Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет188/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
Әдебиеттер тізімі:
 
1.
А.Асимов., С.А.Нұрмағамбетова., Ю.В.Игнатьев «Коммуникативті дағдылар». 
Алматы «ЭВЕРО» 2010 ж. 
2.
https://www.psychologos.ru/articles/view/kommunikativnye-navyki
 (1бет) 
3.
А.Асимова ., А.С.Сагадиев. Биоэтика 2017ж.
4.
https://pdfs.semanticscholar.org/cb5c/580560ca7dd467913f3cb4df1d42d26edfff.pdf
 
(4бет) 
СЫР СҮЛЕЙЛЕРІНІҢ САРЫ ЖОЛЫН ҚАСИЕТТЕГЕН АҒАШ ШЕБЕРЛЕРІ 
 СЕЙДІЛДА Ә., ҚАСЕНОВА Қ.Б.
Қорқыт Ата Атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті 
Қызылордалықтар - Сырдариядай ұлы өзен бойын мекен еткен бабаларымыздың, 
тіршілігімізге жан да, нәр де берген шапағатты Сыр-Ананың арада емген ұрпағымыз. 
Бүкіл Орталық Азияның маңдайындағы інжу - маржандай алып су айдыны - Арал аймалап 
өсірген ұрпақпыз. Оңтүстік-шығысымыздағы барша тарихтың тілсіз куәсі Қаратауымыз 
кемеңгерліктің белгісіндей, арқа сүйер айбар-айбатымыздай. Ал, күллі жер-жаһан 
мойындап, қадір тұтқан қос әулие, қос заңғар Қожа Ахмет Йассауи мен Қорқыт 
бабалардың аруақтары түстігіміз бен теріскейімізде елімізді қанатының астына алып, 
желеп-жебеп тұрғандай. Арқалы таланттардың қайнар көзі іспетті осынау құтты да 
құдіретті топырақ арғы-бергі дәуірлерде ғылым, өнер, әдебиет пен мәдениетте небір 
тамаша тарландарын дүниеге келтіріп отыр. 
Қазақ халқының мәдениеті мен тарихында біздің киелі Сыр өңірінің алар орны 
айрықша зор, оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы халықтың тіршілігі, салт-дәстүрі, 
өнері туралы шежіре - сырға тұнып тұр. 
 
Өкінішке орай бүгінгі біздер өткен замандардың шебер ұсталарын көргеніміз жоқ. 
Көпшілігінің есімдері жылнамаға жазылмағандықтан ұмытылған. Еңбектері ескерусіз қала 
берген. Көрік басып темір соғатын ұсталар, ағаштан ою өрнектейтін шеберлер қазақтың әр 
ауылында болған. Тұрмыс мәдениетін гүлдендіріп, өнер тарихын жұрттың жадына жазып 
кеткен де солар.
Ал қазір олардың әрі қарапайым, әрі сиқырлы, әлі берік жәдігерлерін бүгінде 
мұражайлардан көруге болады. Темірден, көбіне ағаштан мінсіз, шегесіз жасалған XYIII-
XIX ғасырлардың шедеврлерін көрерге көз керек.
Бәрімізге белгілі, халық өнері ешкімге еншіленбейді деген жазылмаған заң сияқты 
бір қағида бар. Солай десек те, өнерді жасайтын әуелі жеке тұлғалар ғой, сонан кейін ғана 


405 
халық - мемлекет меншігіне айналады. Ұлтымыздың бет бейнесін, болмысын жоғалтып, 
салт-дәстүрін шұбарлап аздырып алмау үшін тынбай күресуге тура келіп тұр. Міне, осы 
ыңғайда халқымыздың ұлттық бейнесін аман сақтап қалатын амалдың бірі - қазақтың 
ұлттық қолданбалы көркем өнерінің дәстүрін барынша кең ауқымда жалғастыру. Кешегі 
және бүгінгі ағаш шеберлерінің библиографиясын толықтыру, олардың жинақтаған 
тәжірибесін, алтын қолдарынан шыққан туындыларын зерделеу, ғылыми жобаның негізгі 
көкейкесті проблемасына айналып түр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет