Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ПЕДАГОГ ИМИДЖІ



Pdf көрінісі
бет28/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ПЕДАГОГ ИМИДЖІ 
 
Аманкелді Н. Ғ., Досполова Г.У 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Тірек сөздер: педагогикалық шеберлік, имидж, педагогикалық имидж, «Мен 
концепциясы», «идеалды» педагог. 
Қазақстан Республикасының болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті 50 
мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына 
тікелей байланысты. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық 
университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы – білім 
экономикасына» атты дәрісінде: «ұлттар тауарлармен және қызметтермен ғана 
бәсекелеспейді, олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйелерімен де 
бәсекелеседі», - дей келіп, «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа 
өлшемі пайда болды: салмақ жаhандық экономикалық жаңа сапаға – «білім 
экономикасына» өтуіне түсіріледі», - деген болатын[1]. Олай болса, республика жоғары 
оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған, саяси сауатты, терең теориялық біліммен 
қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындау міндеті 
тұр. 
Қазіргі қоғамға сай жеке тұлғаны қалыптастыру міндетінің күрделілігі мен әр 
қырлылығы педагогикалық шеберліктің мәселелерін, қазіргі тәрбие теориясы мен 
практикасы үшін ерекше өзекті етеді. Себебі, ресей және қазақ педагогикасының 
классиктері, болашақ мұғалімдерді оқытуда педагогикалық шеберлікті қалыптастыру 
мәселелерінің маңыздылығын барлық уақытта естен шығармады. Ол бүгінгі күннің де 
өзекті мәселесі болып, күн тәртібінен түскен жоқ, ал маңыздылығы қайта бұрынғыдан да 
арта түспесе кеміген жоқ. Сондай-ақ, тәжірибелі педагогтың ықпалынсыз тұлғаның 
рухани дүниесін өзгерту мүмкін емес, себебі ол оқушының сенімі мен қажеттілігін, 


53 
қабілеті мен практикалық дағдыларын қалыптастырады. Білім беру саласына шебер – 
педагог өте қажет. Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі 
жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде 
«шеберлік белгілі бір саладағы өнер» деп анықтама берілген. Ал шебер өз ісінде жоғары 
нәтижеге қол жеткізген маман делінген[2]. Педагогикалық шеберлікті адамның 
педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде 
қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік жеке тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар 
екенін ескеру қажет. Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке 
қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде қызметінен көре аламыз ба? 
Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, 
ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. 
Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның 
– педагогтың өмірге көзқарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ. 
В.А.Сластениннің педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю.П.Азаровтың 
пікіріне жақын, ол педагогтік шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара 
байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттермен шектелмеуі керек, 
адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік процестің жоғары тиімділігін 
анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады. И.П.Адриади 
педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани-әдеп және интеллектуалдық дайындығы, 
қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті 
деп қарастырады және де теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, 
дағдының болуы маңызды деп атап көрсетеді. В.А.Мижериков және М.И.Ермоленко 
педагогикалық шеберлік педагогтік қызметтің дамуының биік сатысын жасай отырып
педагогтің педагогикалық технологияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын, 
тәжірибесін, бүтіндей тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні 
жоғары нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге 
асқан қызметтің деңгейімен анықталады. В.П.Куравлеваның анықтамасында педагогтік 
шеберлік «... теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары 
ақпараттық 
дәрежеде 
байланыстыратын 
педагогикалық 
іс-тәжірибелер 
мен 
операциялардың тұрақты жүйесі» делінген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор 
теориялық білім мен жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп біртұтас болуы 
шығармашылықпен бекітіледі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері 
оқытушының ісінде, оқу-тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін 
жауапкершілікпен орындау кезінде көрінеді. А.А.Сидоров, М.В.Прохорова және Б.Д. 
Синюхин педагогтік шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді 
және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде 
педагогтің жеке басының қасиеттерімен қоса оның психологиялық-педагогикалық 
ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері 
деп анықтайды[3].
Қазіргі заман педагогының кәсіби іс-әрекетінің табысты болуы көбінесе 
педагогикалық шеберлікке, педагогикалық имиджге байланысты. Болашақта білім беру 
саласында қызмет атқаратын педагог маман қандай болуы керек екенін түсіну үшін 
бүгінгі күні осы салада қоғамымыздың болашағы болатын жас ұрпақтарды оқытып, 
тәрбиелеп жүрген «педагог бейнесін», «болашақ педагог маман бейнесін» қайта 
қарауымыз қажет.


54 
Имидж – ағылшын тілінің «image» сөзінен аударғанда «образ-бейне», «кейіп», 
«түр» деген мағыналарын беретін адамның санасы мен ойында қалып қоятын нұсқа, кейіп 
туралы саналы ұғым[4]. Имидж түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және 
ғылыми талдаудың пәні болып, имиджелогия деген қолданбалы ғылым саласы да пайда 
болды. Имидж қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық аспектілеріне арналған 
шетел 
ғалымдары 
В.М.Шепель, 
Г.Г.Почепцов, 
И.Криксунова, 
Е.И.Фадеева, 
Е.Б.Перелыгина, Ф.А.Кузин, А.Ю.Панасюк, Ю.С.Гуревич, И.А.Федоров, Л.К.Аверченко, 
С.П.Исенко, В.Н.Черепанова, С.Д.Якушева, О.П.Березкина, С.М.Кобачевская және 
отандық ғалымдар А.А.Калюжный, Г.К.Кусаметова, Ю.А.Сапарова, Ш.Тұрдалиевалардың 
еңбектері жарық көрді[5-6]. Имидждің теоретиктері тұлғаның жекелей жаратылысты 
қасиеттерін ғана емес, сондай-ақ, арнайы тағайындала отырып қолданылатын қасиеттерін 
де қарастырады.
Имидж адамның сыртқы пішіні мен ішкі саналы дүниесімен тікелей байланысты. 
Имидж кез-келген адамның «Мен» сөзін жариялы түрде қабылдауын міндетті, қажетті 
етеді. Сонымен қатар қабылдау жекелей тұлғалық ерекшеліктер призмасы арқылы да 
жүреді. Өзге тұлғалық ерекшеліктерді қабылдаудағы адамның мүмкіншіліктері эмоция 
мен сезімталдыққа негізделген. Имиджді алғашқы қабылдау ішкі тартымдылық 
қызығушылықпен ерекшеленеді. Бұл сұлулықтың адамға әсері. Имиджді екінші сатылы 
қабылдауда тартымды тұлға болу үшін әсем сыртқы көрініс толық жеткілікті емес. 
Сыртқы көрініс имидждің қалыптасуында үлкен роль атқарады, алайда шешуші емес. 
Тарихи тұлғалардың сыртқы көріністері әрқашанда әсем, сұлу болған емес, алайда 
олардың тартымдылығы мен танымалдылықтарына қазіргі заманғы саяси және мәдени 
қайраткерлер қызығушылықпен қарайды. Имиджді құрудың басты принципі адамның 
санасына ғана емес, сонымен қатар, ішкі сана-сезіміне әсер ету, тұлғаның ішкі сапалық 
ерекшеліктерін тани, оқи білу.
Қазіргі Қазақстандық қоғам нарыққа бағдарланған. Нарық ол тек басқа экономика 
ғана емес, әрі басқа идеология, басқа құндылықтар, «әлеуметтік мінездер», яғни басқа 
мәдениет, ол индивидуализм мен бәсекелесуші сипатқа ие. Бүгінгі күнгі экономиканың 
басты мақсаты адамға, оның біліміне бағытталған. Білімдер кеңістігінде де осы 
құндылықтарға сәйкес бағыттылық болуы керек. Нарықта ең жоғарғы қажеттілік 
шығармашылық, рухани даму, өзіндік маңызданудан басқасының барлығын сатып алуға 
болады. Әрине, бұл жерде адамның тікелей қоршаған ортасынан көп нәрсе байланысты 
болады, тіпті баланы дамытатын ортаны жасау, ол да нарықтық қатынастарға сәйкес 
төлемді қажет етеді. Нарық жағдайындағы білім берудің тағы бір негізгі міндеті – бәсекеге 
қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Қоғамдағы өзгерістер педагог мамандардың имиджіне де 
әсер етуде. Педагогтың мәртебесі мен беделі оның жеке имиджіне байланысты. 
Педагогтың кәсіби имиджі мінез-құлқын басқару мен реттеу инструменті болып саналады. 
Педагог имиджін қалыптастыруды зерттеу педагог жайлы жағымды пікір, жағымды 
репутация жасау сияқты әлеуметтік қажеттіліктерден туындайды. Педагогтың кәсіби 
имиджі деген не? Қазіргі жаңа Қазақстанға қандай мұғалімдер керек? «Идеалды» педагог 
имиджі қандай? Қазіргі жаңаша білім мазмұнына сәйкес педагог имиджі, имидж типтері, 
сыртқы бет-бейне секілді мәселелер зерттеу объектісі болуы керек. Имиджелогияда 
педагогтың эстетикалық және өнегелілік құндылықтары, нарықтың мінез-құлық мәселесі 
туындайды. Жаңа заман талаптарына сай педагогтың жаңаша ойлауы, креативті болуы, 
шет тілін, компьютер мен информатизацияны игеруі, интеллектуалды потенциалды үнемі 
көтеруі, бәсекеге қабілетті маман болуы ең басты талаптар болып отыр. Жаңаша 


55 
педагогтың өзінің педагогикалық іс-әрекетін өзіндік презентациялай алуы, педагог имиджі 
мен тұлғалық дамудың өзара байланысы үнемі қажет болады. Қоғамдағы тұлғалық қарым-
қатынастылық саласында педагог тартымдылықты сезімге ие болуы үшін ерекше сипатты 
имиджді, келбетті құра білуі тиіс. Педагогтың жағымды имиджі баланың тұлғалық 
дамуына әсер етеді.
Қазіргі жаңа заман жастары педагог мамандығын көп таңдай бермейді. Педагог 
мамандығының құзіреті біршама төмендеп кеткен. Осыған орай педагогикалық 
мамандықтарда білім алып жүрген болашақ педагог мамандардың имиджін қалыптастыру, 
мәртебесін көтеру деген зерттеулерді ғылыми негіздеу мәселесі туындап отыр. 
Педагогикалық мамандықтарды дайындауда инновациялық педагогикалық қозғалыстың 
бастамасы өз орынын мәнді көрсетеді. Инновациялық педагогикалық қозғалыс, ол ең 
алдымен педагогикалық бағыттағы мамандардың бәсекеге қабілетті болуын қамтиды
педагогикалық мамандықтардың қоғамдық имиджін көтереді, динамикалық өсу деңгейін 
белгілейді. Инновациялық педагогикалық іс-әрекет, ол ең алдымен жаңа деңгейдегі 
сапалы білімдер, білім мен ғылымның, ғылым мен өндірістің интеграциясы, жаңа 
тұрпаттағы педагог болу, яғни, білімді, ғылымды, өндірісті тұтастай жүйелендіре білген 
бәсекеге қабілетті, мәртебесі, имиджі құрметке айналған маманға айналу. 
Педагог имиджі субьектінің символикалық бейнесі, педагогтың педагогикалық іс-
әрекетке қатысушылармен өзара әрекет барысында жасалады. Педагогтың имиджі мінез-
құлық тәсілі және өзін бағалау тәсілі болып табылатын «Мен концепциясын» 
қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Ал ол өз кезегінде педагогтың кәсіби іс-әрекетінің 
нәтижелілігіне әсер етеді. Педагогикалық іс-әрекет – ол интенсивтілігі бітпейтін үздіксіз 
тұлғалық және кәсіби даму. Педагогикалық имиджді сәтті қалыптастырудың маңызды 
шарты тек өз ісіне жауапкершілік қана емес, әрі педагогикалық жұмыстағы ішкі 
бостандық.
Әрбір педагог білім алушының тұлғасын тану мен сыйлау үшін өз еңбегінің 
мәнділігін ұғынуы керек, өзіне және еңбегіне деген құрметті көруі керек, тұлғалық өсу, 
өзіндік 
даму, 
тұлғаға 
бағдарлану, 
педагогтың 
да, 
білім 
алушының 
да 
индивидуалдылығына екпін жасауы, міне осының барлығы білім беру саласының 
гуманистік бағытын белгілейді. Жоғарғы сана-сезімдер, адекватты өзіндік бағалау, үнемі 
ізденісте болу, оң мотивация, орнықты эмоция, әлеуметтік байланыстарға жағымды 
қатынас, яғни тұлға бола білуге қабілетті болу бүгінгі педагогтың имиджін 
қалыптастырудағы негізгі компоненттерді құрайды.
Бүгінгі күн талаптарынан туындаған имиджелогия мамандары білім беру 
мекемелеріне де керек. Педагог имиджін тек қалыптастырып қана қоймай, әрбір 
педагогтың имиджін қалыптастыратын әдістемелер мен зерттеулер жасап, педагогикалық 
имиджді әлеуметтік психологиялық құбылыс ретінде қарастыру керек. 
Білім беру қызметінің нарығында педагогикалық мамандықтардың имиджін 
қалыптастыру өте тиімді жағдайлардың бірі. Имиджді қалыптастыруда педагогикалық 
жоғары оқу орындарының, колледждердің ішкі коммуникациясы, ең алдымен білім 
алушыларға деген қарым-қатынас, олардың оқу мотивацияларын жоғарылату, 
педагогикалық процесті басқарудағы демократиялық бағыт, бәсекеге қабілеттілік, 
жоғарғы оқу орындары, колледждер арасындағы жоғарғы рейтинг басты орын алады. 
Педагогикалық жоғарғы оқу орындары ашық әлеуметтік жүйе, көптеген әлеуметтік 
институттармен өзара әрекетке түседі, педагогикалық мамандықтар мен педагог имиджін 
көтеру мәселелерін зерттеуді талап етеді.


56 
Педагог мамандарды дайындау болашақ педагогтардың білімі мен құзыреттілігіне 
ықпал ететін жаңартылған білім мазмұнын енгізуді талап етеді. Педагог мәртебесін 
көтеруде ерекше, маңызды рөлге ие болатын бұл – педагогикалық имидж. Педагогикалық 
имидж білім беру қызметіне жаңа потенциал қалыптастыратын әлеуметтік-ақпараттық, 
тәрбиелік, кәсібилік функцияларын атқарады. Имидж қалыптастыру дегеніміз – 
адамдардың ойында аудиторияны психологиялық тұрғыдан тарту мақсатына жетуге 
бағытталған белгілі бір адам туралы саналы және бейсана түрде бағаланатын бейне 
қалыптастыру. Имидж қалыптастыру үшін А.А.Калюжный, біріншіден, арнаулы курстар 
жүргізу керектігін және сол арнаулы курстардың мазмұны игерілгеннен кейін, екіншіден, 
қажет диагностикалар жүргізіп, имидж қалыптастырушы психотехникаларды игертуді 
көрсетеді. Сондықтан болашақ мамандардың педагогикалық имиджін қалыптастыру үшін 
«Педагогикалық имидж шеберханасын» құруды ұсынамыз. Шеберхана үш бағытта жұмыс 
жасай алады: визуалды-эстетикалық имиджелогия, оқытуға арналған тренингтік зал және 
ақпараттық имиджелогия. Визуалды-эстетикалық бағытта педагогтың индивидуалды стилі 
мен визуалды бейнесін жасауға кеңес беру жұмыстары ұсынылады. Мұнда педагогтың 
сыртқы келбетін, киім кию стилін, пластикасын және т.б. таңдауға кеңестер, ұсынылады. 
Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі ретінде нақты оқытушының индивидуалды 
бейнесі қалыптасуы мүмкін. Тренингтік залда коммуникативті механика, сөйлеу этикеті, 
шешендік өнер, фейсбилдинг, физиогномика, кинесика негіздерін оқытудың түрлі 
әдістемелері, технологиялары мен әдістерін; күйзеліске қарсы тұру, релаксацияның білік, 
дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастырады. Мұнда алдымен болашақ педагог 
мамандардың коммуникация, артистизм, креативтілік шеберлігіне бағалау жүргізіліп, 
соңынан педагог тұрғысында жеке дамуы мен өсу стратегиясы анықталады. Әрі қарай 
тренинг, іскерлік ойындар түрінде оқыту жүргізіледі. Тренингтік залдағы дәрістер 
нәтижесінде педагог, оқытушы ретінде өзіндік индивидуалды стиль мәнері, өзін өзі 
презентациялау мен өзіндік бақылау қабілеттері қалыптасады. Ақпараттық имиджелогия 
бағытында болашақ педагогтың ақпараттық мәдениет, педагог имиджі туралы ақпараттың 
ауқымында мақсат айқындалуы мүмкін. Аталған бағыттағы жұмыстың нәтиежесінде 
педагог тұлғасын қалыптастыруға арналған ұсыныстар, педагог жетістіктері жайлы 
мәлімет беретін сайт ашылады, педагогикалық имидж қалыптастырудың құралдары мен 
тәсілдері туралы баяндайтын электронды газет шығуы да әбден мүмкін. 
Қорытындылай келе, педагог имиджін қалыптастыру – өмір талабы. Рухани 
мәдениеті биік, кәсіби іскерлігі, қабілеті мен ақыл-парасаты жоғары, жан-жақты жетілген 
бәсекеге қабілетті педагог мамандарды дайындау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
1. Н.Ә.Назарбаев. «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы – білім 
экономикасына». // Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқыған дәрісі. 
– Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр. 
2. С.И.Ожегов. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. 1990ж. 
3. Ж.А.Жүсіпова. Педагогикалық шеберлік. А., 2011ж. 
4. А.А.Калюжный. Формирование имиджа учителя. – М., Владос, 2005. -177 б. 
5. Калюжный А.А. Педагогическая имиджелогия: учебное пособие для вузов. – 
Алматы: Ғылым, 2004. – 199б. 
6. Кусаметова Г.К. Педагогические особенности формирования имиджа 
преподавателя в вузе: автореферат. – Атырау, 2010. – 25б.


57 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет