғасыр деңгейіне сәйкес келетін білім беруді, 
кәсіби даярлықты дамытуға бағытталған стратегиялық тұжырымдамасының негізінде 
Қазақстан Азия елдері ішінде білім дамуы индексі бойынша 1 - орынға қол жеткізді. Білім 
мен ғылым және оның интеллектуалдық әлеуеті қоғамның жемісті дамуының кепілі, 
мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін, ұлттың келешегін айқындайды. Білім – экономикалық 
және әлеуметтік тұрғыдан маңызды, білім болашаққа салынған сенімді инвестиция көзі. 
Кез-келген елдің қарқынды дамуы тек табиғи байлық көздерімен ғана емес, азаматтардың 
сауаттылығына да тікелей байланысты. Осыған орай, Елбасымыздың аталған саланы 
дамытуға барынша атсалысуы бүгінгі күні өз жемісін берді: еліміз интеллектуалды әлеуеті 
дамыған, білімді әрі көзқарасы кең, дана әлеуеті бар мемлекетке айналды. Елбасымыз 
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 
қадам» атты мақаласын жариялады. Онда Нұрсұлтан Әбішұлы біздің жүзеге асырылмаған 
резервтерімізбен мүмкіндіктеріміз неде және әлеуметтік саясат орнықты, жасампаз болуы 
үшін тағы не істеу керек деген сұрақтар көтеріп, оған 20 бағытта стратегиялық мәнде 
жауап болатын жолдарды көрсетіп берді. Оның негізіне еңбек адамының беделін көтеруге 
бағытталған Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы алынған. Мақалада, Қазақстанның 
әлеуметтік жаңғыртылуының өзекті арқауында жаңа өндірістер, білім беру мен ғылымның 
жаңа жүйелері, орта тапты дамыту, әлеуметтік кепілдемелерді кеңейту – 
қазақстандықтардың санасында үлкен өзгерістер қалыптастырылуы тиіс деген идея 
жатыр. «Бүкіл қоғамымыздың әлеуметтік жаңғыртылуының іргетасы мектептен басталуы 
тиіс», - деп белгілеп берген стратегиялық бағытын Қазақстан халқы ерекше ризашылдық 
сезімімен қабылдады. Мақалада: «Бүгінде қоғамда жалпы білім беретін мектептердегі 
тәрбие үдерістерін аса ерте кезеңнен бастау керектігін, атап айтқанда, мемлекет шетсіз-
шексіз донор емес, азаматтардың әл – ауқатының өсуі үшін жағдай туғызатын серіктес 
деген ұғымды қалыптастыру маңызды» деп көрсетілген. 
Қорытындылай келе, XXI ғасырда жеке тұлғаның, болашақ маманның, ұлттың 
интеллектуалды дамуы - заман талабы. Интеллектуалды әлеуеттің қалыптасуы жеке 
адамның ой-өріcін дамытады, қоршаған ортаға, саяси оқиғаларға деген көз-қарасын 
қалыптастырады, жүйелейді. Болашақ мамандардың зияткерлік әлеуетін дамыту бүгінгі 
күннің өзекті мәселесі болып отыр. Ал «Интеллектуалды ұлт-2020» секілді бағдарламалар 
жаңа инновациялық технологиялар зияткерлену процесін үдете түседі деген ойдамын. 
Әдебиет 
1.
Назарбаев Н.Ә. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 
2.
Егемен Қазақстан, 2010 жыл
3.
 
http://www.akorda.kz
  


386 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет