Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет187/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Көшенова Т. Абайдың өлең жүйесін дамыту дәстүрлерінің ХХ ғасырдың 
басында жалғасуы. Автореф. канд. дис.
2.
Байділдаев М. Ақындар творчествосы, Алматы, 1959, 69 б. 
3.
Ізтілеуов Т. Таңдамалы шығармалар жинағы, Құрастырып баспаға дайындаған 
Байділдаев М. Алматы: Жазушы, 1972, 263 б.
4.
Құнанбаев А. Қалың елім қазағым, Алматы: Жалын, 1995, 384 б.
5.
Тебегенов Т. Базар жырларының сырлары. // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1994, №4.
6. Мырзахметұлы М. Абай және Шығыс., Алматы, 1994. 


402 
 
МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ 
КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРЫ 
 
Светланова Ш.М., Жұмалиева Г.С. 
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» 
Қазіргі заман талабында пациенттің сапалы өмірін қамтамасыз ету өзекті мәселенің 
бірі болып табылады. Бұл, өз алдына, халықты сапалы медициналық көмек көрсетумен 
қанағаттандыруды бірінші орынға шығарады. Коммуникативтік дағдылар, яғни 
адамдармен қарым-қатынас орната білу, олармен тіл табысу, оларды өзіне бейімдеу 
медициналық қызметкерлерге аса қажет. Бұл шеберлік өмірлік және кәсіптік табыстың 
негізінде жатыр. 
Дәрігерлердің коммуникативті дағдыларды қолдануы олардың кәсіби қызметіне оң 
ықпалын тигізеді. Бұл науқас жағдайын толық және нақты дәрігерлік бағалауда білінеді. 
Сапалы медициналық көмек көрсету аясында науқастың қанағаттанушылығы өседі. Олар 
толық мәнінде бар проблемаларды ұғынады, тексерілудің керектігін, емдік және 
диагностикалық шаралардың мән-мағанасын түсінеді. Дамыған коммуникативті 
дағдылары бар дәрігерлердің жетекшілігіндегі пациенттер көп жағдайда терапияға 
берілген болып келеді және өзінің мінез-құлығын өзгерту жөніндегі кеңестерге сүйенеді, 
сонымен қатар, өздерінің ауруын алып жүруге саналы және белсенді түрде қатысады. 
Оларда ауруы себепші болатын үрейге және депрессияға әуестіктері азаяды. Сонымен 
қатар, коммуникативті дағдыларды қолдану дәрігерлердің де өмірін жақсартады, кәсіби 
стрессті сезінушілігін төмендетеді, кәсіби «күйіп кетуді» азайтады және кәсіби өзін-өзі 
сыйлаушылықты жоғарлатады
[1, 6 –8 б.].
Медициналық профессионалды біліктілік туралы айтатын болсақ бұл ең алдымен 
базистік медициналық дағдыдыны көрсетеді. Ол моральдық, этикалық және де ғылыми 
білімді медицина қызметкерінің жіті пайдалануы болып табылады

Коммуникативтік 
дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, 
науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б) тиісті дәрежеде 
қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен 
нәтижесін арттыру. Оған адамдармен тез әрі оңай тіл табысу, әңгімені қолдау, қосылу, 
конфликттерден шыға білу осыларды жатқызамыз. Қарапайым тілмен айтқанда қарым-
қатынас орнату қағидасы дегенді білдіреді. Комуникативті дағды дәрігер үшін 
пациенттермен жақсы қарым-қатынас орнату үшін пайдаланылады. Қазіргі таңда 
коммуникативті дағды үздіксіз медициналық білім берудің негізгі кілті екенін көрсетіліп 
отыр. Біз болашақ дәрігер тақырыпқа байланысты ақпараттарды өзімнің оқып жатқан 
медициналық университетімнің оқу процесінде өтілетін психология, биоэтика пәндерін 
оқу барысында дәрігерлердің коммуникативті дағдыларын меңгеріп, болашақта оны 
тәжірибемізде пайдалануды үйренудеміз.
Осыған байланысты биоэтика пәні бойынша коммуникативті дағдының негізін құрайтын 
4 принципін көрсетемін: 
1) Зиян келтірме 
2) Жақсылық жаса 
3) Тұлғаны құрметтеу 
4) Әділдік принципі 
Болашақта пациенттермен қарым-қатынаста биоэтика пәнінен алған біліміміздің 
ішінен 4 принципті қолданамыз. Биоэтиканың бірінші принціпіне келетін болсақ бұл зиян 
келтірме принципі -дәрігер тарапынан болатын байқаусызда жасалған қателіктер немесе 


403 
шұғыл көмек керек болған кезде көмек бермеу,пациентке моральдық зиян келтіру,тіпті 
пациенке дөрекі сөйлеу немесе оған диагнозын дұрыс түсіндірмей айтуының өзі де 
осындай қатерге әкеледі.Сондықтан басты кезекте дәрігердің психолог бола алуы да тиіс. 
М.М Пришвиннің мына бір сөзі секілді «Дәрігердің барлық жақсылығы бұл пациенке 
деген көңіл бөлуінен.Ал жазушылар осындай күшпен табиғатты жандандырса, дәрігерлер 
пациенттерді аяғынан тұрғызады» демекші барлығы көңіл бөлуімен дұрыс қарым-
қатынастан басталады. 
Екінші кезекте жақсылық жаса принципі . Бұл пациенттердің өмірін сақтап қалу үшін 
және ауруын жеңілдету үшін атқарылатын жұмыстар. Қандай болмасын пациенттің 
денсаулығын сақтау үшін бар жан тәнін салу.Сонымен қатар, «Қос эффект» делемасы 
моральдық қақтығыстың ерекше түрі іс-әрекеттің орындалуы жақсы және жаман салдар 
тудырған кезде туындайды. Жақсы нәтижеге сүйене отырып, біздің міндетіміз іс-әрекетті 
орындау болып саналады. Үшінші кезекте бұл тұлғаны құрметтеу принципі. Бұл принцип 
пациенттің еркіндігі болып табылады. Емдеу мекемесін немесе емдеуші дәрігерді таңдау, 
емдеуден бас тарту немесе келісу яғни пациенттің автономиялық әрекеттерін құрметтеу. 
Пациент автономиялық әрекеттерді жасай алады егерде: пациент білікті, ақпараттанған 
және де барлық іс-әрекеттерді өз еркімен жасаса. Осы әрекеттердің барлығы пациентпен 
дәрігердің арасындағы диалогтан байқалады. Төртінші кезекте дәрігер-пациенттің қарым-
қатынасы деңгейіндегі әділеттілік қағидаты пациентке оның жынысына, жасына, нәсілдік 
және ұлттық шығу тегіне, әлеуметтік және материалдық жағдайына, саяси сенімі мен 
дініне, денсаулық сақтау жүйесінің деңгейіндегі дәрігердің жеке қалауына қарамастан, 
барлық деңгейлердің бірдей қол жетімділігіне және барлық адамдарға бірдей қол 
жетімділікті қамтамасыз етуді қамтиды. Халық топтарына биомедициналық қызметтер 
мен жеңілдіктер, фармакологиялық агенттердің қол жетімділігі, халықтың осал топтарын 
қорғау. Әділеттілік принципін іске асырудағы типтік сұрақтар: алдымен қай науқасты 
емдеу керек? Транспланттау органдарын, қымбат жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді, кейде 
«қарапайым» медициналық көмек алудың басымдығын қалай анықтауға болады? 
Медициналық көмектің «минимумы» дегеніміз не, әр адам алуға құқылы?деген сұрақтар 
дәрігерде туындайды. Осыны яғни әділетті түрде щешуін айтамыз. 
Міне, осындай жай қағидалар арқылы болашақ дәрігерлеге білім беріледі.Осындай 
қағидаларды түсіну үшін түрлі жағдаяттық есептерді шешу немесе рольдік ойындарды 
сомдау арқылы болашақ дәрігерлер коммуникативті дағдысын дамыта түседі. Осы 
принциптерден бөлек биоэтика медициналық қызметкерлердің қарым-қатынас этикасын 
қарастырады. Қарым-қатынас этикасына келетін болсақ дәрігер мен пациенттің немесе 
дәрігердің әріптестерімен қарым-қатынасын қамтиды. Осыларға жататындар: пациентке 
өзін-өзі таныстыра білуі, мұқият тыңдау, ашық және жабық сұрақтар қоя білу, көз арқылы 
контактіге түсу т.б. 
Болашақ дәрігерге коммуникативті білім беру үшін ол пациентке деген эмпатия 
және оған деген мейрімділік көрсету. Ең алдымен ол өзін өзі пациентке таныстыра білу, 
өзіне деген сенімділікпен өзінің біліктілігін көрсете білу. Одан кейінгі кезекте пациентпен 
дәрігер арасында вербальді емес қарым-қатынастың пайда болуы. Яғни көз арқылы немесе 
жест пен мимика арқылы тілдесу. Пациентке дұрыс сұрақ қоя білу, анамнезді дұрыс 
жинау үшін және диагнозды алдын ала табу үшін септігін тигізеді. Ол үшін пациентті 
өзіне сендіре білу керек және де пациентті сөзге тарта білудің өзі де коммуникативті 
дағдыны керек етеді. Одан бөлек коммуникативті дағды тек қана пациентпен тілдесу ғана 
емес, оның туысқандармен де қарым-қатынасқа түсу және конфликтті оқиғаларға тап 
болған кезде компрамиске келудің өзі дәрігердің біліктілігін көрсетеді. Пациенттің 
жағдайына ене білу оған психологиялық тұрғыдан қолдау, емдеуден бөлек моральдық 
тұрғыдан емдеу деп те қарастырады.
Барлық жоғарыда айтылған нәрселердің түйініне келетін болсақ, біздің 
медииналық университетімізде оқып жақтан биоэтика пәнінен алған білімдеріміз практида 
маңызы зор. Жоғарыда айтылып жатқан коммуникативті дағды сонымен қоса моральдық 


404 
этикалық проблемалардың және де олардың шешілу жолдары туралы осындай моральдық 
этикалық негізге сүйенген пәндерден білім алудамыз. Тек қана ғылыми сабақтарды оқуға 
ғана емес, шығармашылық адами қасиеттерге үйреттетін пәндерді оқу болашақ дәрігердің 
карьерасында маңызды роль атқарады. Ал коммуникативті дағды ол мықты боламын 
деген әрбір болашақ дәрігердің игеруі тиіс дағдының бірі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет