Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Ы. АЛТЫНСАРИН ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет29/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   267
Ы. АЛТЫНСАРИН ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ 
Серікқұл А.С., Анламасова Ы.Ж. 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Қазақ халқына жаны ашып, өз бауырындай көрген, көзі ашық, көкірегі ояу болып 
өмір сүруіне өз үлестерін барынша қосқан, қазақ ағартушылар философиясының 
өкілдерінің бірі – Ыбырай Алтынсарин. 
15-20 ғасыр аралығындағы ақын-жазушыларымыздың шығармалары жинақталған 
«Бес ғасыр жырлайды» еңбегінде Ыбырай туралы былай жазылған: ««Қазақ арасында 
мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізудегі Ыбырай Алтынсариннің еңбегі 
ұшан-теңіз. Сонымен қатар, көрнекті ағартушы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау ісіне 
де орасан зор үлес қосты. XIX ғасырда жаңа жазба әдебиетінің үлгісінде сюжетті өлеңді 
тұңғыш жаза бастаған ақындардың бірі – ЬІбырай Алтынсарин. Сондықтан да қазақ жазба 
әдебиеті тууы сөз бола қалғанда Ыбырай Алтынсариннің қадірлі есімі кемеңгер Абаймен 
қатар аталады. Жалғыз поэзия жанрында ғана емес, көркем прозаның қалыптасуына да ЬІ. 
Алтынсарин ат салысты». 
Жалпы, Ыбырай басқа да ақын-жазушылар секілді халықты білімді және тәрбиелі 
болуға, еңбекке ұмтылуға шақырды. Бірақ бір ерекшелігі болды, ол – бұрыннан 
қайталанып келе жатқан жолды ұстанған жоқ, яғни кезінде жазылған өлең-шумақтары тек 
қазақтың отырықшы өмірінің аясында ғана болса, ағартушы орыстардың, басқа да 
ұлттардың тілін білуге, мәдениетімен танысуға, жаңашылдыққа бет бұруға жол ашты.
Тіпті, орыс профессоры Н.И.Ильминскиймен де ағартушылық қызметте істес 
болды. Екеуінің арасындағы байланыс дипломатиялық қатынас ретінде болды, яғни өз 
мүдделері үшін қолдарынан келгенін аянбады. Ильминский өзін ағартушы ретінде 
көрсетті, бірақ ол ұсақ ұлттар арасында білім беруші кейпін танытып, христиан дінін 
насихаттады. Бұл істі құп көрген Патша үкіметі оның қолына бар билікті ұсынды. Осы 
жағдайды пайдаланып, халқымыз үшін Алтынсарин еліне көп көмегін тигізді..
Ағартушының шығармалары балалардың жас ерекшеліктеріне сай жазылды, тілі 
жеңіл, түсінікті, қызықты және тәрбиелік мәндері өте зор болды.
Оның Ильминскийге жазған бір хатында былай дейді: «Қазақ балаларына, меніңше, 
мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер, немесе, оларды 
қызықтыратын, мысалы, жібек құртының, көбелектердің өзгерулері сияқты әңгімелер 
тәуірірек болады. Өлең жағын мен мүмкін болғанынша қазақ өлеңдерінің арасынан 
іріктеп аламын. Екінші кітабымда мен балаларға қызықты етіп, табиғат құбылыстары, 
табиғат күштері туралы, тарих және географиялық-ғылыми әңгімелер келтірмекпін». 
Балаларды әдеп пен әділдікке, қанағатшылдық пен жомарттыққа, сақилық пен тазалыққа, 
ізеттілік пен бауырмалдыққа шақыратын әңгімелері көп. Олардың ішінде жан-жануарлар 
тіршілігінен алып жазылғандары да бар: «Түлкі мен ешкі», «Қарға мен құрт», «Сауысқан 
мен қарға». Ағартушының балалар табиғатына жақын, қазақ өмірінен алып жазған 
шығармалары да тәлім-тағылымға толы 
Алтынсарин жастарға «ұрлықпен, әділетсіздікпен өмір сүргеннен гөрі, шындықпен 
өлген артық, еңбек ет те тамақ тап, еңбексіз еш адамға телмірме»- дейді. Бұл сөздерден 
кейін оның адалдық, адамгершілік қасиеттерді қаншалықты жоғары дәрежеде бағалағанын 
байқай аламыз. Философтың қысқа әңгімелері жақсылық пен ізгілікке, кішіпейілдік пен 
бауырмалдыққа, зейінділік пен білімге шақырады.
«Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңі жаңа сипатты шығарма. Ыбырай мұнда қазақ 
балалары түгіл, үлкендердің ойында жоқ техника мен құрал-жабдықтарының іс-әрекет, 
қозғалысы мен адамға көрсетер қызметін суреттейді. Шынында, құлақ естіп, көз көрмеген 
пароход, радио, телеграф, телефон, т. б. секілді техника құрал-жабдықтарының қызмет-
көмегі жас балалар үшін тек қиялдағы дүние секілді
«Өнер-білім бар жұрттар


58 
Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды,
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге 
Күн жарымда барғызды,
Адамды құстай ұшырды, 
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді,
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді!..» деген өлең жолдарынан аңғаруға да болады.
Ол жастарды осы оқу-білімге, өнерге, тәрбиеге үндегенде, бос сөздерді қолданып, 
құрғақ насихатқа ұрынбайды, яғни өзінің амал-әдістерін қолдану арқылы адамның 
бойында қызығушылық, сол білімді қажет етушілік секілді сезімдерді оятады. Бұл тұста, 
ағартушы – ақын шешендік қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ол әр шумақ сайын: 
«Бір құдайға сыйынып, 
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық!» – деген жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу-білімнің 
пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білді. Осы өлеңінде тағы қарама-қарсы 
ұғымдарды қатар айтып, екеуін салыстырмалы түрде ара жігін ашып көрсетеді. Мысалы: 
«Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар!» – десе, надандықтың мән-жайын: 
«Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап» – деп түсіндірген.
Ағартушы халықтың қараңғылығынан туған ескі әдет ғұрып, салтының 
зияндыларын аша отырып халықты, жастарды ғылымға, мәдениетке шақырады. 
«Надандық» деген әңгімесінде ауру әйелді тірідей көміп, жер астында қалып айғайлаған 
дауысын ести тұрып көмек берудің орнына көшіп кеткен бір тайпаның әрекеті елдің жан 
түршігерлік қараңғылығын көрсетеді.. Ыбырай шығармаларында еңбекті сүю, әділетті 
жақтау, білімдіден үйрену, білімге талпыну, халық қамқоры болуға әрекеттену, адамды 
сыйлау, тәлім-тағылым, тәртіп мәселелері үгіттеледі. Ағартушы адам бойындағы 
жағымсыз қылықтардың зиянын, ұнамды қасиеттердің пайдасын үнемі мысал арқылы 
салыстырмалы түсіндіріп отырады. Сондықтан да оның әңгімелері де, мысалдары да 
халыққа түсінікті болып келеді. 
Ы. Алтынсарин халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын жетік білген ағартушы 
ретінде оларды сипаттайтын этнографиялық мәнде шығармалар жазды. 1870–1879 
жылдары жарық көрген бұл зерттеу мақалалар оның авторының халқымыздың салт-
дәстүрлері мен ырым-нанымдарың жетік білетін, сол ғұрыптардың ел өміріндегі орнын да 
толық түсінетін, оқымысты, білімдар адам екенін толық аңғартады.
Атап өтер жайт, ағартушымыздың тағы бір басты мақсаты – шала сауатты 
молдалардың ықпалынан дінді алып, қоспасыз күйінде оқытуды ойластыру. Яғни, 
«Кітапты», «Қазақ жастарының діни ұғымдар туралы жалған бағыт алуын мүмкіндігінше 
болдырмау үшін жаздым» – деуі осыған айғақ.
Сондай еңбектерінің бірі - «Шариат-Ислам» атты кітабы. Онда бірінші – діни 
дұғалар, екіншіден, әдет – ғұрыптар, үшіншіден, рақымшылық және кеселдер туралы және 
төртіншіден, намазда қолданылатын ең қажетті Құранның аяттары мен сүрелері 
ендірілгенін атап көрсетіледі. Алтынсарин аталмыш – кітабында, ең алдымен, Алла 
туралы ой толғайды: «...теңдесі жоқ, ұқсастығы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне 


59 
һәм кәмил жаратушы» екендігін дәлелдейді. Оған мұншама ғажайып, ойлап ақыл 
жетпейтін істер һәм зат мақұлықтар бір құдайдың «Бол» – деген жалғыз бұйрығымен 
болғандығынан мысал келтіреді. Көк аспан, күн, ай, жұлдыздар, мұхиттар, теңіздер, 
өзендер, жер, орман, ағаштар, неше алуан жануарлар, адамзат – Алланың бұйрығымен 
болған. 
Білім дегеніміз – өзімізді қоршаған шындықты танып-білу. Адамға сенім керек, 
құдай ұлы сенім деп түсінген ол құдайға сенді. Осы сенім оны – «Мұсылманшылықтың 
тұтқасы» атты ғылыми еңбегін жазуға алып келді. Онда Парыз, Уәжіп, Сүннет, Мустахаб, 
Мүбах, Макруһу істерін саралап береді. Дүниеге көзқарасында рационалистік бағытта 
болған ағартушы осы кітабында да ақылдың маңызын, рөлін алдымен айтады. Дін сабағы, 
алдымен жарық дүние ғаламаттарын біліп тануға көмектеседі деп түсіндіріледі. 
Айналадағы ғажап дүниені адам ақылмен танып, қажетіне жаратқан деген озық ойды дін 
оқуының да негізгі мақсатына айналдырған.
Ыбырай Алтынсарин шариғат заңдарын жас ұрпақты иманжүзді етіп тәрбиелеуге 
қолдануды уағыздайды. 
Тұңғыш педагог орыс халқының кең арналы білім бұлағынан сусындады, өзінің 
алған білімін туған халқына тарту етіп, қазақ елі үшін оқу – ағарту саласында игі еңбек 
сіңірді. Ол ағартушылық алғашқы қадамында – ақ қазақ халқының келешегі ұлы 
халқының өмірімен, оның мәдениетімен тығыз байланысты екенін ашып айтты. 
Ыбырай Алтынсарин орыс халық мәдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе, 
Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын творчествалық жолмен қабылдай 
отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы, жастарды тәрбиелеуші мұғалім 
болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген бағалы мұралар 
қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен әңгімелері де бар. Бірақ ол – ең 
алдымен ағартушы педагог. Ал ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына – сол 
ағартушы балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтар үшін жазған. 
Алтынсарин бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, 
оларға дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазып шығаруға, мектеп үшін жақсы 
ұстаз-мұғалімдер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-методикалық басшылық жасауға 
арнады. Өзінің ғылыми-публицистикалық, жазушылық шығармашылығын қазақ 
халқының өмірінде 19 ғ. өрістеген қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді барынша қамтып 
жазуға жұмсады. Сөйтіп, өзінің бар өмірін ағартушылық ісіне бағындырып, қазақ 
жастарын адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға шақырды, теріс 
пікірлерден, ескі әдет-ғұрып, соқыр сезімдерден, ұрлық, зомбылық, жатып ішер 
жалқаулық сияқты жаман қылық, жат мінездерден бойын аулақ ұстауға шақырды. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Нысанбаев Ә.Н., Ғабитов Т.Х - ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ, 
Алматы, 2015 ж 
2.
Нұрышева Г. – Философия, Алматы, 2006 ж 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет